WINDOWS операциялы? ж?йесі ж?ктелгеннен кейін экранда ж?мыс ?стелі пайда болады. Стандартты т?рде ж?мыс ?стелінде :
Компьютер;
Желі;
?оржын;
Бас?ару та?тасы сия?ты нысандарды? белгішелері;
Есептер та?тасы;
Бастау батырмасы орналасады.
Бастау батырмасын бас?аннан кейін WINDOWS-ті? Бас м?зірі ашылады. Ж?мыс ?стеліні? сырт?ы
пішімін ?згерту ?шін Персонализация б?йры?ы ?олданылады. Бетперде мониторды? экранын б?зылудан са?тау ?шін керек.
Просмотр содержимого документа
«ОПЕРАЦИЯЛЫ? Ж?ЙЕНІ БАС?АРУДЫ? НЕГІЗГІ Т?СІЛДЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ »
№ 9 сабақ
Сыныбы: 5ә Күні: 01.11.2014
Сабақтың тақырыбы : Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» манипуляторын меңгерту;
Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық абстракциясын дамыту.
Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі : практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, слайд материалы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Үй тапсырмасы бойынша сұрақ-жауап:
Жаңа материалды баяндау:
WINDOWS операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда жұмыс үстелі пайда болады. Стандартты түрде жұмыс үстелінде :
Бастау батырмасын басқаннан кейін WINDOWS-тің Бас мәзірі ашылады. Жұмыс үстелінің сыртқы
пішімін өзгерту үшін Персонализация бұйрығы қолданылады. Бетперде монитордың экранын бұзылудан сақтау үшін керек.
Практикалық жұмыс:
А ДЕҢГЕЙІ:
Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар;
Персонализация бұйрығын таңдаңдар;
Жұмыс үстелі тақырыбын өзгертіңдер;
5минуттан кейін бетперде пайда болатындай етіп баптаңдар.
В ДЕҢГЕЙІ:
Тілдер тақтасында контекстік мәзір шақырыңдар;
Параметрлер бұйрығын таңдаңдар;
Жаңа тіл қосыңдар;
Жаңа тілдің Тілдер тақтасында пайда болғанын тексеріңдер;
Жаңа тілді алып тастаңдар;
Тілдер тақтасында тілдерді өзгерту пернелерінің әртүрлі тіркесімдерін баптау мүмкіндіктерімен танысыңдар;
Жұмыс үстелінің сыртқы түрін өзгертіңдер.
Сабақты бекіту тапсырмалары:
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: (76-бет)
Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:
а) саймандар тақтасы в) нысан белгішелері
с) есептер тақтасы д) бастау батырмасы
Экранның сағатты көруге болатын аймағы:
а) жұмыс үстелі в) есептер тақтасы
с) бас мәзір д) нысан белгішелері
Компьютерді өшіру үшін ... жеткілікті:
а) бас мәзірдегі тиісті бұйрықты таңдау
в) компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу
с) менің компьютерім белгішесін пайдалану
д) тілдер тақтасын қолдану
Бас мәзірді шақыру үшін ... керек:
а) менің компьютерімді ашу в) бастау батырмасын басу
с) есептер тақтасын ашу д) қоржынды ашу
Бас мәзірдің құжаттар бұйрығы:
а) музыкалар топтамасын ашады в) файлдарды іздетеді
с) бейнелер топтамасын ашады д) құжаттар топтамасын ашады
Бас мәзірдің бейнелер бұйрығы:
а) музыкалар топтамасын ашады в) құжаттар топтамасын ашады
с) бейнелер топтамасын ашады д) файлдарды іздетеді
Бас мәзірдің басқару тақтасы бұйрығы:
а) компьютердің параметрлерін баптайды в) файлдарды іздетеді
с) бейнелер топтамасын ашады д) принтерді баптау терезесін ашады
Үйге тапсырма:
Бағалау: