1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин); 2. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин); 3. Оқушылардың білімін тексеру (1 мин); 4. Жаңа сабақ (10 мин);
5. Бекіту (15 мин);
6. Қорытындылау (10 мин);
7. Үй тапсырмасын беру;
8. Бағалау.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
ІІ. Оқушылардың білімін тексеру.
1. "Paint"- сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Paint редакторы не үшін қажет?
3. Paint редакторын қалай іске қосамыз?
3. Графикалық редактор терезесінің элементерін ата.
4. Экранда жоқ құралдар тақтасын қалай орнатамыз?
5. Түстер палитрасының көмегімен қанша түсті таңдауға болады?
6. Сурет салу кезеңдерін ата.
7. Paint редакторында қанша құрал бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы: «Paint графикалық редакторы. Түстер. Салу құралдары».
Paint графикалық редакторы не үшін қажет?
PAINT графикалық редакторы терезесінің элементтері:
Салу құралдары:
Ерікті аймақты белгілеу құралы
Өшіргіш
Түс таңдау құралы
Қарындаш
Бүріккіш
Сызық
Тік төртбұрыш
Эллипс
Белгілеу
Құю(заливка)
Масштаб
Қылқалам
Жазу
Қисық сызық
Көпбұрыш
Бұрыштары дөңгеленген (доғал)
тік төртбұрыш
IV. Бекіту.
Оқушыларға үлестірмелі материалдардағы практикалық тапсырмаларды тарату. Бұл карточкада 3 тапсырма берілген. Оқушыларға оларды таратып, қалай орындау керектігін түсіндіріп өту.
Практикалық тапсырмалар.
Тақырыбы: «Paint графикалық редакторы. Түстер. Салу құралдары
Мәтіндер мен суреттерді пішімдеу»
Бағалануы:
№1 тапсырма – «3»
№2 тапсырма – «4»
№3 тапсырма – «5»
1-тапсырма:
1. Paint графикалық редакторын іске қос.
2. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдалана отырып, «Калейдоскоп» суретін сал.
3. қую құралын пайдаланып, салған суретінді боя. 4. Жасаған жұмысыңда сақта.
2-тапсырма:
Сызу, тіктөртбұрыш, шеңбер, құю құралдарын пайдаланып, автобустың суретін салыңыз.
3-тапсырма:
Үлкен шеңбер салыңдар.
Сол шеңбердің төменгі бөлігін өшіріңдер. Сол кезде доға пайда болады.
Кішкентай шеңбер салыңдар.
Сол шеңбердің үш рет көшірмесін жасап, бірінен соң бірін орналастырыңдар.
Оларды доғаның астына орналастырыңдар.
Кіші шеңберлердің төменгі бөліктерін өшіріңдер.
Центрінен бастап түзу сызық жүргізіңдер.
Сол кезде қандай сурет шықты? (Қолшатыр)
IV. Қорытындылау
Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?
Не үйрендік?
Қандай сұрақтарын бар?
VI.Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторында «Болашақты қалай елестетемін» тақырыбында сурет салып келу.