kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Paint графикалы? редакторы ж?не оны? сурет салу ??ралдары" саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?  5 ?аза? сыныбына арнал?ан презентация.Саба?ты? ма?саты о?ушыларды графикалы? редактор командаларымен,??ралдарымен,?зінділермен ж?ргізілетін ж?мыс т?рлерімен таныстырып,редакторда ж?мыс жасай білуге ?йрету. Графикалы? редактор ??ымымен таныстыра отырып о?ушыларды? д?ниетанымдарын,ой-?рістерін, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын дамыту.Эстетикалы? тал?амдарын ?алыптастыру, шапша?ды??а,??ыптылы??а т?рбиелеу.б?л саба?та о?ушылар та?ырып?а байланысты  т?рлі с?зж?мба?,с?йкестендіру,техникалы? диктант сия?ты тапсырмаларды орындады.Де?гейлік тапсырмалар орындалды.Саба? ма?сатына жеткен саба? деп танылды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Paint графикалы? редакторы ж?не оны? сурет салу ??ралдары" саба? жоспары»



Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі


































Қазіргі информатиканы проблемалық әдістерімен оқыту кең түрде қолданылып отырғанда оқушылардың информатикалық білім дәрежесін арттыру мұғалімдер қауымының алдындағы ең қиын да күрделі міндеті. Сондықтан да оқушылардың сабағының қызықты да мазмұнды болуы қазіргі заман талабы. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді. Мұғалім-сабақтағы басты тұлға,өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын,іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін оқытудың түрлі әдістерін, жаңа технологияларды сабақта қолдана отырып мұғалім көздеген мақсаттарына жетеді деп ойлаймын. Жоғарыда айтылып кеткен жаңа технологиялардың бірі модульдік оқыту технологиясы бойынша өткен «Paint графикалық редакторы» тақырыбында сабағымды ұсынғалы отырмын.

Ең бірінші модульдің құрылымымен таныстырып өтейін.

1-сабақта оқушыларға графикалық редактор туралы жалпы мағлұмат лекция түрінде беріледі.

Бұл сабақта оқушыларда редактор туралы жалпы түсінік қалыптасады.

2-сабақта алған білімдерін сәйкестендіру тесті арқылы еске түсіріп редакторда сурет салуға кіріседі. Сабақ соңында білімдерін тиянақтау үшін графикалық диктант өткізіледі.1-сабақта алған графикалық редактор туралы білімдерін пайдалана отырып, сурет салуға үйренеді. Іздемпаздығы,байқау қабілеттері жетілдіріледі. Ұқыптылыққа,бір-бірінің ойын тыңдауға дағдыланады.

3-сабақ практикалық сабақ. Таңдаған тақырыптары бойынша жоба қорғалып, графикалық редактор туралы алған білімдерін жинақтап, практикада қолдана білуге машықтанады.

Ой-өрістері мен танымдық қасиеттері дамиды,уақытты тиімді пайдалануға,

өз ойларын еркін жеткізуге бейімделіп, қорғау үстінде дәлелдейді..

4-сабақта редакторда әуен тыңдау соған сәйкес сурет сала отырып алған білімдерін еске түсіріп, тест тапсырмасын орындайды. Эстетикалық талғамы қалыптасады,нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыланады.

5-сабақ қорытынды сабақ. Саяхат сабақ түрінде өтеді. Осы сабақтар көлемінде алған білімдері жинақталып,жүйеленіп,есепке алынады. Есте сақтау қабілеттері дамиды. Теориялық білімдері практикамен ұштастырылады.Топтық жұмысқа,өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге бейімделеді және өзінің біліміндегі олқылықтарды жоюға жол іздейді. Басқа пәндерден алған білімдерін

Тапқырлыққа,шапшаңдыққа, логикалық ойлауға шығармашылыққа, танымдық қабілетін ,қиялын ұштауға компьютерлік сауатыллықтарын жетілдіруге,пәнге деген қызығушылықтарын дамыта түсуге тәрбиеленеді.















