kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Power Point – та кестелерді, суреттерді, бейнені ж?не дыбысты кірістіру. Анимация ?серлерін баптау. Презентацияларды к?рсету

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика п?нінен 8 клас?а арнал?ан Power Point – та кестелерді, суреттерді, бейнені ж?не дыбысты кірістіру. Анимация ?серлерін баптау. Презентацияларды к?рсетуPower Point – та кестелерді, суреттерді, бейнені ж?не дыбысты кірістіру. Анимация ?серлерін баптау. Презентацияларды к?рсету ашы? саба? жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Power Point – та кестелерді, суреттерді, бейнені ж?не дыбысты кірістіру. Анимация ?серлерін баптау. Презентацияларды к?рсету »

Абай атындағы орта мектеп



Информатика пәнінен


Ашық сабақ жоспары


Тақырыбы:

«Power Point – та кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету»


Пән мұғалімі Қошқарбаева Г.Қ.

8 сынып



2015-2016 оқу жылы





Сабақтың тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

/Power Point бағдарламасы/



Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы

Презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім-біліктілік қалыптастыру.

2) Оқушылардың компьютерде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, іскерліктерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3) Оқушыларды тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ББҮ әдісі, практикалық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын, математика



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Оқушыларды түгендеу.

Б) Жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру.

В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылармен «Алтын сандық» ойынын ойнаймыз. Қорапта оқушыларға 10 сұрақ кеспе қағаздар арқылы қойылады. Оқушылар таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  1. PowerPoint-та құрылған файл қалай аталады? (презентация)

  2. Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады? (Present ұсыну деген мағына береді)

  3. Слайд дегеніміз не? (көзге көрінетін күрделі объект)

  4. Power Point-ті іске қалай қосамыз? (Пуск-Программы-MS Office-MS Office Power Point)

  5. MS Office Power Point терезе элементтерін ата (Тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар панелі, жұмыс аймағы)

  6. Меню жолы элементтерін ата. (Файл, Түзету, Көрініс, Кірістірме, Слайдты көрсету, Дизайн, Анимация, Рецензирование)

  7. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?(Файл-Сохранить как командасын орындаймыз. Сол кезде бізге Сохранение документа терезесі шығады құжатты қай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз!)

  8. Презентация деген не? (Слайдтардың жиынтығы)

  9. Презентация дайындау үшiн колданылатын программа (Power Point)

  10. Power Point бағдарламасының кеңейтілімі қандай?(.ppt)



ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Презентация бұл көрсету, баяндама, жобаны, есеп берудi қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен кызмет, енгiзу нәтиженi бакылауды т.б ұсыну.

Слайд дегенiмiз көзге корiнетiн күрделi объект оның құрамына мәтiн, кестелер, графикалык кескiндер, схема, бейнеклип,дыбыс үзiндiлерi мен гиперсiлтемелер кiредi



ББҮ әдісі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Үй тапсырмасы бойынша білетіндерін жазады

Тақырып бойынша не білгілері келетінін жазады

Сабақтың соңында Жаңа тақырып бойынша үйренгендерін жазады



ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Power Point бағдарламасына кестелерді, суретті, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

/Слайдтан көрсету/



Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, кестелер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады. Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt , SmartArt нысандарын, суреттерді, кестелерді, диаграммаларды, фильмдерді, дыбыстарды кірістіруге мүмкіндік береді.

Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын, қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.

Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет немесе фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің Сурет -Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.

  2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз. Кірістіру әмірін орындаңыз.

Power Point көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру –Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады.



Power Point көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиялық нысандарды –бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.

Power Point қарапайым нысандарға жан бітіруге (анимация) мүмкіндік береді. Өзгертпелі жан бітірім (настройка анимации) тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығуы керек екенін –мысалы, тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектің артынан ұшып шығуын таңдауға болады. Жан бітірім параметрлерінің көбісі өзіне сәйкес пәрмендер қатарын қамтиды. Мысалы, тақырып бірден емес, жеке-жеке әріптер түрінде пайда болады.

Есіңізде болсын: жан бітірім пәрмені әрбір нысан үшін жеке-жеке бапталады, сондықтан алдымен нысанды бөлектеп алып, ссодан кейін Пәрменді үстеу батырмасын шерту керек.

Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:

  1. файл дыбысы әмірін таңдап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз.

  2. Суреттер жинағының дыбысы әмірін таңдап, айналдыру сызығының көмегімен қажетті клипті тауып, оны слайдқа үстеу үшін шертіңіз.

Сұхбат терезесі пайда болған кезде мына әрекеттердің бірін орындаңыз. Слайдты көрсету кезінде музыка немесе дыбыс өз бетімен ойнатылуы үшін Өзмәтіндік батырмасын басыңыз. Музыка не дыбысты дыбыс белгішесін нұқу бойынша ойнату үшін Нұқу бойынша батырмасын басыңыз.

Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысанды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.

Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету –Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе Ғ5 пернесін басу керек.

Слайдтың құрамына – тақырып, фон, мәтін, кестелер, схемалар, диаграммалар, гиперсілтемелер және дыбыс, музыка, бейнеклиптер де кіреді.

Power Point бағдарламасында дыбыстар мен музыканы және бейнеклиптерді, слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады.

Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін. Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады.

Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады. Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы МРЗ пішімі қолдану ұсынылады.

Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:

1. Вставка — Фильмы и звук — Звук из файла менюі пунктін тандаңыз.

2. Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлерінде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.

ІV. Практикалық жұмыс. Шарт бойынша орында

Презентация жасайсыздар.

Сіздердің алдарыңызда ноутбуктердегі Жұмыс үстелінде информатика деген қапшықта слайдқа қажетті суреттер бар сол суреттерді презентацияны құруда қолдануларыңыз керек.

 1. — power point бағдарламасын аш

- өзің туралы мәтін енгіз;

- пәнге қатысты сурет үлгісін енгіз;

2. power point бағдарламасын аш

- слайдтын фонын өз бетіңше таңда;

- Word Art арқылы аты жөніңді енгіз;

- өзің туралы мәтін енгіз, оны пішімде;

- слайдқа сурет енгіз;

3. power point бағдарламасын аш

- слайдтың фонын өз бетінше таңда;

-  Word Art арқылы аты жөніңді енгіз

- өзің туралы мәтін енгіз, оны пішімде

- слайдқа дыбыстық файл (музыка)ендір

- слайд объектілеріне анимация эффектілерін бер

Сергіту сәті. Сергіту жаттығулары.

  1. Терезеге қарап, арқаңыз бн мойыныңызды бос ұстап, көз көрер алыстағы бір нүктеге қараңыз, сосын терең тыныстап, мұрын ұшына қараңыз.

  2. Саусақтарыңызды жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз.

  3. Саусақ ұштарымен көздеріңздң жанында шекеңізді дөңгелете ұқалаңыз. Оңға он рет, солға он рет қозғалтыңыз.

  4. Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  5. Көзіңмен ақырын жоғары,төмен ,оңға,солға қарай қараймыз.

  6. Көздеріңізді еркін ұстап жартылай жауып, көзді жаймен айналдырыңыз, алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа айналдырыңыз.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Ал, енді балалар бәріміз назарымызды бері аударайық!

Мен сіздерге мынадай бір қызықты ертегі айтқым келіп тұр.

Ерте, ерте, ертеде.ешкі жүні бөртеде. Абай атындағы орта мектебінде Аршат деген ұл болыпты. Ол еңбекқор болыпты..

Бір күні мектеп ауласында ойнап жүрген Аршат жылтыраған әдемі қолсағат тауып алады.Бөгде біреудің затын алуға болмайды деген қағиданы білсе де, Аршат жердегі жылтыраған сағатты қимай алады. Сағатты қолына таққаны сол-ақ еді, алдына жолдары көп, қиындықтары мол жол шыға келді. «Балам, егерде сен білім

атты бақытты да байлығы мол үйге барғың келсе, алдыңда тұрған

мына өткелдерден сүрінбей өтуің керек. Бұл сен тауып алған сағат Білім

үйінің кілті.»-деген қарт адамның дауысын естіп не болса да тәуекел деп осы жолдан өтуге бел буды.

Балалар, қараңдаршы Білім үйіне Аршаттың жетуі үшін жолында қаншама қиындықтар бар. Аршатқа қиын болмас үшін барлығымыз бірдей көмектесіп жіберейік.

1-жол кедергісі: кактустар тапсырмасы – Гиперсілтеме деп шерту арқылы бір слайдтан екінші слайдқа көшуін айтады.

2-жол кедергісі: өзен тапсырмасы- Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын

3-жол кедергісі: алып таулар тапсырмасы- Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет немесе фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің Сурет -Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.

Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз. Кірістіру әмірін орындаңыз.



4-жол кедергісі: ашулы төбет тапсырмасы- слайд объектілеріне және слайд парақтарына анимация эффектілерін бер.



VI. Бағалау.

Бағалау парақшасы арқылы және диаграмма.



VIІ. Үйге тапсырма беру. Ұяшықта сандар арқылы үй тапсырмалары таңдалады. Сол сандарда презентация тақырыптары жасырылып тұрады. Презентация құрулары керек.

  1. Менің сыныбым

  2. Қыс қызықтары

  3. Менің ұстазым

  4. Менің ауылым

  5. Менің отбасым

  6. Мерекеңізбен, анашым!

  7. Менің арманым

  8. Сүйікті әншім

  9. Еркін тақырып

  10. Бауырсақ ертегісінің желісі бойынша













І-деңгейлік практикалық жұмыс тапсырмасы:

1. Рower point бағдарламасын аш

2. Пәнге қатысты сурет үлгісін енгіз

3. Слайдты безендір





ІІ-деңгейлік практикалық жұмыс тапсырмасы:

  1. Рower point бағдарламасын аш

  2. Слайдтың фонын өз бетіңше таңда;

  3. Word Art арқылы аты жөніңді енгіз;

  4. Өзің туралы мәтін енгіз, оны пішімде;

  5. Слайдқа сурет енгіз;





ІІІ-деңгейлік практикалық жұмыс тапсырмасы:

1. Рower point бағдарламасын аш

2. Слайдтың фонын өз бетінше таңда;

3. Word Art арқылы аты жөніңді енгіз

4. Өзің туралы мәтін енгіз, оны пішімде

5.Слайдқа дыбыстық файл (музыка)енгіз

6. Слайд объектілеріне анимация эффектілерін бер







ББҮ әдісі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім














Оқушы аты-жөні:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: ?ош?арбаева Г?лзат ?анат?ызы

Дата: 14.10.2015

Номер свидетельства: 239663


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства