kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ОЖ Linux. Linux ОЖ - ні? негізгі т?сініктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары

К?ні                                        П?н     Информатика                         Тобы                          

 

О?ытушыны? Т.?.А.             Жакыпбаев Р.Е.                                

Саба?ты? та?ырыбы:  ОЖ Linux. Linux ОЖ - ні? негізгі т?сініктері. Linux ОЖ - ні? файлды? ж?йесі

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушылар?а Linux ОЖ - ні? негізгі т?сініктерін беру,  Linux ОЖ - ні? файлды? ж?йесі туралы ма?л?мат беру;

Дамытушылы?: О?ушыларды? алды??ы саба?та ал?ан білімдерін ?олдана отырып, т?жірибе ж?зінде Linux операциялы? ж?йесімен ж?мыс жасай білу да?дыларын, практикалы? шеберліктерін дамыту шы?армашылы? ?абілетін, ?ызы?ушылы?ын арттыру?а ы?пал ету; О?ушыларды? компьютерде ж?мыс істеу ?абілеттерін, логикалы? ойлау ?абілетін жетілдіру,ал?ан білімдерін ны?айту,?з ойын толы? айту?а да?дыландыру.          

Т?рбиелік:   ?зін-?зі ба?алау?а,е?бек м?дениетін д?рыс ?йымдастыру?а, таза жазу?а,уа?ытты тиімді пайдалану?а,компьютерлік сауаттылы??а т?рбиелеу.

Саба? т?рі: Жа?а та?ырыпты ме?герту саба?ы.

Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, баяндау, с?ра? жауап, ??гімелесу, жазбаша ж?мыс, ?зіндік ж?мыс, ??гіме.

Саба?та ?олданылатын к?рнекті ??ралдар : компьютер, о?улы?, практикум

Саба?ты? барысы:

І.?йымдастыру кезе?і:

1.О?ушылармен с?лемдесіп,т?гендеу.

2.О?у-??ралдарын ?ада?алау.

3.О?ушы назарын саба??а аудару.

ІІ.Білім.?й тапсырмасын пысы?тау,?айталау с?ра?тары:

Берілген кестедегі бірінші ба?анада стандартты ба?дарламаларды? атаулары к?рсетілсе, келесі ба?анада стандартты? ба?дарламаларды? ат?аратын ?ызметі беріледі. Тек оларды? орындары шатастырылып берілген. О?ушылар бірінші ж?не екінші ба?ананы бір-бірімен д?рыс тауып, жал?астыруы керек.

Атауы                                                                        ?ызметі
Раіnt                                                               ?арапайым м?тінге обьекті кірістіру
?ойын д?птер                                                           Дискілерді? ж?мысын тексеру
Калькулятор                                                 ДК-ге жал?ан?ан ?осымша компьютерді іздеу
?ызметтік ба?дарламалар тізбесі                ?арапайым сызбалар т?р?ызу
Байланыс                                                       ДК-де арнайы эффектілерді ?олдану
WordPad                                                        ?уендер ты?дау, жа?а ?уен жазу
Арнайы м?мкіндіктер                                              Есептеулер жасау?а арнал?ан
Жетектеуіш                                                   ?арапайым м?тіндік ??жаттар даярлау
К??іл к?теру ба?дарламалары:                    ?ажетті ??жаттарды, бумаларды іздеу

«Дыбыс жазу», «Аудиоплеер»

ІІІ.Т?сіну. Жа?а саба?ты ме?герту.

 Linux операциялы? ж?йесі к?птеген жерлерде, я?ни ?жымды? мекемелер мен ?имараттарында о?уда тегін ж?не ?те ?арапайым OS Unix альтернативінде ке? таралды.

Б?гінгі барлы? операциялы? ж?йелерді? жа?сы ?асиеттерін Linux  ?зінде ?амтып т?р. Оны OS/2 операциялы? ж?йе сия?ты же?іл ?ондыру?а болады. Оны? графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар ж?не желіні? жасалу м?мкіндігі WindowsNT-дан жо?ары, ал к?п?олданбалы ж?мыс т?ртібі Unix принципі ар?ылы жасал?ан.

