Просмотр содержимого документа
«MS Excel – электронды? кесте туралы жалпы т?сінік. Электронды? кесте ??рылымы, м?ліметтерді енгізу. Фильтрлеу ж?не автопішін»
Сабақтың технологиялық картасы
Технологическая карта занятия
Пәні / дисциплина :Информатика
Мерзімі /дата : ________________ Топ /группа: ________________
Сабақтың № урока ___
Сабақтың тақырыбы/Тема занятия : MS Excel – электрондық кесте туралы жалпы түсінік. Электрондық кесте құрылымы, мәліметтерді енгізу. Фильтрлеу және автопішін
Сабақтың мақсаты / Цель занятия:
білімділік/образовательная: электрондық кестенің негізгі түсініктерімен, құрылымымен, Excel терезесімен, кітап парақтарының құрамымен (қатар, бағана, ұяшық) танысу. Оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау;
тәрбиелік / воспитательная: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру;
дамытушылық /развивающая: оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту;
Сабақтың типі / тип занятия : аралас
Сабақтың жабдықталуы / обеспечение занятия:
а)оқу көрнекілік құралдары /учебно-наглядные пособия: Дербес компьютер
б)үлестірмелі материалдар /раздаточные материалы:үлестірмелі материалдар
в)ТОҚ / ТСО: жұмыс жазбасы
Сабақтың өту барысы / Ход занятия :
I. Ұйымдастыру кезеңі / Организационный момент : сәлемдесу,сабаққа қатысымдарын тексеру.Оқу құралдарына назар аудару.Сабақ жоспарымен таныстыру.
II. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
Проверка знаний и умений обучающихся
1. Графиктік объектілерге не жатады? 2. Құжатқа суреттерді енгізу? 3. Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері қандай? 4. Графиктік объектілерді қоғамдық ортада қалай қолданылады? 5. Word Art нысаны? 6. Мәтіндік редактор ішінде диаграмма қолдану?
III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Содержание и последовательность изложения новой темы (конспект)
Microsoft Excel - кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламалық кесте.
ЕXCEL бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск = программа = Microsoft Excelкомандасын орындаймыз.
Excel бағдарламасының терезесі
Excel бағдарламасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі 1- суреттегідей болады:
1-сурет.Excelбағдарламасының терезесі
Кеңінен тараған амалдардың бірі Бастау мәзірінен Бағдарламалар тармағын және MS Excel тармағын таңдау. Тағы бір тәсіл Бастау мәзірінде Жегу тармағын таңдап, ашылған терезеде Excel деп жазып, Жарайды батырмасын басамыз. Microsoft Excel-дің қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар жасау үшін қолданылады. Excel–де математика, физика пәндерінде жиі кездесетін есептерді шығарып, графиктер тұрғызуға болады. Excel-де сызбалар мен диаграммаларлың алуан түрлерін оңай жасауға болады. (экономикада түрлі санақтар жүргізу үшін қолданылады).
Кестенің құрылымы
Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады. Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, “Al”, “B4”). Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады. Еxcel бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы – кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі А1:В2. Еxcel бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын ерекшелеп алу үшін бірінші ерекшеленетін ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, ерекшеленетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет. Еxcel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек. Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек: Пішім-Жол Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз. Сондай-ақ баған таңбашасының оң жақ шетін оңға немесе солға жылжытып, бағанның енін ұлғайтуға болады. Жүгіргіні баған таңбашасының оң жақ шетіне апарғанда ол баған енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді. Мысалы, егер D бағанының оң жақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе, баған кеңейе түседі. Дәл осылай, баған таңбашасын солға қарай сүйресе, баған ені кішірейеді.
Microsoft Excel терезесіне шолу
Excel құжаты .xls кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Үнсіз келісім бойынша олар үшеу етіп жасалады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1» және т.с.с. сілтемелерді пайдаланып, ауысып жүруге болады. Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ 1, Парақ 2 және Парақ 3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.
Деректерді іріктеу.
Кестеге енгізілген деректерді қайта реттеп орналастыру жиі қажет болады. Мысалы, тізімді алфавитті ретімен немесе сандарды өсу (не кему) ретімен орналастыру. Іріктеуді тура осы мақсатта қолдануға болады.
Іріктеуді орындау үшін:
кестенің іріктеуді орындау қажет болатын бөлігін ерекшелейміз;
Пайда болған сұхбат терезеде іріктеуге қажет бағананы (яғни деректері сұрыпталатын бағананы) таңдаймыз;
Бұдан соң іріктеу нұсқасын (өсуі не кемуі бойынша) таңдаймыз және егер қажет болса, бірінші таңдалған баған бойынша іріктеу орындалып болған соң – қосымша іріктеу үшін екінші (тіпті үшінші бағанды да) бағанды көрсетеміз;
Ок батырмасын шертсек – кесте қайта реттеліп шығады.
Егер бастапқы түрге қайта оралу керек болса, - әдеттегідей «Стандартты» тақтасындағы Болдырмау (Отменить) батырмасын шерту жеткілікті.
Деректерді сүзгілеу.
Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз – белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.
Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.
Сұрыптауға қарағанда, сүзгі тізімдегі жазбалар ретін бұзбайды. Сүзгілеу кезінде көрсету қажет емес жолдар уақытша жасырылады.
Microsoft Excel-де сүзгілеу кезінде іріктеліп алынған жолдарды олардың ретін өзгертпей және орындарын ауыстырмай өңдеуге, пішімдеуге, оларға негізделген диаграммалар жасауға, басып шығаруға болады.
Өзсүзгі әмірін пайдалану кезінде сүзгіленетін тізімдегі бағандар атауларының оң жағында көрсеткілері бар батырмалар пайда болады. Microsoft Excel сүзгіден өткен элементтерді көгілдір түспен белгілейді.
Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар: сүзудің қарапайым шарттары үшін автосүзгі және сүзудің недәуір күрделірек шарттарына арналған кеңейтілген сүзгі. Сүзудің қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.
Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін:
сүзгіден өткізетін тізімдегі ұяшықты белгілеңіз;
Мәліметтер (Данные) менюінде Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (Автофильтр) бұйрығын орындаңыз;
сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
қажет мәнді таңдаңыз:
Мысалы:
алғашқы 10 (первые 10...) - әмірін таңдасаңыз тізімнің алғашқы 10 қатары қалады;
шарт... (условие...) – әмірін таңдасақ тұтыну автосүзгісі диалогтік терезесі шығады.
Пайда болған сұхбаттық терезеде тізімнің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану үшін тізім қатарының тақырыбы болуы шарт.
Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын таңдау қажет.
Екінші шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» не «НЕМЕСЕ» қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.
Сүзгіні алып тастау (барлық деректерді экранға қайтадан шығару) үшін сол сілтеуіші бар батырманы (ол енді көк түсті) шертіп, Бәрін (все) бөлімін таңдау керек. Сүзгіні мүлдем алып тастау үшін Деректер/Сүзгі (Данные/Фильтр) командасын орындап, Автосүзгі (Автофильтр) қанатша белгісін алып тастау керек.
IV. Жаңа материалды бекіту,біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
Закрепление нового материала ,формирование умений и навыков
2. Сүзгіленген мәліметтерді алфавит бойынша ретте.
3. “Сұрыптау” құжатының ұлты ұйғыр оқушылар тізімін шығар.
Сабақтың қорытындысы / Подведение итогов занятия:
1. MS Excel деген не? 2.Excel бағдарламасы қандай қызмет атқарады? 3.Excel электрондық кестесінің негізгі түсініктері қандай? 4.Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады? 5.Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз? 6.Электрондық кестедегі кітап деген не?
7.Excel-де деректерді сұрыптау және іріктеу командасы менюдің қай бөлімінде орналасқан?
8.Сүзгіні мүлдем алып тастау командасы?
9.Мәліметтерді тез тауып, олармен жұмыс істеу әдісі... деп аталады.
10.Excel кестелерінде іріктеу қалай орындалады?
Рефлексия (Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын , – Нені үйренгендерін айтады.)
Бағалау / оценка :________________________________________________________
MS Excel – электрондық кесте туралы жалпы түсінік. Электрондық кесте құрылымы, мәліметтерді енгізу. Фильтрлеу және автопішін