Модуль құрылымы

4 бөлім

Сағат саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Ескертпе

Кіріспе

1 -сабақ

1.Модульге кіру

2.Лекция

3.Тірек сызбаны түсіндіру

15 мин


20 мин

10 мин

Мұғалім сабақты түсіндіріп өтеді,оқушылар сабақ жоспарын, сызбаны дәптерге жазады



Сөйлеу бөлімі

2- сабақ

1.Сәйкестендіру тесті

2.Құрастырайық

3.Графикалық диктант

4.Бағалау

15 мин

20 мин

7 мин

3 мин

Оқушылар өзбетімен жұмыстанады





3-сабақ

1.Жұмысты компьютерде орындау

2.Ой толғаныс

(бағалау парағы арқылы)

3.Сұхбаттасу.

4.Бағалау

15 мин


Әр жұпқа 3 мин

5 мин

4 мин



Өз бетімен жұмыс






Қорытынды

4 -сабақ

1.Әуен тыңдау арқылы сурет салу

2.Тест

3.Қорытындылау,бағалау

15 мин


25 мин

5 мин

Бақылау жұмыс жүргізіледі




5 -сабақ

1.Ұйымдыстыру бөлімі

2. «Білім орталығы»

3.«Бейнелеу орталығы»

4. «Жазу орталығы»

5. «Сөйлеу орталығы»

6.Қорытынды




3 мин

7 мин

15 мин

7 мин

10 мин

3 мин

Топпен жұмыс









Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» (модульдік технология бойынша) 5 сынып, 1-сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен,құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік:Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Модульдік технология

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика, тарих

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар,компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: венн диаграммасы, интервью алу, көрнекілік стратегиялары

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.

  • Редакторды іске қоса алады.

  • Сурет салу кезеңдерін білетін болады.

  • Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.

  • Салынған суретті сақтап,ашып,қағазға басып шығара алады.

  • Сабақтың жоспары:

  • PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

  • PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

  • PAINT графикалық редакторының құралдары

  • Редактордың командалары

  • Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

  • Суретті қағазға басып шығару


Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға бірінші суреттер көрсетіледі,сұрақтар қойылады. (Интервью және көрнекілік стратегиясы бойынша)


  • Петроглифтер дегеніміз не?

(Тасқа салынған суреттер)

  • Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? (сурет салу арқылы)

  • Қандай суреттер салған?

(таңбалар,)

  • Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?(қағазға,папирусқа)

  • Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (компьютерге)

Оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп,уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз

PAINT графикалық редакторы

ІІ. Мағынаны тану

Лекция

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.


2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу


PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.















PAINT терезесімен таныстыру.


Сурет салу кезеңдері

  • Құралды таңдап алу

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

  • Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.



  • Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек

  • Фонның түсін таңдау

Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)


3.PAINT графикалық редакторының құралдары

-Сендер бейнелеу сабағынан сурет салғанда қарапайым құралдарды пайдаланасыңдар сол сияқты графикалық редакторда да өзінің құралдары бар. Енді солармен танысайық.


-Линия (сызық) –түзу сызық сызу үшін керек


-Тік төртбұрыш –боялмаған және боялған тік төртбұрыштар салуға болады.


-Дөңгеленген тік төртбұрыш-бұрыштары дөңгеленген,іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.


-Эллипс -іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады.


-Қисық сызық-қисық сызықтар сызу үшін керек.


-Көпбұрыш-көпбұрыш салу үшін керек.


-Құю-оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады.


-Бүріккіш-бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.


-Қылқалам-тұйық емес контурды бояуға арналған



-Өшіргіш- қате жерлерді кетіру үшін пайдаланылады.



4.Редактордың командалары

Редакторда салынған суретін ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекет арқылы түзетуге болады.

Ол үшін Правка- Отменить(орындатпау)

Түзеткен қателеріңізді қайтадан қалпына келтіргіңіз келсе,

Правка- Повторить командасы арқылы тек соңғы үш әрекетті бастапқы қалпына келтіруге болады.

Суретті қалай сақтайды?

Салған суреттерді,графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.

PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін

«Файл-сохранить как» командасын орындау керек.

Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады



Сохранить как командасының терезе


Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -.bmp


Мәтіні бар сурет салу

Суреттің үстіне мәтін жазу,қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады

-Надпись(жазу) –мәтін жазуға арналған


Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman» типіне қоямыз. Жазылған мәтінді курсив,жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.






Қаріп (Шрифты) тақтасы

Суреттерді қалай ашады?

Сақталып тұрған суретті ашу үшін «Файл-открыть» командасын орындау керек. Экранда диалогтық терезе ашылады, оған меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып,екі рет шертеміз.

5.Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады. Үзінді мынадай құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:

Белгілеу(бөліп алу) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.


Кез-келген үзіндіні бөліп алу

Батырмасы ерікті пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Белгілеу мен ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін,олармен келесі әрекеттер орындалады:

  • Алмасу буферіне қиып алу

  • Алмасу буферіне көшіру

  • Осы суретті басқа жерге апару

  • Берілген суреттің өлшемінде көшіру

  • Оны сурет бойынша «көбейту»

  • Пішіні мен өлшемін өзгерту

  • Өлшемін өзгерту және қисайту

  • Төңкеру немесе кері бұру

  • Түсін өзгерту

  • Өшіру

Үзіндіні жылжыту және көшіру


Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.

«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.

«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.

Үзіндіні көбейту

Үзіндіні көбейту дегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.

Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып,Shift батырмасын басып отырып,үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.








Үзіндіні өшіру

Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.

1.Үзіндіні бөліп алып, «Правка –Очистить выделение» командасы арқылы;

2.Үзіндіні белгілеп алып, «Правка-Вырезать» командасы арқылы;

3. «Рисунок-Очистить» командасын орындаса,онда экраннан тек үзінді ғана емес барлық суретті өшіруге болады.


Үзіндіні бейнелеу немесе бұру

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін рисунок менюінен «Отразить/Повернуть» командасын таңдаймыз. Үзінді тік(вертикаль) немесе көлденең(горизонталь) осьтеріне қатысты 900,1800,2700 бұруға болады.


Отразить/повернуть командасының диалогтық терезесі



Үзіндіні еңкейту және созу

Үзінділерді еңкейту және созу үшін «Растянуть /наклонить» командасы арқылы горизонталь немесе верикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.












Растянуть-наклонить командасының диалогтық терезесі





6.Суретті қағазға басып шығару

Суретті қағазға басып шығару үшін «Файл-печать» командасын орындаймыз.Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. «Печатать» бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп

«Число копий» өрісіне қажетті дана санын енгіземіз де ОК батырмасын шертеміз.















Баспа(печать) диологтік терезесі



ІІІ. Толғаныс

Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы


Венн диаграммасы арқылы салыстыру


Компьютерде салынған Қағазға салынған

сурет сурет













айырмашылығы

ІV. Бағалау

V.Үйге тапсырма

3-ші сабақта әр жұп төменде берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып,қорғау үшін мына тақырыптардың бірін таңдау.

1 «Әтірдің қорабын салу»

2 «Бөгде планеталықтар»

3 «Сұлулық салонының сырқы келбеті»

4 «Менің сүйікті жануарым»

5. «Маған ұнайтын автокөлік»

6. «Менің бөлмем»

7. «Туған жер»




















2-сабақ


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың графикалық редактор туралы алған білімдерін пайдалана отырып, сурет салуға үйрету.

Дамытушылық: Алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Пәнге қызығушылығын,

іздемпаздығын,байқау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа,бір-бірінің ойын тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: Модульдік технология

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, «Информатика» оқулығы 7 класс

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар графикалық редакторда сурет сала алады

  • Редактордың құралдарымен жұмыс істей біледі


Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту


«Сәйкестендіру тесті»

Сұрақтары

Жауаптары


1.Графикалық радактор қалай іске қосылады?


2.Файл,Түзету,Түр,Анықтама-жазылған қатар қалай аталады?


3.Құралдар панеліне қандай команда арқылы барамыз?


4.Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет.


5. Paint терезесіндегі ең жоғарғысында қандай элемент тұрады?


6.Кескіннің түсін қалай таңдаймыз?


7.Фонның түсі қалай таңдалады?


8.Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістікті қалай атаймыз?


9.Терезенің ең төменгі бөлігі қалай аталады?


10.Компьютерді өшіру қалай іске асады?


11. PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі


12. PAINT графикалық редакторында неше құралды пайдалануға болады?




13.


мына құралдың атқаратын қызметі қандай?


14. Сурет салу неше кезеңнен тұрады?


15.Салынған сурет қате болса,соңғы неше әрекетті қайтаруға болады?


16.Салынған суретті қалай сақтаймыз?


17. Суретті баспаға шығару үшін не істейміз?


18.Үзіндіні көбейту үшін қай пернені басамыз?


19. Салынған суреттің барлығын өшіру үшін қай әрекеттерді орындаймыз?