OS Linux-ті? болаша?ы жо? деп айтылуда. Біра? б?л операциялы? ж?йені? он бір жылды? тарихы бізге керісінше ойлану?а кепілдік береді.

Б?л ж?мысты? ма?саты Linux-ті? м?мкіндіктері мен ж?мыс ережелерімен танысу болып табылады. Б?лімдерде операциялы? ж?йені? жалпы ма?л?маттары ж?не оны дербес компьютерде ?ондыруды? процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялы? ж?йеде графиктік ж?не м?тіндік режимдермен ж?мыс істеуге болатыны к?рсетіледі. Ж?не де кейбір администраторлау ма?л?маттары мен OS-ті? жан-жа?ты ?амтылуы беріледі.

Linux–те инструменттерді? жина?ы ?амтамасыздандырыл?ан, осы инструменттер ар?ылы, сіз ?зі?ізді? жеке ?олданбалары?ызды, ??жаттары?ызды, WEB пара?тары?ызды, презентациялары?ызды, сызбаларды, ойындарды ж?не де компьютерлік графиктерге дейінде ?атынас ??ра аласыз. Интернетте Linux ж?йесі персоналды компьютерлерде ж?мыс жасайтындар?а негізгі тірек болып табылады. Интернетте ж?ріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялы? ж?йесі интернет тораптарын ж?не FTP – серверлерін ??ру?а р??сат береді. Осыны? ар?асында бас?а ?олданушылар (мысалы, модемі компьютерге ?осыл?ан, сізді? достары?ыз) сізді? Linux ж?йе?ізге к?п пайдаланушылар режимінде ?осыла алады.

Linux операциялы? ж?йесімен танысу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ОЖ Linux. Linux ОЖ - ні? негізгі т?сініктері »

Сабақ жоспары


Күні Пән Информатика Тобы


Оқытушының Т.Ә.А. Жакыпбаев Р.Е.


Сабақтың тақырыбы: WINDOWS - тың стандартты қосымшасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары: Жетектеуіш, WordPad, Paint, Қойын дәптер, Калькулятор жайлы түсінік бере отырып, олардың кеңейтілуі, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Оқушылардың 7-9 сынып информатика пәнінде алған білімдерін қолдана отырып, тәжірибе жүзінде Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларымен жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту шығармашылық қабілетін, қызығушылығын арттыруға ықпал ету;Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,алған білімдерін нығайту,өз ойын толық айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға,еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға, таза жазуға,уақытты тиімді пайдалануға,компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеу.

2.Оқу-құралдарын қадағалау.

3.Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ.Білім.Үй тапсырмасын пысықтау,қайталау сұрақтары:

1.Дұрыс жауап таңдау.

1.Ақпараттың өлшем бірліктері Бит,байт

2.Монитор не үшін арналған Ақпараттың ең үлкен бірлігі

3.Байт бұл...... Мәтіндік және сызбалық ақпаратты

бейнелеу

1.Басу сапасы бойынша ең қарапайым принтер тышқан

2.Кіші әріптерді үлкенге пайдалану пернесі shift

3.Арнайы кілемше бетіне жылжытатын құрылғы. Матрицалық

2.Сәйкестендіру тесті

1.Информатика дегеніміз не? Ақпараттық процес-ді

жүзеге асыратын құрылғы

2.Ақпарат дегенімізді қалай түсінеміз? Ақпараттық процестерді

зерттейтін ғылым

3.Компьютер дегеніміз не? Түсіндіру,баяндау,мәлімдеу.

1.Компьютердің негізгі құрылғысы. принтер

2.интерфейс дегеніміз не? Адам мен компьютер арасын-

дағы арақашықтық

3.Компьютердің шығару құрылғысы. Жүйелік блок,

пернетақта,тышқан,монитор

3. Билет сұрақтарына жауап бер.

1-билет

1.Компьютердің беті

2.Экранның фонын өзгерт

2-билет

1.Экрандағы қозғалыстарды басқарушы құрылғы

2.Ақпараттың ең кіші бірлігі

3-билет

1.Монитор қандай қызмет атқарады?

2.Paint графикалық редакторын іске қосыңыз

4-билет

1.Caps lock қандай қызмет атқарады?

