Просмотр содержимого документа
«Move ?дісін пайдаланып, ?осымша жасау »
Пәні. Информатика
Сынып: 10 а
Cабақтың тақырыбы: Move әдісін пайдаланып, қосымша жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: VB те Move әдісін пайдаланып, жоба тересесінде қосымшалар жасауды үйрету, зертханалық жұмыстар орындау.
Тәрбиелік: Оқушыларды VB те бағдарлама жазу барысында тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, компьютерлік сауаттылыққа үйрету
Дамытушылық: VB ортасында пайдаланылатын процедураларды қолдана отырып, тапсырмаларды шығармашылықпен орындау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: практикалық сабақ
Көрнекіліктер: компьютер, VB программа ортасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеріп, назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау. Қосымша жасауда пайдаланатын прогцедуралар қызметін сұрау
Move әдісін пайдаланып, практикалық тапсырма орындау
Лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Объектіні экранда жылжыту және оның өлшемдерін өзгерту қосымшасын жасау.
Мақсаты: Move әдісімен танысу.
Теориялық мағлұмат:
Move әдісі объектілерді жылжытуда қолданылады. Move әдісі көмегімен объектілердң орнын ауыстыруға, өлшемдерін өзгертуге болады. Move әдісінің жалпы жазылу реті төмендегідей:
Oa. Move oa. Left N1, oa Top N2, oa Width N3, oa Height N4
Мұндағы N1, N2, N3, N4 объектілердің қасиеттерінің өсімі (+ немесе -), ал оа – объектінің аты.