kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Microsoft Word – м?тіндік редакторы туралы жалпы т?сінік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Microsoft Word – м?тіндік редакторы туралы жалпы т?сінік»

Саба?ты? т?рі: жа?а материалды т?сіндіру

Саба?ты? ма?саты: о?ушыларда Microsoft Word – м?тіндік редакторыны? негізгі м?мкіндіктері мен міндеттері туралы м?ліметтерді ?алыптастыру, MS Word терезе ??рылымыен таныстыру.

Саба?ты? міндеттері:

Білімділік:    О?ушылар?а тере? MS Word м?тіндік редакторын ??ындырып, осы ба?дарламаны толы? ме?герту.

Дамытушылы?: О?ушылырды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттырып, ой-?рісін жетілдіру.

Т?рбиелік: Іскерлікке, ??ыптылы? пен  жылдамды??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: компьютерлік класс, интерактитві та?та, презентация, жа?а материалды игеруге арнал?ан тапсырма ж?мыстары

Саба?ты? кезе?дері:

1)  ?йымдастыру кезе?і

2)  Білімді тексеру

3)  Жа?а саба?ты  т?сіндіру

4)  Жа?а материалды бекіту

5)  Саба?ты ?орытындылау, ?й тапсырмасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Microsoft Word – м?тіндік редакторы туралы жалпы т?сінік»»

Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Word – мәтіндік редакторы туралы жалпы түсінік» Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру Сабақтың мақсаты: оқушыларда Microsoft Word – мәтіндік редакторының негізгі мүмкіндіктері мен міндеттері туралы мәліметтерді қалыптастыру, MS Word терезе құрылымыен таныстыру. Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға терең MS Word мәтіндік редакторын ұғындырып, осы бағдарламаны толық меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылырдың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін жетілдіру.

Тәрбиелік: Іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: компьютерлік класс, интерактитві тақта, презентация, жаңа материалды игеруге арналған тапсырма жұмыстары

Сабақтың кезеңдері:
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Білімді тексеру
  3. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. Жаңа материалды бекіту
  5. Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасы


Сабақ барысы


1) Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгендеп, жоқ балаларды белгілейді. Қушылардың сабаққа дайындығын тексереді

2) Білімді тексеру

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын, мен сендерге үш ребус шешуді ұсынамын:

-Бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ? (мәтіндік процессор)

-Сабақтың мақсаты (3-слайд)


3) Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалім: Қағаз бетіне басылып шыққан кітаптар пайда болғанға дейін кезеңді қарастырайық. Мұндай болуы мүмкін бе? – деп таңқалуларың мүмкін. Әрине мүмкін! Ертеректерде кітаптарды қолмен жазған. Ежелгі шежірешілер кітапты ұзақ жазған. Кітапты қолмен жазу өте күрделі әрі қызықты жұмыс ретінде саналған. Сондықтанда ерте уақыттарда кітаптар баға жетпес құнды дүниелер қатарына жатқызылған. Шежіреші бір кітапты жазу үшін көптеген айлар мен жылдарын сарп еткен. Бұрынғы адамдар кітап шығару үшін неліктен ұзақ жұмыс істеген? Оқушы: кітапты қолмен жазған Мұғалім: Кейін келе адамдар кітапты басып шығаратын болды. Біздің ұлы ағартушыларымыз алғаш кітаптарын Уфа, Орынбор баспаханаларында шығарған. Сол кездері кітапты басып шығаруға бір жылдай уақыт кететін. Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы, егер сол кітаптарды қазір жылдам басып шығаруға не көмектесер еді? Оқушы: Әрине, компьютер. Мұғалім: Иә, компьютер – бұл мәтінді дайындаудың негізгі құралы. Кітап қандай ақпараттардан құралады? Оқушы: мәтіндік, графикалық, сандық. Мұғалім: (4-слайд) Мәтіндік файл (текстовый файл; text file) — құрамында құрылымдалмаған түрдегі ақпарат мәтіні бар файл; әріптерден, цифрлардан және тыныс белгілері мен арнайы символдардан құрастырылған қарапайым мәтіндік файл; онда каретканы қайтару мен келесі жолға ауысудан өзге басқару (форматтау) таңбалары болмайды. Көбінесе ASCII кодындағы файлдар деп аталады. Мәтіндік файлдардың атауы көбінесе .txt форматынан тұрады. Мысалы: diktant.txt.
MS Word программасын іске қосу үшін келесі амалдарды орындаңыз: (5-слайд): 1. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Ms Word. 2. Жұмыс үстеліндегі таңбашасымен. Мәтіндік процессордың терезесін қарастырайық. Қандай құралдың көмегімен біз мәтінді енгіземіз? Оқушы: пернетақтаның көмегімен Мұғалім: Қарапайым және күрделі мәтіндік құжаттарды даярлауға, редакциялауға және форматтауға арналған программалық құралдарды жалпы түрде мәтіндік процессор деп атайды. Қарапайым мәтіндік құжаттар тек символдар жинағынан құралады, ал күрделі мәтіндік құжаттар - құрамына мәтінмен бірге басқа да объектілер, яғни сызбалар, суреттер, кестелер, формулалар, мультимедиа объектілері енгізілген мәтіндер. Көптеген мәтіндік редакторлардың түрі бар.
  • Блокнот (Windows-тың стандартты қосымшасы),
  • MS Word, Star Office Writer (мәтіндік процессорлар),
  • Adobe PageMaker (кітаптарды, журналдарды баспаға әзірлейтін бағдарламалар),
  • MS FrontPage (Интернетте web-парақтарды, web-сайттарды әзірлеуге арналған)
Бүгінгі сабағымызда біз сіздермен MS Word мәтіндік процессорымен танысамыз. Негізгі терезені бес бөлікке бөлеміз:
  • Тақырып жолы
  • Меню жолы
  • Аспаптар тақтасы
  • Жұмыс аймағы
  • Қалып-күй жолы
MS Word терезесінің құрылымы Тақырып жолы

