Бірге ойлаймыз әдісі. Білім алушыларға мобильді құрылғылардың түрлерін еске түсіріп, суретін дәптерге салу ұсынылады / (немесе дайын суреттен белгілетуге болады) Мобильді құрылғының түрлерінің анықтамасын сұралады. Мобильді құрылғы дегеніміз не? Мобильді құрылғылардың қандай түрлері бар? Жауабы: 1.Мобильді құрылғы - бұл кез-келген ноутбук немесе смартфон үшін жалпы термин. Бұл термин «тасымалданатын», «портативті құрылғы» және «қол компьютері» терминдерімен алмастырмалы түрде қолданылады. Планшеттер, электронды оқу құрылғылары, смартфондар және зияткерлік мүмкіндіктері бар портативті музыка ойнатқыштары - мұның барлығы мобильді құрылғылар. 2. мобильді құрылғылардың түрлері: камера телефондары, смартфондар, ойнатқыш телефондар. Мобильді құрылғылар нарығына шағын зерттеу жүргізіп, келесі санатқа арналған смартфондардың өзіндік тізімін жаса: а) такси жүргізушісі үшін ә) құжаттармен жұмыс жасайтын агенттік үшін в) мектеп оқушыларына арналған, үнемді Дескрипторлар: Оқушы белгілі бір жағдайға сипаттама береді; Ұялы құрылғыларға мысал келтіреді; Ұялы құрылғылардың әртүрлі үлгілерін салыстырады. Бұл кезеңде оқушыларға жана тақырыпты игеру үшін топпен жұмыс беріледі, яғни «баяндама» оқыта үйрету әдісі. (слайд,видео) 3 қатар 3 топ болып саналады. Әр топқа мәтін беріледі. Әр топ өз мәтінін талдап баяндама дайындайды, Топтан бір оқушы баяндаманы оқып береді.Қалған топтың біреуі қарсы сұрақ қояды, біреуі идея айтады, оқытушы бағалайды ( бағалау кезінде міндетті түрде баға қойылмайды, олар тек тапсырманы қалай орындағаны туралы өз ойларын айтады) Сонында 3 топтың баяндасын біріктіріп,тұтас тақырыптың мазмұнын оқытушы жинақтап түсіндіріп шығады. Дескриптор: -Берілген мәтінмен жұмыс жасап,ойын еркін жеткізе алады; -Қарсы топқа сұрақ қойып,идея ұсына алады; -Берілген мәтіннің мағанасын ашады. Формативті сауал әдісі: Кандай? Қалайша? Қалай? 1.Қандай себептерге байланысты АҮФ энергия көзі болып саналады? 2.Қалайша АҮФ ролін аккумулятормен салыстыруға болады? Жауабынды дәлелде 3.Клеткадағы энергия алмасу қалай жүретінін сипаттап бер. Дескриптор: -АҮФ тың энергия көзі екенін дәлелдейді; -АҮФ тың энергия алмасудағы ролін түсіндіре алады; -Энергия алмасу кезеңдерін талдайды Бұл әдіс арқылы айтылған, көрсетілген маліметті білім алушылар қолданып, жинақтап,талдайды. Сабақты қорытындылау: Постер қорғау. Жұппен жұмыс: Мобильді құрылғыларды қолданумен атқарылатын қызметтерді сипаттаңыз (ақпарат, байланыс, интернет, әлеуметтік желілер) Білім алушылар интернет ресурстарды, оқулықты,берілген ақпарттарды пайдаланып постер дайындап қорғайды. Қорғау барысында мына екі сұрақ жауабы айтылуы тиіс 1. Мобильді құрылғылардың ең тиімді қолданыста қолданылатын түрі мен қызметі? 2. Мобильді құрылғылардың жұмыс жасау принциптері мен « Қалыптастырушы бағалау кезінді білім алушы қателесуіне оны түзетуіне құқылы. Соңында білім алушылар бағалау критерийлері бойынша өзара бағалауды жүзеге асырады. Бағалау парағы беріледі. Постер арқылы «Бағалау» денгейі орындалады. |