«Корзинадан оны жойғанша немесе қайта қалпына келтіргенше.»
Жарлық дегеніміз не? Нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтемесі , яғни көшірмесі.
ІII. Жаңа тақырып.
Paint графикалық редакторы
Paint сурет салу программасы. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмасу буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
Раint - (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерде тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа
Paint программасын іске қосу
Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
1. Іске қосу (Пуск) батырмасын шертіңдер.
2. Бас менюден Программалар (Программы) командасын таңдаңдар.
3. Ашылған бағыныңқы менюден Стандартты командасын таңдаңдар.
4. Келесі бағыныңқы менюден Paint графикалық редакторын таңдаңдар.
Бұдан былай осындай әрекеттер тізбегін мына түрде жазамыз:
Іске қосу→Барлық программалар→Стандартты→ Paint
(Пуск→Все программы→Стандартные→Paint)
Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі шығады.
Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты,
Ашылған терезенің тақырыбы және жинау, улкейтіп кішірейту терезені жабу батырмалары орналасқан.
Мәзір жолы және де осы мәзір жолында жұмыс істеуге ыңғайлы жеті бөлікке бөлініп құралдар орналасқан
Палитралық түстер, мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы да қосылған. Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады. Палитраның сол жағында бірін-бірі жабатын екі квадрат орналасқан. Жоғарғысы сурет түсін көрсетеді. Ол таңдаған түсте тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады. Төменгі квадрат фон түсін көрсетеді, ол үшін таңдаған түсте тышқанның оң жақ батырмасын шерту қажет.
Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады.
Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
Сурет салу кезеңі
Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
1. Құралды таңдап алу керек.
Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:
Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні
таңдау қызметін атқарады.
Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау
қызметін атқарады.
Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір
бөліктерін өшіруге арналған құрал.
Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін
немесе фон түсін бояйды.
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің
кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп,
кішірейтуге мүмкіндік береді.
Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әр түрлі жуандықта
сызуға арналған.
Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті
түрін таңдап алуға болады.
Бүріккіш құралы, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік
береді.
Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
Және де әр түрлі геометриялық фигуралар берілген
2. Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.
Мұны құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
3.Кескіннің түсін таңдау.
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.
4.Фонның түсін таңдау.
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш).
5.Ал, енді сурет саламыз.
Сурет салуға қажетті қандай да бір құралды таңдау үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
1. Сурет салуға қажетті құралды таңдап, оған тышқанның нұсқағышын орнатып, оны шертіңдер.
2. Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шертіңдер.
3. Нұсқағышты сурет салатын орынға жылжытып апарыңдар.
4. Тышқан батырмасын басып тұрып нұсқағышты қажетті бағытта тасымалдаңдар.
5. Суретті салып болған соң, тышқанның батырмасын жіберіңдер.
Суретті сақтау үшін
Бірінші рет сақтау:
Файл = Сохранить как = бума таңдау = атын жазу = сохранить батырмасын басу
Қақаған қыста, Өседі тыста. Өзгертпей өңін, Сақтауға ұста. (Шырша)
№3 тапсырма:
Ұзынды-қысқа қос тіл
Он екі цифрмен дос бұл. (Сагат)
№4 тапсырма:
Күндіз кірер «інге», Жұрт қалады білмей. Шығады тек түнде, Болам дейді күндей. (Ай)
№5 тапсырма: Көктем сайын жайқалып, Жаңбыр суын ішемін. Күз болғанда сарғайып, Қурап - қурап түсем (Жапырақ)
V. Сабақты бекіту.
Техникалық диктант
Paint бұл __графикалық _ редактор. Paint графикалық редакторында _екі_ түспен сурет салынады. Олар _негізгі және фондық_ түстер. Paint графикалық редакторында құралдар _жеті бөлікке бөлініп орналасқан. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезенің тақырыбы және жинау, улкейтіп- кішірейту терезені жабу батырмалары орналасқан.
VI. Үй тапсырмасы.
1. §22оқу, 117-120 бет.
2. Paint графикалық редакторының құралдарының қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.
3. «Жаңа жыл шыршасы» тақырыбына сурет салып келу.