kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пернета?та!

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: Информатика

Саба?ты? та?ырыбы: «Пернета?та»

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушыларды? пернета?та туралы білімдерін тексеру, бекіту.

Дамытушылы?: О?ушыларды? тез ?рі жылдам ойлау, бай?а?ышты?, есте са?тау, ж?ппен ж?мыс істеу ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік: О?ушыларды т?зу, д?рыс отыру?а, ??ыптылы??а, компьютер алдында д?рыс отыру?а, ?йымшылды??а, ?з ойын ашы? айта білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пернета?та!»

Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: «Пернетақта»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пернетақта туралы білімдерін тексеру, бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың тез әрі жылдам ойлау, байқағыштық, есте сақтау, жұппен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды түзу, дұрыс отыруға, ұқыптылыққа, компьютер алдында дұрыс отыруға, ұйымшылдыққа, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Саяхат-сабақ

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, тапсырмалар

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Презентация, компьютер, проектор


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдерме, оқушылар! Сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Балалар, сендер өткен жолы пернетақта тақырыбын өттіңдер. Бүгін біз сол өткен тақырыпқа байланысты саяхат сабақ жүргізетін боламыз. Қазір біз сендермен бірнеше тапсырмалар орындау арқылы, 7 аялдамадан өтіп, пернелер еліне саяхат жасаймыз екен. Сабақты бастамас бұрын, қатар-қатармен 2 топқа бөлініп, бірден топ басшыларын сайлап алайық. Топ басшының басты міндеті - оқушылардың тыныштығын қадағалай отырып, сабақ аяғында өз тобының оқушыларын әділ бағалау. Ендеше, бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?


Пернетақта дегеніміз не?

компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

Пернетақта неше пернеден тұрады?

101 немесе 104

Пернелер блоктарын ата

  • Функционалдық

  • Символдық

  • Цифрлық

  • Орнату пернелері



ІІ. Ойын сабақ

  1. Сөзжұмбақ шешу

Көлденеңнен:

Ереже бойынша ол 101 ден 102-ге дейінгі пернеден тұрады (пернетақта)

Тігінен :

1.Компьютердің баспаға шығару құрылғысы (принтер)

2.Қағаздағы кескінді түсіріп диплей экранынан шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы (сканер)

3.Компьютердің миы (процессор)

4.Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы (монитор)

5.Интернетпен байланысқа шығуға көмектесетін құрылғы (модем)


  1. Келесі тапсырма «Пернелер құпиясы» деп аталады. Ойынның шарты бойынша сендер берілген пернелер мен олардың қызметі арасындағы сәйкестікті табасыңдар.


ENTER- Келесі жолға түсуге арналған

Tab- Курсорды оңға қарай бірнеше позияияға жылжытады

Delete- Курсордың оң жағындағы символды жояды

Caps Lock- Бас әріптерді жазады

Homе- Жолдың басына  көшуді орындайды


  1. Тарихқа шолу кезеңі. Бұл кезеңде мен сұрақтар қоямын, ал сендер топ топ бойынша кезектесіп жауап беріп отырасыңдар.

  1. Функционалдық пернелердің белгіленуі қызметі, орналасуы?


(F1-F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан.


  1. Цифрлық пернелер қызметі, орналасқан жері?


Цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған, пернетақтада оң жақта орналасқан.


  1. Символдық пернелер қызметі, орналасқан жері?


Алфавиттi,   цифрлық  ақпаратты  енгiзуге  арналған, олар пернетақтаның ортасына орналасқан.


  1. Орнату пернелері қызметі, пернетақтадағы орны?


Меңзерді экран бойы жылжытуға арналған, символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан


  1. «Адасқан әріптер». Қате орналасқан әріптерден пернелер атауын құрайсыңдар.


ПЕРНЕ, DELETE, CTRL, SHIFT, ENTER


  1. «Мені тап» кезеңі. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі, әріптерді үзбей, біркелкі құрастыру арқылы алдыңғы тақырыпта өткен терминдерді аласыңдар. Қане, қай топ бірінші екен?


Монитор, пернетақта, перне, тышқан

Сергіту сәті.

Шаршап қалған шығарсыңдар, қане сергіту сәтін жасап жіберейік.

Көзге арналған жаттығулар:

1 жаттығу. Екі көзімізбен бірге екі қасымыздың ортасына қарап көрейік, осы күйімізде 5 секунд тұруымыз қажет.

