Просмотр содержимого документа
««Операциялы? ж?йені? параметрлерін баптау ж?не ?алпына келтіру»»
БЕКІТЕМІН: ________
ОІЖО Нурмуканова Л. М
ЖОСПАР
Сабақ ____
Күні _____
Топ ______
Сабақтың тақырыбы:Операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды операциялық жүйе ұғымымен таныстыру, операциялық жүйенің маңызы, түрлері туралы мағлұмат беру, интерфейс ұғымын кеңейту. Алған теориялық білімдерін практикада игеру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін арттыру, компьютердің жұмысы туралы білігін арттыру, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелілікке, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: слайд, үлестірме карточкалар
Техникалық жабдықталу: ДК, интерактивті тақта, слайд
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жекелей саралап даралап, практикалық жұмыс
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, математика.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Кезекшінің мәліметін тыңдау.
3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
IІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Ең алғашқы және кең қолданылған программалау тілі? (Фортран тілі – 50 ж ортасында)
Программалық жасақтама қандай деңгейлерден тұрады? (3 деңгейден тұрады, базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы)
Программалау дегеніміз не? (программалау – хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы)
Программалау тілдері неше түрге бөлінеді? (2-ге бөлінеді, процедуралық және процедуралық емес)
Қандай программалау тілдерін білесіңдер? (Алгол-60, Паскаль, Модуль-2, Симула-67)
IІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады. Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.
ОЖ болмаса, қазіргі заманғы компьютердің аппараттары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық ақпараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.
Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады. Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
Операциялық жүйе (ОЖ) - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
1-тапсырма:Күнді және уақытты баптау.
Компьютерлеріндегі күн мен уақытты өзгертіңдер.
Бас менюден Настройка – Панель управления командасын таңдаңдар.
Басқару панелі терезесінен Дата/Время белгісінде екі рет шертіңдер.
Екі қосымшасы бар Свойства: Дата/Время терезесі пайда болады.
Дата/Времяқосымшасын белсенді қылыңдар.
Датабөлімінде туған күндеріңді қойыңдар: ол үшін Жыл көрсетілген өрісте Айналдырубатырмасының көмегімен туған жылдарыңды таңдаңдар, содан кейін Айкөрсетілген өрісте туған айларыңды таңдаңдар да, күнтізбеден маусты шертіп, санды таңдаңдар.
Времябөлімінде сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар: ол үшін сағаттың астындағы уақыт көрсетілген өрісте маусты шертіңдер. Содан кейін Айналдыру батырмасымен қажет уақытты таңдаңдар немесе пернетақтадан енгізіңдер.
Применитьбатырмасын шертіңдер.
ОКбатырмасын шертіңдер.
Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттарың бейнеленеді. Ал енді жоғарыда келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар.
2 - тапсырма.Жұмыс үстелінің түрін өзгерту.
Жұмыс үстелінде тышқанның оң жақ батырмасын басыңдар.
Свойства командасына шертіңдер.
Свойства: Экрантерезесі пайда болады.
Фонқосымшасын белсенді қылыңдар.
Рисунок рабочего стола бөлімінен қажетті суретті таңдаңдар, сурет компьютер экранында көрінеді.
ОКбатырмасын шертіңдер.
IV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
Сұрақ-жауап
Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет ?
Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе
Windows операциялық жүйесіндегі жойылған файлдар сақталатын қойма ?
Операциялық жүйе түрлері?
Microsoft фирмасының негізін қалаушы?
Практикалық бөлім: оқушылар тапсырма алып компьютермен жұмыс жасайды. Тапсырма 2 деңгейде беріледі.
1-тапсырма:Күнді және уақытты баптау.
Компьютерлеріндегі күн мен уақытты өзгертіңдер.
Бас менюден Настройка – Панель управления командасын таңдаңдар.
Басқару панелі терезесінен Дата/Время белгісінде екі рет шертіңдер.
Екі қосымшасы бар Свойства: Дата/Время терезесі пайда болады.
Дата/Времяқосымшасын белсенді қылыңдар.
Датабөлімінде туған күндеріңді қойыңдар: ол үшін Жыл көрсетілген өрісте Айналдырубатырмасының көмегімен туған жылдарыңды таңдаңдар, содан кейін Айкөрсетілген өрісте туған айларыңды таңдаңдар да, күнтізбеден маусты шертіп, санды таңдаңдар.
Времябөлімінде сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар: ол үшін сағаттың астындағы уақыт көрсетілген өрісте маусты шертіңдер. Содан кейін Айналдыру батырмасымен қажет уақытты таңдаңдар немесе пернетақтадан енгізіңдер.
Применитьбатырмасын шертіңдер.
ОКбатырмасын шертіңдер.
Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттарың бейнеленеді. Ал енді жоғарыда келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар.
2 - тапсырма.Жұмыс үстелінің түрін өзгерту.
Жұмыс үстелінде тышқанның оң жақ батырмасын басыңдар.
Свойства командасына шертіңдер.
Свойства: Экрантерезесі пайда болады.
Фонқосымшасын белсенді қылыңдар.
Рисунок рабочего стола бөлімінен қажетті суретті таңдаңдар, сурет компьютер экранында көрінеді.
ОКбатырмасын шертіңдер.
Информатикалық диктант
Операциялық жүйе- бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Ол адам мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Бұл байланыс интерфейсдеп аталады.
Бірміндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Ал көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
V. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: «Операциялық жүйе» тақырыбына 1-деңгей 5, 2-деңгей 10, 3-деңгей 15 тест сұрақтарын дайындап келу
VII. Бағалау кезеңі:Оқушыларды білім деңгейлеріне сәйкес бағалау.