Оқушыларды түгелдеп, сынып тазалығына көңіл бөліп, оларды сабаққа жұмылдыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берген тапсырма “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
Егер дұрыс жауап берсе Орташа жауап берсе Нашар жауап берсе
Осы жетондар арқылы бағаланады.
1 – сұрақ: Модель дегеніміз не?
2 – сұрақ: Компьютерлік модельдеуді қалай түсінесіңдер?
3 – сұрақ: Алгоритмнің түрлерін ата
4 – сұрақ: Ақпараттың өлшем бірліктері
5 – сұрақ: Операциялық жүйе дегеніміз не?
6 – сұрақ: Компьютердің негізгі құрылғыларының мүмкіндіктері
Асыл тастың 7 сұрағына оқушыларды сергіту үшін «Көңілді күн!» әуені қойылады.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Microsoft Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
құжаттарды құру және теру;
қаріптер жиынын пайдалану;
кестелер, графиктер пайдалану
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
Математикалық формулаларды енгізу күрделі;
Растрлық графикаларға арналмаған
Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылығына : сақтау ықшамдылығын, мәтінді басқа тасығыштарға жылдам көшіру, компьютерлік желілер арқылы жеткізу мүмкіндіктерін жатқызуға болады.
Мәтіннің негізгі элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.
Пішімдеу тақтасы
IV.Тапсырмаларды орындау
1. Жұмбақ шешу.
1. Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады.
2. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді
3. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.
4. Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті.
5. Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
6. Командалар жиынынан тұрады,
Мақсатыңды орындайды.
2. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
Жаңа құжат ашыңдар
Суретке қарап мәтін құрастырыңдар
Мәтінді компьютерде теріп жазыңдар
Жазған мәтіндеріңді пішімдеңдер
Құжатты сақтап қойыңдар
3. Сөзжұмбақ шешу.
Латынның information сөзі нені білдіреді?
Ақпарат өлшем бірлігі
Санау жүйесі
Графикалық редактор
Пішімдеу әрекеттерінің түрі
Программалау тілі
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы
Мәліметтер жиыны
Дүниежүзілік желі
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
V. Сабақты бекіту: Жаңа сабақ тест тапсырмалары арқылы
қорытындыланды.
VI. Үйге тапсырма беру: Қосымша материалдарды қолдану арқылы мәтінді
пішімдеу тақырыбын оқып келу.
Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың әдіс - тәсілдері
Скачать материал
Информатика
Описание:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№64 Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП – ГИМНАЗИЯ
Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың әдіс - тәсілдері