Просмотр содержимого документа
«М?тіндік ж?не графикалы? а?паратты ??деу. Аралас ??жаттарды ??ру.»
Пәні: Информатика
Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік және графикалық ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру.
Сабақтың мақсаты: файлдан сурет қою мен құжатқа сурет қою тәсілдерін үйрету, «Paint+сурет» айырмашылығын анықтау.
Оқушылар білуі тиіс: мәтінге сурет қою тәсілдерін, аралас құжаттар құруды.
Оқушылар үйренуі тиіс: мәтінге суретті әртүрлі жолмен қоюды, аралас құжаттарға сурет қою тәсілдерін.
Сабақтың өту барысы І. Ұйымдастыру: II. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыптар бойынша түсініктерін сұрау.
1.WordPad программасын іске қосу командасы?
2.WordPad терезесі қандай элементтерден тұрады?
3.WordPad терезесі элементтерінің қызметтері?
4.WordPad редакторы не үшін қолданылады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты түсіндіру тәжірибелік жұмысты орындаумен қатар жүреді. Мәтіннен суреттің жылжымайтынын көрсету. Оқушылар құжатқа сурет қою тәсілдерін дәптерге жазып алады. Назар аудару: Файл суретін өзгерткенде, мәтін суреті өзгермейді. «Рисунок Paint» командасымен қойылған суретті редакциялауға келмейді (болмайды), шрифтті өзгерткенде мәтіндегі сурет өлшемі өзгермейді. Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар. Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.) Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка - Вставить командасын орындаңдар. Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар. Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру); Суретті файлдан кірістіру (кірістіру - кескін); Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint - те салу (кірістіру – Paint суреті) ІV. Практикалық жұмыс:Компьютерде тәжірибелік жұмыстар орындау.
Өз жанұяларың туралы әңгіме дайындаңдар. Осы сабақта оны рәсімдейміз. (В деңгейінің тапсырмасы отбасы туралы материалдары жоқ немесе қандай да бір себептермен онымен айналысқысы келмейтіндер үшін). Ата-ана, туыстарыңның көмегімен жалғастыра аламыз. Дайын жұмыстарды мысал ретінде көрсету. Өздеріңе ұнаған рәсімдеудің нұсқасын таңдаңдар. (А, С деңгейлері) V. Өткен материалды қайталау сұрақтары: 1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін ата. 2. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.
3. Кірістіру – кескін және кірістіру – Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?
VІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу. Жанұя туралы суреттерді пайдаланып, әңгімелеп келу.