Тәрбиелік: Өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау (СТО) әдістері, үш қадамды сұхбат, ЖИГСО ІІ әдісі.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар Microsoft Word мәтіндік редакторында еркін жұмыс істей алады.
Оқушылар дербес компьютермен, интерактивті тақтамен, Activvote құрылғысымен еркін жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Үш қадамды сұхбат» арқылы сұрау
1-топ
Архивтеу және архивтеуші программалардың түрлерін ата.
Қандай Microsoft Office-тік программаларды білесіңдер?
2-топ
Компьютерлік вирус және антивирустық программаларды ата.
Операциялық жүйе дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ. (ЖИГСО ІІ әдісі)
Жанұя мүшелеріне мәтіндер тарату, №1,2,3,4
Екі топтың барлық мүшелерін 1,2,3,4 деп санатып, 1-мәтінді 2 топтың №1 оқушыларына, 2-мәтінді 2 топтың №2 оқушыларына, 3-мәтінді 2 топтың №3 оқушыларына, 4-мәтінді 2 топтың №4 оқушыларына таратып беру.
Оқушы тобына барып талқылайды.
(1,1), (2,2), (3,3), (4,4)
Ең маңызды жағдайды қағаз бетіне түсіріп, магниттік, тақтаға іледі. Қорғау жұмысын практикамен ұштастырады. (Интерактивті тақтадан көрсету арқылы)
Жанұяға оралады. Әрқайсысы көрген білгенін ортаға салады.
Жеке тапсырма: Оқушыларды компьютерге отырғызып, тапсырмалар беріледі.
Тапсырма: Өзің орында.
а) Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.
ә) Мәтінді теріңіз және пішімдеңіз.
б) І сөйлемнің қаріп өлшемі-16
ІІ сөйлемнің қаріп өлшемі-20
ІІІ сөйлемнің қаріп өлшемі-14
І. Менсабаққа дайындықсыз келдім.
ІІ. «Мектепшілік олимпиадаға» қош келдіңіздер!
ІІІ. Ұстаздар бөлмесіне келгеннен кейін Марат ағай Сәкеннің шығармасын тауып алды да, оқып шықты.
IV. Сабақты қорыту. Activvote құрылғысы арқылы 10 сұақтан тұратын тест алу.
V. Үй тапсырмасын беру.
Microsoft Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу.
«Microsoft Word мәтіндік редакторының қажеттігі» атты эссе жазып келу.