kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Операциялы? ж?йе міндеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?та о?ушыларды windows ортасы ерекшеліктерімен, ж?мыс ?стелі т?сінігімен таныстыру, есептер та?тасын, "Бастау" батырмасын ж?не басты менюді ж?мыста ?олдану?а ?йрету ж?не маус манипуляторын ме?герту болып табылады. О?ушыларды? ойлау ?абілетін, логикасын, м?дениетін дамыта отырып, жан-жа?ты болу?а, ?з беттерімен ж?мыс істеуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Операциялы? ж?йе міндеттері»

Сабақтың тақырыбы:  Операциялық жүйе міндеттері

Сабақтың  мақсаты: Операциялық жүйе ұғымы мен және ОЖ міндеттерімен  жөнінде мағлумат беру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» монипуляторын меңгерту.

 ДамытушылықОқушылардың  ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

 Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өтілгенді пысықтау

  3. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

  4. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  5. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  6. Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

  1. I.            Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

  1. II.            Өтілгенді пысықтау

  • Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

  • ОЖ-нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.

  • Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?

  • Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

  • Олардың классификациясын түсіндіріңдер

  • Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

  • Драйвердің рөлі қандай?

  1. III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

WINDOWS-тың негізгі функциясы - осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.

WINDOWS – бұл  компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі-бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft WINDOWS'98 ортасының ерекшеліктері:

-      пайдаланушының интерфейсін стандарттау;

-      көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;

-      жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;

-      бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;

-      көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбалы қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;

~ графикалық режімді басым қолдану;

-      жергілікті желі және Іnternet  желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас
құралдары;

-      мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;

-      "Рlug and Play" технологиясы (қосатын құфылғыларды автоматты баптау).

WINDOWS - графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.

WINDOWS-тің обьектілері - терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлъщтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.

WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.

Шартбелгі - экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін.

Жарлық - белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

Қапшық - экаранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл обьектілер қоймасы.

Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция - экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.

Мәлімет алмастыру буфері - әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.

Есептер тақтасы - бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолак. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске косылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.

«Пуск» батырмасы - бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пункттен тұрады:

  1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім

  2. Жуық арада ашылған құжаттардың 15-тен аспайтын тізімі

  3. Баптау

  4. Іздеу

  5. Анықтама

  6. Орындау  

  7. Жүмысты аяқтау

  8. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  • Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • Sin.kz  бағдарламасындағы тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

  1. V.            Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  • Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.

  • Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

VI.Бақылау кезеңі

  • WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?  

  • WINDOWS ОЖ  қандай обьектілер бар?

  • Тышқанның атқаратын қызметі қандай?

  • Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?

  • Жұмыс столының атқаратын қызметі

  • Шартбелгі дегеніміз не?

  • Жарлық дегеніміз не?

Үйге  тапсырма: «Информатика -  5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, §8, А, В деңгейі










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Операциялы? ж?йе міндеттері

Автор: Нургалиева Гульназ Кажимуратовна

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 292098


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства