Бағдарламалар:Microsoft Excel, Microsoft Power Point
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды сабаққа даярлау.
2. Зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№1 Сұрақтарға жауап.
№2. Информатикалық диктант
Тақырыбы: «Ұяшық»
Ұяшық кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта _________,__________, _________, жазылады. Ұяшықтар__________ мен ___________ қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес ___________ мен ________ тұрады. Мысалы:
В10 адресі____ бағанасы мен _____ жол қиылысында дегенді білдіреді.
№3. Диаграмма дегеніміз не?
Диаграмма – кесте ішінде орналасқан сандық мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеудің бір тәсілі. Кітап беттеріндегі кестелерге мәліметтерді енгізу және есептеу жұмыстары өте жеңіл іске асқанмен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседі. Міне сондықтан диаграмма құрылады.
Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:
тор
тақырып- диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
аңыз- диаграммада берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.
Excel бағдарламасында диаграмма құру өте жеңіл жүзеге асады. Ол үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграммалар шеберін іске қосу жеткілікті. Бұл диаграммалар шебері біраз дайындық жұмыстарын жасайды
№4. Диаграмманың түрлерін ата:
Диаграмманың түрлеріне:
Гистограммалар – мәліметтер жинағын салыстырмалы түрде көрсетуде ыңғайлы. Оларды жылдық көрсеткіштерді, өнімнің бірнеше жылдар бойына өндірілу деңгейімен салыстырмалы түрде сипаттауға пайдаланады.
Сызықты диаграмма – бұлда гистограмма сияқты, бірақ діңгек бағыты басқаша орналасқан. Гистограммадан айырмашылығы сызықты сатылық көрсеткіш (х-діңгегі) тігінен, ал мәндік көрсеткіш (У-діңгегі) көлденең орналасқан діңгектік сызық әсіресе салымтырмалы көрсеткіші үшін өте қолайлы.
Арада уақыт өткен сайын бет алыс бағытын анықтау үшін, мысалы ақша айналымындағы курстық ауытқуын бақылау үшін, салыстыру үшін, сызба диаграммалар қолайлы.
Айналма диаграммалар- тұтастық бөліктерді көрсететін сызбалар. Оларды пайдалану арқылы бүтіннің құрамдас бөліктері қандай үлес алатынын көруге болады. (мыс: барлық бюджет және оның баптары-бөлек, бөлек. Барлық инвестициялық портфель және оған енетін инвестициялар көлемі) айналма диаграмма тек бір ғана атаулы мәліметтер жинағын көрсетеді.
Нүктелік диаграммалар – статистикада кеңінен пайдаланады. Олар арқылы шашыраңқы мәліметтерді көрсетуге болады.
Мыс: белгілі бір тауардың күнделікті сатылуын талдау қажет болады, ал кей уақытта ол тіпті сатылмай қалады. Сондай кезде нүктелік диаграмма жасалады.
Салалы диаграмма – сызба түрі сияқты салалы диаграмма мәліметтердің кейбір уақыт ішіндегі өзгерісін білдіреді.Бұл диаграмма айналма диаграмма сияқты бүтіннің бөлшекке қатынасын көрсетеді.
Жапырақты диаграммалар – көбіне зат туралы түсінік алу қиын болған жағдайда қолданылады. Олар мәліметтердің нәтижелері әртүрлі болғандағы сәйкестікті көрсетуге арналады. Жүйеліліктің барлық тарауы бойынша берілетін мәліметтердің қатынасын, ара салмағын көрсетуге пайдаланылады.
Үстіңгі қабат диаграмма – бұл мәліметтер көлемі көп болғанда, әртүрлі ауыспалы өзара байланысты мәліметтерді көрсетуге пайдаланылады. Үстіңгі қабат диаграммалары жергілікті жердің бедерін көрсететін карта сияқты көлемді мәлімет жиынтығы үшін «биіктікті» немесе «ылдиды» көрсетеді.
Диаграмманы белгілеп. Файл – баспаға беру немесе батырмасын басамыз. Немесе Ctrl+P батырмаларын басу арқылы да баспаға беруге болады. Шыққан жанама терезеден ерекшеленген диапазон, беттің номері, неше дана екенін белгілеу. Содан кейін ок батырмасын басамыз.
№3 тапсырма.
ІV. Бекіту
Семантикалық карта
Жолдар
Бағандар
Ұяшық
Диаграмма
Формула ұяшыққа қалай енгізіледі
=
+
Латын әріптерімен
+
Араб цифрларымен
+
Гистограмма.
Сызықтық.
Графиктік.
Жапырақтық.
Шөпіршікті.
Нүктелік
+
Жол мен бағанның қиылысуы
+
V. Сабақты қорытындылау және бағалау
Бүгінгі өткен сабағымызды қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.
VI.Үйге тапсырма:
Ет тағамдарын пайдаланып жасалатын салаттың кестесін құру.