2 жаттығу. Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.

3 жаттығу. Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз

4 жаттығу. Дәл 3 жаттығуға сәйкес, бірақ керісінше сол жақ иығымызға қарап, 5 секунд тұрамыз

5 жаттығу. Көзіміздің қарашығын сағат тілімен айналдыру және керісінше айналдыру. 3-4 қайталау.



  1. «Сөз құрастыр». Бұл кезеңде сендер берілген әріптерді шатасқан жіптің ішінен дұрыс апарып орналастыруларың керек. Сонда өтіп жүрген тақырыбымызда көп қолданатын термин шығады.


ПЕРНЕ


  1. Келесі тапсырма «Көмек керек!» деп аталады. Мен жұмбақ оқимын, әр топ өз жауааптарын ұсынады.

Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші, достарым! (Shift + Alt)


Міне, тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші, енді нені басам мен? (Backspase )


Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің? (Пробел)


Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым, айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift + Т )


Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін? (Enter )


Асықпай отыр едім мәтін теріп,

Байқамастан алдым мен қате жіберіп.

Не істерімді білместен мұңайдым мен

Достарым қуантыңдаршы көмек беріп.


ІІІ. Қорытындылау бөлімі

Сонымен балалар, біз сиқырлы пернелер еліне де келіп жеттік. Енді тақтаға назар аударыңдар.(Слайд бойынша пернетақтаның суреті шығады).

Пернелердің неше блогын білесіңдер? Оларды атап көріңдерші. Енді балалар, мына өлең шұмағына назар аударыңдар:

Пернедегі әр әріпті басамыз

Сөздерден біз сөйлем құрап жазамыз

Бас әріппен бастау үшін сөйлемді

Пернелерден Caps Lock-ты табамыз.
Кіші әріппен жазғым келсе қайтадан,
Caps Lock-ты тағы да бір басамыз.

Бас әріппен жазатын тағы бір жол,

Басқа перне басып қойма,мұқият бол!

Пернелерден Shift-ті тауып ал да,

Әріппенен сол Shift- ті басып тұр.

Басқа тілге түскің келсе ауысып,

Әрқашанда көмектесерAlt пен Shift !

Жазып болып, қате көріп қалсаңыз,

Түзетесіз Del пернесін бассаңыз.

Қате тұсқа курсорыңды апарып

Жоқ қыласыз Del-ді басып қалсаңыз!!!

Секіруге әр жолдан мүдірместен
Сіздерге End пернесі көмектесер!
Ал басына түскің келсе қайтадан

Тез тауып ал кідірмей Номе пернесін
Келесі жолға түсуге,

Көмектесер Enter
Шатаспайсың ден қойып,

Тыңдасаңдар сендер. (Оқушылармен өлеңді талдап өтеміз)

IV. Бекіту кезеңі

  1. Балалар, бүгін біз не өттік?

  2. Қандай жұмыстар атқардық?

  3. Жұмбақты шеш

Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды,

Немерелері алғашқы,

Есімдері де өздерінің бір қызық

Тек қана F (эф) әріпімен басталады ... (Функционалдық пернелер)


  1. Пернелердің қандай қызметтерімен таныстыңдар?

  2. Өткен тақырыптың кімге түсініксіздеу жері болды?

  3. Бүгінгі сабақта қойған мақсатымызға жеттік пе?


Сонымен, біз бүгін пернелер туралы білімімізді тексердік, білгендеріңді толықтырып, білмегендеріңді білдіңдер.

Пернетақтамен жұмыс кезінде мыналарды үнемі есіңнен шығарма:

  • Пернелерді ақырын басу;

  • Қатты соққылардан сақтану;

  • Қолың таза және құрғақ болсын!

  • Пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды!


V. Үйге тапсырма

Insert. Home. Tab. Alt- пернелері туралы қосымша мәліметтер алып келіңдер.


VІ. Бағалау

Енді балалар өзімізді –өзіміз бағалап көрейікші алдарыңдағы қағазды сәйкесінше орындарына жабыстырыңдар. Топ басшылары кезек сіздерде. Топтарыңыздағы оқушыларға қандай сұрақтар қоясыз? Неліктен? Өте жақсы



Осымен, балалар, сабақ аяқталды, сау болыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Пернета?та!

Автор: Есетов Елжан Д?улет?лы

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 286658


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства