Оқыту нәтижелері: | Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, аниамцияларды дұрыс жасау шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету; Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуының басымдықтарын айқындау. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
3. Білімді жан-жақты тексеру: А) Оқушылардың білімін тексеру | 3. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру: А) “Microsoft РowerPoint” бағдарламасы Берілген уақыт-3 минут Топ мүшелері: суретшілер, баяндаушылар, құрастырушылар болып бөлініңіздер. І- орналасу жері, мүмкіншіліктерін көрсету ІІ- мәзір қатарының қызметтерін көрсету ІІІ- ұсыныстар, шартарын көрсету. . |
5. Жаңа сабақты түсіндіру: А) Оқушыларға жаңа сабақтың материалдарын меңгерту. | Жаңа сабақ Презентация екі түрлі мағына береді. Жалпы жағдайда презентация - идеяларды, мамандарды, адамдарды, өндірілген өнімді, қызмет түрлерін ұсыну. Екінші жағынан алғанда презентация деп айырықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың айырықша мүмкіншіліктерімен екрекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және дистанциялық түрде өтеді. Слайд - тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі Microsoft Office дестесімен бірге қойылатын Microsoft РowerPoint программасы. РowerPoint құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез келген кезеңінен ұсынып, көрсетуге болады. Презентацияны дайындау үрдісі күрделі, өйткені бірқатар объективті және субъективті факторларды білу керек. Сонымен бірге әр презентацияға логика мен үлкен фантазия қажет. Ұсыныстар: Презентацияны алдын ала жоспарлау- оның мақсаты мен жалпы мазмұнын нақты білу керек; Презентацияның әрбір слайды мазмұнды әрі есте сақтайтындай болуы керек; Слайдта ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек; Импортталатын бейненің форматын таңдау кезінде көрсетілім құралының мүмкіндігін ескеру керек; Бейнелеудегі объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек. Фотобейнені редакциялау үшін арнайы программаны пайдалану қажет; Слайдты безендіру үшін контрастілік және үйлесімді түсті таңдап алу керек; Аудиторияны презентацияның жекелеген сәттеріне назарын аудару үшін анимациялық ауысулар, бейне, дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады; Кейбір жағдайларда дайын пайдаланған жөн, өйткені бейне материалды және анимациялық клипті әзірлеу қиын әрі қымбат. Презентация жасау ыңғайлы болу үшін РowerPoint-та бірқатар шеберлер, үлгілердің арнайы құралдары бар, олар мәтінді пішімдеудің әр түрлі элементтері, графикалық объектілері мен клиптер кітапханасы бар. Презентацияны көрсету презентацияны белгілі реттілікпен көрсету процесі болып табылады, бұл жағдайда слайдтарды ауыстыру қолмен немесе автоматты түрде жүргізіледі. Пайдаланушы үрдісті презентацияны басқару панелі немесе слайдтар навигаторының көмегімен басқарады. РowerPoint терезесі төмендегідей болады: РowerPoint менюі: Файл. MS Office менюі (пошталық хабар жіберу, оған презентациялар орналастыру, презентацияны Word – қа командаларын қоса жіберу); Түзету. Командалар: операция нәтижесін орындатпау, қиып алу, көшіру, кірістіру, табу, ауыстыру, басқа файлдармен байланыс жасау, объектілерді редакциялау; Түр. Презентацияның түрін таңдау, инструменттер панелдерін, сызғыштар мен бағыттауыштарды басқару, слайд үлгілерін, тақырыптарды, шығарып берулер мен жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту және т.б. командалары; Кірістірме. Презентацияға әртүрлі объектілерді кірістіру командалары (күнді, уақытты, диаграмманы, кестені, дыбысты, фильмді және т.б.); Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркерінің түрін, фонды, түс схемаларын, безендіру үлгілерін және т.б. өзгерту командалары; Сервис. MS Office әдеттегі инструменттері, сондай-ақ РowerPoint-тың ерекше командалары (жазу кітапшасымен жұмыс істеу); Слайдтарды көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен түрлі әрекеттер жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, проекторлар шеберін пайдаланумен бірге презентацияны баптау.) Терезе және анықтама. MS Office қосымшасының стандартты командалары. Мастер автосодержания (автомазмұн шебері) пайдаланушының жаңа презентацияны кезең-кезеңімен жасауын қамтамасыз етеді. Оның көмегімен жасалынатын презентацияның түрін, шығару әдісін, презентация параметрлерін таңдауға болады. Шаблон оформления (презентация үлгісі) – белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар жиынтығы, түс схемалары мен слайд мәтіндерінің схемалары. Бос презентация- презентацияны жаңадан құрады және кәсіби пайдаланушының жұмыс істеуіне арналған. Презентацияны көру режимдері: кәдімгі (жалпы құрылым жоспарды, презентация сценарийін, ағымдағы слайд пен оған арналған жазбаны көрсету); құрылымдық (жалпы құрылымды, слайдтың кішірейтілген кескінін- миниатюраны және оған арналған жазбаларды көрсету, бұл слайдтың мәтіндік бөлігін жылдам өзгертуге мүмкіндік береді); слайдтарды сұрыптау (слайдтардың бүкіл реттілігін (тізбегін) және презентациядағы олардың орналасу тәртібін өзгертуді қарап шығу); слайд (ағымдағы слайдтарды қарау немесе өзгерту); жазба беттері (әр слайдқа арналған жазба бетін толтыру немесе қарау үшін). Презентацияның кез- келген құрауыштарын басып шығару үшін оны ашып, Файл-Печать командасын беріп, басылатын объектіні: слайдтарды, шығарып беретіндерді, жазбалар беттерін немесе құрылымды көрсету керек. Содан кейін басылуға тиісті слайдтар тобы мен басылатын көшірмелер саны белгіленеді. |
8. Үй тапсырмасын хабарлау және оқушылардың білімін тексеру, бағалау: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру. | 8. Сабақты қорытындылау: а) Үйге тапсырма Дәптерге презентацияны жасаудың жүйелі жоспарын жазыңдар. РowerPoint бағдарламасы туралы қосымша ақпарат іздеу. Мүмкіндіктері бар оқушылар Жеңіс күніне арналған презентация жасау. ә) Сабақты қорытындылау: Орындалған жұмыстарды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау. (Өзін-өзі бағалау әдістерін және бағалау критерийлері бойынша бағалау әдістерін қолдану). |