2.Калькулятор бағдарламасын іске қосыңыз

5-билет

1.Винчестр қандай қызмет атқарады?

2.Paint программасын іске қос және қанша құралы бар?

ІІІ.Түсіну. Жаңа сабақты меңгерту.

Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:
1) программа-көрсеткіш Проводник,
2) графикалық редактор Paint,
3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad
4) Калькулятор
5) Адрестік кітап
6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,
7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,
9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).
Стандартты программалар мәзірі Таңдау (ПУСК) батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң, «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажеттісін таңдау керек.
1. Блокнот мәтіндік редакторы Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік кұжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.
Көптеген әрекеттерді пернетақтады жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:
CTRL + N – құру CTRL + Y- қайталау CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)
CTRL + O – ашу CTRL + X-кесіп алу CTRL + G – өту
CTRL + S – сақтау CTRL + C – көшірме алу CTRL + A – барлығын белгілеу
CTRL + P – басу CTRL + V – қою
CTRL + Z – болдырмау CTRL + F – табу
2. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны – кұжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол – шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.
WordPad кұжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.
WordPad программасы кұрамды кұжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.
WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:
CTRL + N – кұру CTRL + O- ашу CTRL + S- сақтау
CTRL + P –басу CTRL + Z – болдармау CTRL + Y- қайталау

CTRL + X- кесіп алу CTRL + C – көшірме алу CTRL + V – қою
CTRL + F – табу CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру) CTRL + А – барлығын белгілеу
3. Калькулятор. Калькулятор программасы стандартты (калыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.
Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:
1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;
2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.
Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* – көбейту, / – бөлу, + – қосу, – - алу, sqrt – квадрат түбір табу, % – пайыз табу, 1/х – кері шаманы есептеу, үтір – бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- – санның таңбасын өзгерту, = – есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:
С – жаңа есептеуді бастау
СЕ – терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,
МС – жадыдағы санды өшіреді,
МК – жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,
МS – калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,
М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,
Васкsраsе – кейінгі терілген цифрды өшіреді.
4. Жетектеуіш (Проводник)
Жетектеуіш – программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Жетектеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Web-беттерді көруге болады және т.б. Жетектеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.
Жетектеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.
Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың кұрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын кұрылымы осы тақтада көрсетіледі.
Сол жақ тақтада бумалар денгейлерінің иерархиялық кұрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы "+" белгісі, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, онда ендірілген бумалар көрсетіледі, ал буын белгісі "-" ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның кұрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі.
Жетектеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:
CTRL + Z – болдармау
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V- қою
CTRL + А- бәрін белгілеу
5. Графикалық редактор Раіnt Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді кұру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттін көшірмесін Раіntта әрі қарай оңідеуге алуға болады. Раіntта кұрылған суретті басқа құжаттарға қоюга немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.
Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.
CTRL + N – құру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P – басу
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + А – бәрін белгілеу
CTRL + Т- саймандар
CTRL + L – палитра CTRL+ F- суретті көру
CTRL+ R- шағылыстыру/бұру
CTRL+ W- созу/еңкейту
CTRL+ I- қарсы түске өзгерту
CTRL+ E- атрибуттар

IV. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін қолданып, практикалық шеберлікті дамыту, дербес компьютермен жұмыс

Топтағы оқушылар топтарға бөлініп, отырғызылғандықтан, әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, жеребе арқылы жұмыс жасайтын cтандартты бағдарламаны таңдайды. Осыдан соң әр топқа таңдалған стандарттық бағдарлама бойынша тапсырмалар беріледі.

Қойын дәптер бағдарламасы бойынша оқушыларға тапсырмалар
1 – тапсырма. Кім шапшаң? Топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген стандарттық бағдарламаны дербес компьютерде жүктеп көрсетуі керек.
2 – тапсырма. Кім епті? Топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламалар бойынша тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
Қойын дәптер (Блокнот) бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. Блокнот бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде берілген мәтінді теру керек:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға,
Әділет, шапағат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
3. Мәтінді «Тақпақ» деген атаумен сақта.

3 – тапсырма. Кім жүйрік? Топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламаларға басқа да стандарттық бағдарламаларды қолдана отырып орындау үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
Блокнот-Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. Блокнот бағдарламасын жүктеу.
2. Мәтінді теріңіз.
Сұрақ:
Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен … 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Мен мектепті 10000000001000 жылы бітіремін.
Жауап:
Мен _____ жастамын. Мектеп табалдырығын ____ жасымда аттадым. Мен ________мектептің ______ сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы ________ оқушы. Мен мектепті _______ жылы бітіремін.
3. Калькулятор программасын іске қосыңыз, сізге кедергі болмау үшін, калькуляторды терезенің тақырыбының сыртына орналастырыңыз.
4. Инженерлік калькулятор төрт санау жүйелерінде жұмыс істей алады. Олар: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық. Олардың қажеттісін таңдау үшін сәйкес төрт батырманың бірін шертеді, яғни Hex (он алтылық), Dec (ондық), Oct (сегіздік), Bin (екілік). Егер санды ондық жүйеде теріп, қалған үшеуінің бірін басса, индикатор өрісіндегі сан автоматты түрде жаңа жүйеге аударылады. Мысалы, екілік жүйедегі 1111 санын теріп, Dec (ондық) батырмасын басса, онда индикатордан 15 саны көрінеді.
5. Сол сияқты есепте көрсетілген әрбір екілік санды калькуляторға тере отырып, оны ондық жүйеге алмастырып, төмендегі есепті шешуі керек.
6. Есептеп шығарған нәтижелерді Блокнот бағдарламасында терілген мәтінге толықтырып, жазыңыз.
7. Файлды «Есептік жұмбақ» деп сақтаңыз.

4 – тапсырма. Кім білімпаз? Топтастыру стратегиясы бойынша топтардағы оқушылар орындарында отырып, берілген стандарттық бағдарлама бойынша білімдерін қолдана отырып, схеманы толтыру арқылы бір-бірін толықтырып, қорытындылайды.

5 – тапсырма. Кім шығармашыл? Топтың бір мүшесі шығып, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

WordPad бағдарламасы бойынша оқушыларға тапсырмалар

1 – тапсырма. Кім шапшаң? Топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген стандарттық бағдарламаны дербес компьютерде жүктеп көрсетуі керек.
2 – тапсырма. Кім епті? Топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламалар бойынша тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. WordPad бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде төмендегі мәтінді теру қажет:

Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық,
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық!

3. Мәтінді «Тақпақ» деген атаумен сақта.

3 – тапсырма. Кім жүйрік? Топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламаларға басқа да стандарттық бағдарламаларды қолдана отырып орындау үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
WordPad-Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. WordPad программасын іске қосыңыз.
2. Мәтінді теріңіз.

3. Файлды «Ведомость» атымен сақтаңыз.
4. 10550 санын теңге сөзісіз бөліп алып, Правка – Копировать командасы арқылы алмасу буферіне көшіріңіз.
5. Калькулятор программасын іске қосыңыз, сізге кедергі болмау үшін, калькуляторды терезенің тақырыбының сыртына орналастырыңыз.
6. Правка – Вставить командасын пайдаланып, алмасу буферінен санды индикаторға шақырыңыз. Индикация алаңында 10550 саны пайда болады.
7. – ті басып, оны калькулятор жадына жазыңыз.
8. Ведомостқа қайта оралып, 4987 санын бөліп алып, оны алмастыру буферіне көшіріңіз.
9. Санды бөліп алғаннан кейін, калькулятор терезесі өшеді (жойылады). Есеп тақтасындағы оның батырмасын шертіңіз.
10. Алмасу буферінен 4987 санын калькулятор индикаторына қойыңыз да, «қосу» батырмасын шертіңіз.
11. 653 және 489 сандарын қосу үшін 8 – 10 пунктердегі амалдарды орындаңыз.
12. Қосымшада нәтижесі – 6129 индикатордан көрінеді. «Алу батырмасын шертіңіз.
13. Одан соң және «тең» батырмаларын шертіңіз.
14. Есептеу нәтижесі – 4421 шығады.
15. Нәтижені алмасу буферіне көшіріңіз.
16. WordPad терезесінің «жұмыс құны» жолағының қажетті орнына меңзерді орналастырып, алмасу буферіндегі нәтижені орналастырыңыз.

4 – тапсырма. Кім білімпаз? Топтастыру стратегиясы бойынша топтардағы оқушылар орындарында отырып, берілген стандарттық бағдарлама бойынша білімдерін қолдана отырып, схеманы толтыру арқылы бір-бірін толықтырып, қорытындылайды.

5 – тапсырма. Кім шығармашыл? Топтың бір мүшесі шығып, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

Калькулятор бағдарламасы бойынша оқушыларға тапсырмалар

1 – тапсырма. Кім шапшаң? Топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген стандарттық бағдарламаны дербес компьютерде жүктеп көрсетуі керек.
2 – тапсырма. Кім епті? Топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламалар бойынша тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.

ІІІ. Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
Қызметкерлері 8 адамнан тұратын кіші бөлімшенің орта жалақысын есептеу мысалын қарастырайық. Айталық бірінші қызметкердің жалақысы – 17500, екіншісінікі – 17300, үшіншісінікі – 16800, төртіншісінікі – 16000, бесіншісінікі – 15500, алтыншы қызметкердікі – 14800, жетіншісінікі – 14000, сегізіншісінікі – 13800 теңге болсын.
Орта жалақыны есептеу үшін төменгі амалдарды орындау керек:
1. Инженерлік калькуляторды іске қосыңыз;
2. Sta батырмасын басыңыз;
3. Калькулятор терезесін жаппайтындай етіп Статистика терезесін ашыңыз;
4. Бірінші санды енгізіп Dat батырмасын басқанда сан Статистика терезесінен көрінеді.
5. Dat батырмасын баса отырып қалған сандарды енгізу;
6. Барлық сандар Статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін Ave батырмасын басқанда, калькулятордың индикаторында жалақының орта мәні қанша теңге екені көрінеді.
7. Жұмысты жасап болған соң, оқытушыға көрсет.

3 – тапсырма. Кім жүйрік? Топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламаларға басқа да стандарттық бағдарламаларды қолдана отырып орындау үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.

ІІІ. Калькулятор-WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
4. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.
5. Ашылған терезе төмендегі терезені тұрғызып, мәтінді теріңіз:
Бояуға кеткен материалдар шығыны

Есіктер Терезе алды
Материал 10м-ге шаққанда кг Ауданы Шығын 10м2-ге шаққанда кг Ауданы Шығын
Олиф 7,60 5,00 6,60 5,00
Белила 6,00 3,00 6,50 5,00
Пигмент 1,50 4,00 0,60 6,00

6. Барлық кестені ерекшелеп алып, WordPad құжатына көшіріп қойыңыз, немесе WordPad құжатын ашып, Кірістіру→Обьект→ Microsoft Word құжаты немесе Кірістіру→Обьект→файлдан, ары қарай Microsoft Word құжатының атауын көрсету арқылы.
7. Берілген құжатты «Материалдың жұмсалауы» деп сақтаңыз.
8. Калькулятор бағдарламасын ашып, есіктер мен терезе жақтауларын бояуға кететін материалдарды есептеп шығарыңыз.
9. Есептеу нәтижелерін кестеге жазыңыз. Жұмысты аяқтап, сақтап, барлық терезелерді жабыңыз.
4 – тапсырма. Кім білімпаз? Топтастыру стратегиясы бойынша топтардағы оқушылар орындарында отырып, берілген стандарттық бағдарлама бойынша білімдерін қолдана отырып, схеманы толтыру арқылы бір-бірін толықтырып, қорытындылайды.

5 – тапсырма. Кім шығармашыл? Топтың бір мүшесі шығып, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.
Paint бағдарламасы бойынша оқушыларға тапсырмалар

1 – тапсырма. Кім шапшаң? Топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген стандарттық бағдарламаны дербес компьютерде жүктеп көрсетуі керек.
2 – тапсырма. Кім епті? Топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламалар бойынша тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.

ІV. Paint бағдарламасы бойынша тапсырма: «Суда жүзген қайықтар» суретін салу.
Жұмысты орындау:
1. Горизонт сызығын салып, көрсет.
2. Эллипстің көмегімен күннің суретін салып, эллипстің төменгі жағын «Өшіргіш» арқылы өшіріп таста.
3. «Құю» әрекеті арқылы теңіз, аспан, күнді бояу қажет.
4. «Сызық», «Шашыратқыш», «Төртбұрыш», «Құю» әрекеттерін кезек қолдана отырып, экранның бос жерінде қайықтың суретін сал.
5. Оны «Ерекшелеу» әрекеті арқылы ерекшелеп, алмастыру буферіне сақтап ал. Ол үшін қажетті сурет аймағын белгілеп, ерекшеле. Содан соң, горизонтальды мәзірден «Түзету – көшіру», «Түзету – Қою» әрекеттері арқылы алмастыру буферіне сақта.
6. Алмастыру буферінде сақталған қайықтың суреттерін су бетіне бірнеше көшірме жасай отырып, орналастыр.
1. Суретті «Суда жүзген қайықтар» деп сақта.

3 – тапсырма. Кім жүйрік? Топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламаларға басқа да стандарттық бағдарламаларды қолдана отырып орындау үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.

ІV.Paint -WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. Paint бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде «Құттықтау қағазын» даярлаңыз.
3. Ол үшін WordPad программасын іске қосыңыз.
4. Мәтінді теріңіз.
Ізгі сөзім арналады жүректен,
Орындалсын әрбір ниет – тілектер,
Бұл өмірдің басты мәні – сыйластық,
Болсын Сізде мұндай достар сыр шерткен!
5. Мәтінді алмастыру буферіне сақтап алып, Paint бағдарламасының терезесін ашып, Түзету→Көшіру, Түзету→Қою амалдарын орындау арқылы құттықтау қағазына құттықтама ретінде кірістіріңіз.
6. «Төртбұрыш» амалын қолдана отырып, құттықтау қағазына жиектеріне әшекей жасаңыз. Құжаттың оң жақ төменгі бөлігіне қажетті құрал-жабдықтарды қолдана отырып, көркемдеу үшін өрнектер салыңыз.
7. Жұмысты аяқтаған соң, файлды «Құттықтау» деп сақтаңыз.

4 – тапсырма. Кім білімпаз? Топтастыру стратегиясы бойынша топтардағы оқушылар орындарында отырып, берілген стандарттық бағдарлама бойынша білімдерін қолдана отырып, схеманы толтыру арқылы бір-бірін толықтырып, қорытындылайды.

5 – тапсырма. Кім шығармашыл? Топтың бір мүшесі шығып, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

ІV.Бекіту.

Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында «Жалғастыр» әдісі орындалады. Берілген кестедегі бірінші бағанада стандартты бағдарламалардың атаулары көрсетілсе, келесі бағанада стандарттық бағдарламалардың атқаратын қызметі беріледі. Тек олардың орындары шатастырылып берілген. Оқушылар бірінші және екінші бағананы бір-бірімен дұрыс тауып, жалғастыруы керек.

Атауы Қызметі
Раіnt Қарапайым мәтінге обьекті кірістіру
Қойын дәптер Дискілердің жұмысын тексеру
Калькулятор ДК-ге жалғанған қосымша компьютерді іздеу
Қызметтік бағдарламалар тізбесі Қарапайым сызбалар тұрғызу
Байланыс ДК-де арнайы эффектілерді қолдану
WordPad Әуендер тыңдау, жаңа әуен жазу
Арнайы мүмкіндіктер Есептеулер жасауға арналған
Жетектеуіш Қарапайым мәтіндік құжаттар даярлау
Көңіл көтеру бағдарламалары: «Дыбыс жазу», «Аудиоплеер» Қажетті құжаттарды, бумаларды іздеу


VІ.Бағалау


VІІ.Үйге тапсырма беру. Тақырыпты оқып келу,дәптерге ережелерін түсіру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
ОЖ Linux. Linux ОЖ - ні? негізгі т?сініктері

Автор: Жакыпбаев Роллан Ерболатович

Дата: 26.06.2014

Номер свидетельства: 108696


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства