План урока по предмету "Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері"
План урока по предмету "Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері"
В данном плане урока описывается разработка одного урока по предмету "Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері" на 4 курсе по специальности "Информационные системы".
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қолданылатын педагогикалық .технология ...................................................5
Сабақ жоспары...................................................................................................8
Пәннің курсының мазмұны
1305000 «Ақпараттық жүйелер» (салалар бойынша) мамандығы бойынша «Алгоритмдеу және программалау негіздері»пәні бойынша жалпы сағат саны 173, оның ішіндегі 2 курстқа бөлініп отырған сағат саны 97с. Бұл пән «Арнайы»циклдар пәніне жатады. Күнтізбелік жоспар бойынша 14 сабақ.
Пәннің қызметі Object Pascal тілінің процедуралы-бағытты және объектілі-бағытты бағдарламалаук технологиясының алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін оқыту.
Пәнді екі бөлімге бөлуге болады:
1. Алгоритімдеу;
2. Программалау.
Бірінші бөлімінде «Алгоритм», «Паскаль программалау тілі» тақырыптарына тоқталатын боламыз, оның таңдап алған мамандықтарының ең бірінші деңгей болып келеді. Осы тақырыптарды өткен соң, сарамандық сабақтарда оқушылар компьютер көмегімен есептеулер жүргізу мүмкіндігіне ие болад.
Паскаль тілін оқып үйренгенде оның алгоритмдік тілмен ұқсастығын әр уақытта баса көрсетіп, шешу жолдары алгоритмдік тілде қарастырылған есептерге осы тілде программа жазып, оны орындаған тиімді.
Екінші бөлімінде «Borland Delphi 7.0» объектілі бағдарламалау ортасымен таңысатын боламыз. Осы бағдарламалық ортамен пайдаланып көптеген
Біліктік іс-әрекетті ұйымдастыру нысанасы ұсыныс түрінде берілген.
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында, үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда дәстүрлі оқу жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік, кредиттік) дидактикалық және көрнекі құралдар: плакаттар, модельдер, оқу бейнефильмдер, электронды оқулықтар. Оқу және оқу – әдестемелік құралдар қолдануға ұсынылады.
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын құрастыруда оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері: лекциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, бақылау жұмыстары және басқалар ұсынылады.
Теориялық білімдерді бекіту және қажетті тәжірибелік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда пән бағдарламасында зертханалық жұмыстар өткізу қарастырылған.
Білім алушылардың пәндерден алған білімдеріне, біліктеріне және дағдыларына негізделінеді:
-математика;
-информатика;
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады:
-операциялық жүйелер және есептеуіш кешендерді бағдарламалық қамтамасыздандыру;
-бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру технологиясы;
-объектілі-бағыттылған бағдарламалау негіздері.
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәнінің жұмыс бағдарламасы білім беру ұйымдары үшін жұмыстық оқу бағдарламасын әзірлеудің негізі болып табылады.
Есептеуіш техника құралдырының қарқынды дамуы пәннің мазмұнына үнемі өзгерістер енгізіп отыруды қажет етеді.
Бұл пәнде алгоритм және программа туралы бастапқы түсініктер бере отырып, кейбір есептерге программа құрылып көрсетілді.
Қолданылатын педагогикалық технология: Компьютерлік оқыту технологиясы
Компьютермен оқыту технологиясы– бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Компьютермен оқыту технологиясы– білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
Тұтынушының қолдану сапасында;
Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
· Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
· Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
· Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
· Компьютер қорымен оқыту – білім берудіңбарлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
· Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
· Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
Ақпарат іздеу жүйесі;
Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:
· әр түрлі форматты файлдар;
· мәліметтер қоры;
· бағдарламалық модульдер;
· жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:
· ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;
· жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;
· оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
· білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.
1Оқытушы: Садыкова Жанар Еркыновна
Жұмыс орны, лауазымы:
«Павлодар бизнес- колледжі» ҚМКМ, «Ақпараттық технологиялар» пәндерінің бірінші санатты оқытушысы
Регион:
Павлодар қаласы
2Білім деңгейі:
Орта кәсіптік білім беру
Мақсаттық аудитория:
Оқытушы және оқушылар
Дәрісхана:
32 ауд
Өткізілу күні:
22 қазан 2015
Топ:
АЖ-413
Топтағы оқушылар саны:
22
Пән:
Алгоритммдеу және бағдарламалау негіздері
Сабақтың тақырыбы:
Класс, объект ұғымы. Объектілер өрістері, әдістері, қасиеттері
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Сабақтың міндеті: Класс, объект туралы теориялық білімдерін қалыптастыру және бекіту
Сабақтың мақсаты:
білімдік:
• Класс ұғымымен таңыстыру;
• Объект түсінігі. Объектің қасиеттері;
• Объектілер өрістері туралы мағлумат беру, оларды айыра білу
дамытушылық:
• оқушылардың есте сақтау және зейіндік, ақпараттық-технологиялық қабілеттерін дамыту
пәнге деген қызығушылығын арттыру;
тәрбиелік:
• жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Жаңа мәліметтерді үйрену және алғашқы жаңа білімдерді бекіту. Түсіндірмелі – көрнекілікті лекция сабақ
Қолданылатын пед.технология: Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/
Оқыту әдіс-тәсілдер: Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу, жұпта жұмыс жасау.
Қолданылған әдебиеттер, сайттар тізімі:
1.Оқу құралы А. Аймұқатов «Объектілі бағытты бағдарламалау негіздері» 2 басылым, Астана-2014ж
2.Оқу құралы Ж. Ғұмаров «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» есептер жинағы, Астана-2010
3. «Паскаль және Дельфи».pdf - электронды оқу құралы
4. Іздеу сайттары: Google.kz
Қолданылатын құрал-жабдықтар:
Интерактивті тақта, оқушыларға арналған компьютерлер
Қолданылатын әдістемелік ңұсқаулар:
Презентация " Класс, объект ұғымы. Объектілер өрістері, әдістері, қасиеттері", тест сұрақтары RIVA бағдарламасында құрастырылды
3Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тіректі білімді актуалдау
Жаңа материалды меңгеру
Жаңа білімді меңгеру
Білімді бекітуге арналған тапсырмалар
Үй тапсырмасын беру
Рефлексия
Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа келмеген оқушыларды журналда белгілеу. Қауіпсіздік сақтау ережесін ЕК қайталау.
Тіректі білімді актуалдау. Жалпылау сұрау әдісі
Сұрақтар:
1)Объектілі бағытталған бағдарламалау деген не?
2) Borland Delphi 7.0 программасының негізгі терезелері
3) Borland Delphi 7.0 өңделген бағдарламаны қалай аттайды?
4) Компонент палитрасы
5)Ойын «Standart палитрасының элементтері» анықта
6) Жобаның сипаттамасы
Жаңа материалды меңгеру. Сабақтың тақырыбымен таңысу. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Екі ұғым: Объект және Класс
Объект - өз бойында қасиеттерді және әдістерді қамтыйды. Объект «Т» әрпімен ажырататын боламыз. Мысалы: TForm1 – форма, TLabel – мәтіндік метка,
Объект қасиетін көрсету келесі форматта жүзеге асырылады:
.
Объект атауынан кейін бос орынсыз нүкте белгісі қойылады да, төмен қарай ашылатын тізімнен қажетті қасиет атауы таңдалады.
Мысалы: Label1. Caption:=’Delphi тілі’;
Кейде объект қасиетінің өзі объект болуы мүмкін. Онда бұл қасиетке сілтеу арасына нүкте қойылған объектілер тізбекшесі арқылы көрсетіледі.
Мысалы: Label1.Font.Color:=clRed; Нәтижеде Label1 объектісіндегі жазу түсі қызыл болады.
Қосымша интерфейсін жасау кезінде әрбір компонент үшін екі операция орындалады:
Компонент қасиеті экранның сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан Объект бақылаушысының терезесі арқылы өзгертіледі. Ол екі астарлы беттен тұрады: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар).
Қасиет (сипаттама, параметр)- объектілердің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайтын атрибуттар.
Әр компоненттің қалыпты жағдайда берілген аты және қасиет мәндері болады. Оны қалауымызша өзгертуге болады.
Мысалы: Формаға Standard парағынан батырма (Button) және жазба (Label) компонентін әкеліп орналастырсақ, олардың аттары және тақырыптары қалыпты жағдайда Form1, Button1, Label1 болады.
Компонент тақырыптарын Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады.
Name қасиеті (Tcomponent Name типті) компонент атын көрсетеді. Әр жаңа типке автоматты түрде оның аты және нөмірі меншіктеледі. Мысалы: Form1, Form2, Button1, Edit2, Label1 т.с.с.
Caption қасиеті (Tcaption типті) компоненттің тақырып жолынан тұрады. Ол символдық (String) типті болады. Мысалы: Button1. Caption:=’Батырманы шерт’; Form1.Caption:=’Калькулятор';
Text қасиеті (Tcaption типті) компонентке байланысты жолдан тұрады. Бұл қасиет мәні компонент мазмұны болып табылады. Мысалы: Edit1.text:=’Студент’; Memo1.Text:='Блокнот';
Enabled қасиеті (Boolean типті) компонент белсенділігін анықтайды. Егер қасиет мәні true (ақиқат) болса, онда компонент белсенді, ал false (жалған ) болса, онда компонент белсенді емес. Мысалы: Edit1.Enabled:=false; Button1.Enabled:=false; болса Edit1- дегі мәтінді өзгерту және Button1 батырмасын шерту мүмкін емес.
Color қасиеті (Tcolor типті) компонент фонының түсін анықтайды.
Оның мәндері: clRed (қызыл), clAqua (ашық- көгілдір), clBlue (көк), clGreen (жасыл), clYellow (сары), clWhite (ашық), clFuchcia (күлгін) т.б.
Visible қасиеті (Boolean типті) компоненттің көрінуін басқарады. Егер қасиет мәні true болса, онда компонент экранда көрінеді, керісінше жағдайда көрінбейді.
Font қасиеті (TFont типті) компоненттегі мәтін қарпін анықтайды. TFont класы қаріп параметрін басқаруды жүзеге асыратын келесі қасиеттерден тұрады.
Name (TFontName типті) – қаріп атын анықтайды.
Size (Integer типті) – қаріп өлшемін пунктпен береді.
Height (Integer типті) – қаріп өлшемін пикселмен береді.
Оқиға- программаның жұмыс істеуі барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Оқиғалар Объект бақылаушысының Events астарлы бетінде орналасады. Оқиға атауына On префиксі тіркестіріліп жазылады. Ол атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
Delphi-де жиі қолданылатын оқиғалар:
OnClick- объектіде тышқан батырмасын бір рет шерту
OnDblClick- объектіде тышқан батырмасын екі рет шерту
OnCreat- формада тышқан батырмасын екі рет шерту
OnKeyPress –пернені шерту т.б.
Үй тапсырмасы. Оқу құралы А. Аймұқатов «Объектілі бағытты бағдарламалау негіздері» 2 басылым, Астана-2014ж
5. Рефлексия
"RIVA" бағдарламасын пайдаланып, тест сұрақтары арқылы білімді бекіту