20.Берілген құрал қалай

аталады?


Іске қосу-Жұмысты аяқтау-Компьютерді өшіру



Тақырып



Палитрадағы қажетті түсте тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шерту арқылы


Іске қосу-Программалар-Стандартты- Paint


Палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту арқылы


Меню жолы



Сурет салу алаңы




Түр-аспаптар панелі



16



.bmp



Терезенің тақырыбы,меню жолы,Құрал-саймандар тақтасы,жұмыс аймағы,палитра,қалып-күй қатары




Сурет ішіне мәтін орналастыру





Файл-сохранить



Файл-баспа



4



Shift



Рисунок-очистить



Құю





3




(Мұғалім жауабын айтады, оқушылар бір-бірін тексереді)


Практикалық бөлім.Деңгейлік тапсырмалар.

Оқушылар практикалық тапсырмалар орындамас бұрын қауіпсіздік ережесін айтып алулары тиіс.

1 деңгей.

1.Тік төртбұрыш және квадрат,көпбұрыштар құралдарын пайдаланып үйдің суретін салу

2. Бүріккіш және ұшбұрыш құралдарын пайдаланып шыршаның салу.

2 деңгей.

1.Әр түрлі типті дөңгеленген тік төртбұрыш құралын пайдаланып,Пирамида сал

2. .“Бөгде планеталықтар” Геометриялық фигуралардан ( шеңбер, тік төртбұрыш,үшбұрыш,шаршы, эллипс)компазиция құр.

3 деңгей.

Төмендегі заттардың суреттерін салып,жанына аттарын жаз.


ІІІ.Толғаныс

«Графикалық диктант»


Paint бұл _______________редактор. Paint графикалық редакторында негізгі ____________ түспен сурет салынады. Олар ______________ түстер. Paint графикалық редакторында ________ сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені ____________________батырмалары орналасқан.



Үйге тапсырма. Келесі сабаққа шығармашылық жұмысқа әзірленіп келу.(Жобаның суретін салу, суретке жазылатын мәтінін даярлау, жобаны қорғауға даярланып келу)

Бағалау


























3-сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Таңдаған тақырыптары бойынша жоба қорғап, графикалық редактор туралы алған білімдерін жинақтап ,практикада қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Ой-өрістері мен танымдық қасиеттерін дамыту,уақытты тиімді пайдаланып,

өз ойларын еркін жеткізуге баулу.

Тәрбиелік:Шығармашылық тапсырмаларды орындата отырып, әсемдікке,әдемілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: Модульдік технология

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар,компьютер, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: сұхбаттасу,

«Информатика» оқулығы 7 класс

Күтілетін нәтиже:

  • Алған білімдерін практикада қолдана біледі.

  • Өз ойларын еркін жеткізе алады.

  • Уақытты тиімді пайдалануға тырысады.

І.Қызығушылықты ояту

Өздері таңдаған тақырып бойынша жұптасып графикалық редакторда сурет салады.

Сурет салуға 15 минут уақыт беріледі.

Салынған сурет төмендегідей критерийлермен бағаланатынын ескерту.

Бағалау кретерийлері

1 -жұп

2-жұп

3-жұп

4-жұп

5-жұп

6-жұп

7-жұп

Ұқыптылығы








Тақырыпқа сәйкестігі








Түстердің үйлесімділігі








Форматқа сай болуы








Композициялық шешімін табу








Пропорциясының дұрыс болуы









ІІ. Мағынаны тану

Әрбір жұп өз жобасын қорғайды. Әр жұпқа 3 минут уақыт беріледі.


ІІІ.Толғаныс

Сұхбаттасу.


1.Мысық қатарынан бірнеше күн PAINT графикалық редакторында сурет салды. Ол оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы еді. Сурет дайын болар кезде,Мысықтың бояуы төгіліп,бүкіл суретін жауып кетті. Басқа сурет салуға Мысықтың уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесер едіңдер?


2. Берілген сурет қандай құралмен салынған?











3.Ребусты шешу.

, ,,,,,,,,,,, ,,



,, ,,,, ,, ,




, ,,,


Үйге тапсырма: Тестке дайындалып келу.Бағалау.





4-сабақ


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Осы уақытқа дейін алған білімдерін жинақтап,қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісі мен қиялын дамыту.

Тәрбиелік:Эстетикалық талғамын қалыптастыру,

нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: білім тексеру

Сабақтың әдісі: Модульдік технология

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика

Сабақтың көрнекілігі: компьютер

Күтілетін нәтиже:

  • Алған білімдерінен нәтижеге қол жеткізуге тырысады.

  • Өз ойларын еркін жеткізеді.

  • Уақытты тиімді пайдалана алады.

І. Қызығушылықты ояту

Әуеннің мазмұнына сай сурет салдыру.

(Әнді тыңдай отырып өзіне ұнаған бөлігінен редакторда сурет салады.)

«Сарыарқа»

«Желсіз түнде жарық ай»

«Балалық шақ» әндері қолданылды.

ІІ. Мағынаны тану

Компьютерде тест тапсырмаларын орындайды. Тест нәтижесі компьютерде автоматты түрде қорытындылайды.

1.Графикалық редакторды іске қосу жолдарын көрсет?

а)Пуск-Барлық бағдарламалар-Стандартты-Paint;

б)Жұмыс үстелі арқылы;

в)Үш жағдайда қосылады;

г)Ctrl-L

2.Салынған суретті сақтау үшін?

а)Түзету-Сақтау;

б)Жұмыс үстелі –Сақтау;

в)Файл-Сақтау;

г)Түр-Сақтау;

3. Палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерткенде қандай команда орындалады?

а)Суретті сақтау

б)Фонның түсін таңдау;

в) Кескіннің түсін таңдау;

г)Төртбұрыш салу;

4.Сызықтың қалыңдығы неше нүктеге дейінгі өлшемде пайдалануға болады?

а)5

б)6

в)7

г)8

5.Суретке мәтін енгізу үшін таңдалатын құрал?

а) Надпись

б) Тіктөртбұрыш

в) Эллипс

г) Қылқалам

6. «Отменить» (орындатпау) командасын неше рет қолдануға болады?

а)Бір рет;

б)Үш рет;

в)Бес рет;

г)Екі рет;

7. «Paint» графикалық редакторы не үшін қажет?

а)Сурет салу үшін;

б)Есеп шығару үшін;

в)Мәтін жазу Үшін;

г)Өлең айту үшін;

8.Суретті баспаға шығару әрекеті қалай орындалады?

а)Файл-Жіберу;

б)Файл-Баспа;

в)Файл-Сақтау;

г)Файл-Шығу;

9.Графикалық редактордық терезе элементтерін атаңдар?

а)Тақырып жолы, жұмыс алаңы;

б)Тақырып жолы,құралдар;

в)Тақырып жолы,Менюлер қатары,Құралдар тақтасы,Сурет салу алаңы, Түстер палитрасы

г) Аталғандардың барлығы да дұрыс

10. «Үзінді» дегеніміз не?

а)Суреттің бөлінген бөлігі;

б)Суреттің өшірілген бөлігі;

в)Суреттің ерекшеленген бөлігі;

г)Суреттің көшірілген бөлігі;

11.Үзіндіні неше әдіспен өшіруге болады?

а)Бір әдіспен;

б)Үш әдіспен;

в)Бес әдіспен;

г)Өшіруге болмайды;

12.Үзіндіні тік немесе көлденең осьтеріне қатысты неше градусқа бұруға болады?

а)900, 1800 , 2700

б)1800, 3600

в)2700 ,900

г)3600, 1800

13. Керекті бетті бірнеше дана етіп шығаруға бола ма?

а)Болады;

б)Болмайды;

в)Беттің көлеміне байланысты;

г)Аталғандардың барлығы дұрыс;

14.Қай команданы орындағында сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады?

а)Көшіру(Копировать)

б)Қиып алу(Вырезать)

в)Өшіру (Очистить)

г)Баспа(Печать)

15.Графикалық редакторда неше құралды пайдалануға болады?

а)1

б)16

в)25

г)Шексіз

16.Фонның түсін таңдау үшін не істейміз?

а)Палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шерту керек

б) Фонның түсін таңдауға болмайды

в) Палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек


г)Аталғандардың барлығы да дұрыс

17. мына құралдың атқаратын қызметі?


а)Көпбұрыш салу үшін арналған;

б)Түзу сызы сызу үшін арналған;

в)Тұйық емес контурды бояуға арналған;

г)Оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады;

18.Сызықтың қалыңдығы қалай таңдалады?

а)Сызық қалыңдығы таңдалмайды;

б)Қаріпті үлкейткен кезде;

в)Сызық құралын таңдағанда төменгі жақта сызық түрлері шыққан кезде;

г)Аталғандардың барлығы да дұрыс;

19. Редакторға дайын суреттер қоюға бола ма?

а)Ия;

б)Жоқ;

в)Суреттің көлеміне қарай;

г)Суреттің сапасына қарай;

20. Paint графикалық редакторының файлдық кеңейтілімі қандай?

а).doc

б).bmp

в).txt

г).xls

Сабақты қорытындылау. Бағалау

Үйге тапсырма: қайталау




















5-сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін нығайту,тиянақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық: Шығармашылыққа баули отырып,оқушылардың тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Уақытты тиімді пайдалануға,жүйелі ойлауға,шапшаңдыққа,компьютерлік сауатыллыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Модульдік технология,сыни тұрғысынан ойлау

технологиясының стратегиясы: «Бір тақырыпқа әр

қалыпты жазу»

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика

Сабақтың көрнекілігі: компьютер

Күтілетін нәтиже:

  • Өз ойларын еркін жеткізеді.

  • Өзін-өзі бағалайды.

  • Компьютерлік сауаттылық қалыптасады.

-Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді себебі біздер бүгін саяхатқа шығатын боламыз,яғни осы уақытқа дейін алған білімімізді ортаға салып,берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

-Ендеше сабағымызды бастамас бұрын сыныпты мына геометриялық фигураларды таңдау арқылы үш топқа бөлініп алайық. Топ басшыларында бағалау парақтары болады. Бүгін сабақта біздер мынадай аялдамаларға тоқталып өз білімімізді сарапқа саламыз.

Бірінші аялдама: «Білім орталығы»

Тапсырмалары:

1-топ: Графикалық редактор терезесінің элементтерінің атауларын жазыңыз

1



2


3


5 5


4





1-

2-

3-

4-

5-


2-топ: Графикалық редактор терезесінің құрал-саймандар атауын жазыңыз










3-топ: Кез-келген құралды пайдаланып,сурет салу кезеңдерінің дұрыс тізбегін жазыңыз.













Екінші аялдама: «Бейнелеу орталығы»

Әр топ мүшелі графикалық редакторда кезекпен жалғастыру арқылы берілген тапсырманы, суретті салады.

  1. Кез-келген түсті дөңгеленген тікбұрыш түріндегі суреттің жақтауын сал.

  2. Қара түсті қарындаш құралын таңда,көкжиек сызығын жүргіз.

  3. Құю құралын таңда,жерді ашық жасыл түспен,ал аспанды көгілдір түспен боя.

  4. Ең кішкене радиусты бүріккіш құралын таңда,қанық жасыл түсті шыршалардың суретін сал.

  5. Орта радиусты бүріккіш құралымен жерде түрлі түсті гүлдер сал.

  6. Орта радиусты бүріккіш құралымен аспанда қызғылт-сары күннің суретін сал.

  7. Ең үлкен бүріккіш құралымен сары күн сәулелерінің суретінсал.

  8. Ең үлкен радиусты бүріккіш құралымен аспандағы ақ бұлттардың суретін сал.

  9. Мәтін жазу құралын таңдап өзіне ұнаған тақырып жаз.


Үшінші аялдама: «Жазу орталығы»

Бұл аялдамада сіздердің шапшаңдықтарыңыз,сөздік қорларыңыз тексеріледі. Төмендегі берілген сөздерден мағыналы сөздер құрастыру.


1-топ:Ақпараттану. Информатика.

2-топ:Хабарландыру. Бағдарлама.

3-топ:Пернетақта. Анықтама.


Төртінші аялдама: «Сөйлеу орталығы»

«Бір тақырыпқа әр қалыпты жазу» стратегиясы бойынша оқушыларға тапсырма беру.

Мұнда оқушылар «Paint программасының мүмкіндіктері» атты

тақырыпқа жарнама жасайды.

Үйге тапсырма: Қайталау

Қорытындалау,бағалау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Paint графикалы? редакторы ж?не оны? сурет салу ??ралдары" саба? жоспары

Автор: Дюсекенова Балнур Кайрболатовна

Дата: 11.12.2015

Номер свидетельства: 265129


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства