7.Диаграмманы құру қандай жолдармен жүзеге асырылады?
-диаграмма құратын мәліметтерді енгіземіз:
-диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеп аламыз;
-Қою менюіндегі немесе Стандарт аспаптар тақтасында Диаграмма
батырмасын шертеміз.
Құжат беттерін рәсімдеп баспаға шығару үшін қандай жұмыс жасаймыз?
1.Файл — Алдын ала көру терезесінен кестенің парақта қалай басылып
шығатынын көріп алып, егер кесте форматы ұнамаса, онда Файл — Беттің
параметрлері командасын таңдау арқылы — Бет өлшемін, парақ бетінің тігінен,
көлденеңінен орналасуын таңдап, ОК батырмасын шертеміз.
Содан соң тағы да алдын ала көріп алып, дұрыс болған жағдайда
Файл – Қағазға басу ( Файл-Печать) командасын шертеміз.
I Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі (10-минут)
Мәліметтер базасы — қолданбалы программаларға тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтерді сақтау, сипаттау, олармен әр түрлі әрекеттер жасау принциптері қарастырылған мәліметтер жинағы.
Мыс, мәліметтер базасына кітапхана каталогін немесе қызметкерлері жайында жинақталған кез келген мекеменің кадрлар бөлімінде жатқан бумаларды, оқушылардың журналын келтіруге болады.
Мәліметтер базасы, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және іздеп табуға қызмет етеді. Сол сияқты мәліметтер базасына қала дәріханаларының дәрілері жайлы, тұтынушылардың сұранысы бойынша сол дәрінің қай жерде және қандай бағаға сатылатыны жайында ғы мәліметтер жатады.
Мәліметтер базасының ең алдымен жасалатын бірінші амалы толтыру, мәліметтер өзгерісінің барлық түрлерін енгізу (мысалға алатын болсақ, жаңа дәрілердің түсуі немесе бағасының өзгеруі, т.с.с), қажет мәліметтерді іздеу және іздеуді жеңілдету үшін реттеу.
Мәліметтер базасы (МБ) – дегеніміз белгілі бір қасиеттерге ие мәліметтер жиыны жөніндегі жүйелі түрде мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
Microsoft Excel-дің көмегімен мәліметтер базасын жасауға және редакциялауға болады. Мұндай жағдайға электронды кестеге Excel-дегі тізім немесе мәліметтер базасы және мынадай термин сөздер қолданылады:
тізімнің жолы — мәліметтер базасының жазылуы;
тізімнің бағаны – мәліметтер базасының өрісі.
Бағанның аты бір ғана ұяшықта болуы мүмкін және ол кестемен
жұмыс барысында өріс атымен аталады.
ЕХСЕІ-де мәліметтер базасы жол және бағандармен ұқсас құрылады,
мұнда кестенің бағаны – өріс, ал әрбір жолы – жеке жазба болып табылады.
Әрбір өріс бойынша ақпарат кестенің жеке ұяшықтарына енгізіледі.
Мысал ретінде оқулық бойынша (9.1-сурет) кесте арқылы түсіндіріп
өтетін болсақ, кестенің А2:F1 аумағын мәліметтер базасы ретінде
қарастыруға болады, бұл жерде А, В, С, Д, Е, Ғ бағандары өріс, ал 3-12
жолдар жазулар деп аталады.
Мәліметтер базасының құрылымдарына шектеулер бар:
— мәліметтердің бірінші қатарында қайталанбайтын өріс аттары болуы
керек;
— мәліметтер базасының қалған қатарларында жазулар болуы керек;
— өріс(баған) боынша ақпараттар біртекті, яғни тек сандар немесе тек
қана мәтін болуы керек.
Мәліметтер базасында жазбалармен орындалатын жұмыс
Мәліметтер жазбасын экранда көру үшін меңзерді мәліметтер базасының кез-
келген ұяшығына орналастырыңдар да Берілгендер — Пішін (Данные —Форма)
командасын орындаңдар.
Мәліметтер базасында жазба іздеу үшін Назад және Далее батырмаларын
қолдануға болады. Жазба табылғаннан кейін өзгерістер енгізуге болады.
Егер дерек базасы өте үлкен болса критерий батырмасын қолдануға болады.
Кестедегі өлшем бірліктердің қолданыуы:
— орбита бойымен айналу периоды – Жер жылы;
— Күннен орташа қашықтық – млн километрмен берілген;
— орта сызықтық диаметр – мың километрмен берілген.
— масса – 1024 кг-ға көбейтіледі.
Кесте өлшемінің үлкендігі оның мәліметтер базасы ретінде
қарастырылуының негізгі ерекшелігі болып табылады.
А
В
С
В
Е
F
1
Күн жүйесіндегі планеталар
2
Планета
Период
Арақашықтық
Диаметр
Масса
Планетаның серігі
3
Күн
0
0
13929
2000000
0
4
Меркурий
0,24
58
4,9
0,32
0
5
Шолпан
0,62
108
12,1
4,86
0
6
Жер
1
150
12,8
6
1
7
Марс
1,88
288
6,8
0,61
2
7
Юпитер
11,86
778
142,6
1906,98
16
9
Сатурн
29,46
1426
120,2
570,9
17
10
Уран
84,01
2869
49
87,24
14
11
Нептун
164,48
4496
10,2
103,38
2
12
Плутон
247,7
5900
2,8
0,1
1
V.Сабақты бекіту. (3-мин)
Місrosoft Excel кестелік мәлімет базаларымен қандай операциялар орындауға болады?
Мәліметтер базаларын құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауға;
Сақталған мәліметтер базаларын ашуға және оларды түзетуге;
Мәлімет базаларындағы жазбаларды, өрістерді қосуға;
Мәлімет базасындағы жазбаларды, өрістерді өшіруге;
Жазбалардың, өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға;
Мәлімет базасындағы жазбаларды қарауға, іздеуге, реттеуге, сүзуге ;
Есеп беруде басуға, яғни принтерге шығаруға
VІI. Үйге тапсырма беру: (1-минут)EХСEL- дегі мәліметтер базасы.Үйде кестелік түрде кез келген мәлімет жазып келу.