Тақырып жолында құжаттың аты немесе жаңадан құрылған құжаттың аты кескінделеді. Осы жолдың оң жақ бұрышында терезені басқару батырмалары орнатылған. батырмасы терезені уақытша жауып қоюға арналған батырма, батырмасы терезені экранға толық жаю немесе терезе көлемін кішірейту, батырмасы MS Word құжатын жабу қызметін атқарады.

Тақырып жолынан кейін меню жолы орналасады. Меню жолы - MS Word-тың негізгі командаларынан тұрады. Тышқанның батырмасы осы мәзірге кіретін командалар тізімін ашып береді.

Меню жолы – Файл, Негізгі (главная), Кірістіру (вставка), Парақтарды белгілеу (Разметка страницы), Сілтемелер (ссылки), Жіберілім (Рассылки), Рецензирование (рецензиялау), Түр (Вид) тізімдерінен тұрады.

Мәзір келесі қызметтер атқарады:

Меню командалардан тұрады. Меню қызмет атын білдіреді, командалар сол қызметке байланысты нақты әрекеттерді орындайды. Аспаптар тақтасы

Аспаптар тақтасы командалар мен іс-әрікеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқанның немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені, қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады. Меню жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі. Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс алмағы (рабочая область) болып саналады. Қалып-күй қатары

Қалып-күй қатары бас терезенің төменгі бөлігінде орналасқан. Бұл қатарда келесі мәліметтер кескінделген:
Элемент Сипаттамасы
9 беттік құжаттың 5-ші беті
Құжаттағы сөздердің саны - 1563
Тіл
  • кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.

  • беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.

  • құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны т үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.

Масштаб

Жұмыс аймағы

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Курсор | деп экранның ағымдық орнын көрсетіп тұратын белгіні айтады. Ол экранда жыпылықтап көрінеді. Пернетақтадан терілген символ курсор тұрған жерге жазылады. Экрандағы керек объектіні тез көрсету үшін тышқан қолданылады. Тышқанның екі пернесі болады (сол жақ, оң жақ).

Сызғыштар

Суретте кесте бағанасын, мәтін бағаналарының енін, парақ алаңын, абзац шегінуін тез өзгертуді мүмкін ететін горизонталь сызғыш бейнеленген.

Кесте жолдарының биіктігін, парақтың жоғары және төменгі алаңын тез өзгерту үшін вертикаль сызғыш бар.


Құжатты сақтау

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

- Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

- WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

- тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол  жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

- редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

- Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді.

Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.


4) Жаңа материалды бекіту.

Уақыт азайып, сабақ аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі сабақта сендердің игерген білімдеріңді бекітейік.

  1. Word мәтіндік редакторы не үшін қолданылады?

А) сурет салу В) мәтіндік құжаттарды құру С) графиктер мен кестелер тұрғызу үшін

2. MS Word-ты іске қосу үшін қандай әрекеттерді атқару керек?

А) Пуск, Все программы, Стандартные, Microsoft Word

В) Пуск, Стандартные, Microsoft Office, Microsoft Word

С) Пуск, Все программы, Microsoft Office, Microsoft Word

3. Осы мәтіндік редактордың форматы қандай?:

А) doc. В) jpeg С) rtf

4. Терезенің құрылымын атаңыз:

А) тақырып жолы, меню жолы, басқару панелі, жұмыс аймағы, қалып-күй қатары.

В) меню жолы, басқару панелі, жұмыс аймағы, қалып-күй қатары, айналдыру жолақтары, аспаптар.

С) тақырып жолы, меню жолы, басқару панелі.

5. Ашық тұрған құжаттың парақтар санын қалай анықтаймыз:

А) «Разметка страницы» салғышында В) «Главная» салғышында, С) Қалып-күй қатарында

6. Құжатты сақтау командалары қайда орналасады?

А) «Office» кнопкасы менюіде В) «Файл» менюінде С) «Главная» лента салғышында

7. Қайсысы артық:

А) Word Pad B) Microsoft Word C) Paint D) Блокнот

Ал енді білімімізді өзара тексерейік, ол үшін жауабы жазылған қағазды қасындағы көршіңмен алмас.

5) Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасы

Бүгінгі тақырыпта біз сендермен мәтіндік редактормен танысып, MS Word мәтіндік редакторының міндеті мен негізгі міндеттерін қарастырдық. Сабаққа қатысты сұрақтарың бар ма?

Үй тапсырмасы: консепктіні оқып, MS Word мәтіндік редакторына қатысты кроссворд жасап келу.

РЕФЛЕКСИЯ. Сендердің көңіл-күйлеріңді білдіретін стикерді таңдап, оның артына алған әсерлеріңді жазыңдар



- Мұғалім: Рахмет, сау болыңзар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Microsoft Word – м?тіндік редакторы туралы жалпы т?сінік»

Автор: Ахметова Бакытгуль Рымбековна

Дата: 10.11.2015

Номер свидетельства: 250772


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства