kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Microsoft Word 2013 - м?тіндік процессоры

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аракемер  к?сіптік  колледжіні?  информатика  п?ніні?  о?ытушысы Елекенова  М?лдір  М?хит?ызыны?  аспаз  тобына  ?ткізген  "Microsoft word 2013 - м?тіндік процессоры"  та?ырыбында  ?ткізген  ?лгілі саба?  жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Microsoft Word 2013 - м?тіндік процессоры»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қаракемер кәсіптік колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ №

Күні

Топ

12.11.2015ж

Аспаз (01)



Пән: Информатика

Топ: Аспаз (01)

Сабақ тақырыбы: VІ тарау. Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры.

Microsoft Word 2013 - мәтіндік процессоры туралы

жалпы түсінік.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту









Сабақтың мақсаты


Білімділік. Мәтін түрлерін, мәтіндік құжатты, мәтіндік

редакторды, мәтінді өңдеу жолдары туралы түсінік беру.


Дамытушылық. Мәтіндік құжаттарды компьютерде

өңдеу технологиясымен білім алушыларды

таныстыра отырып, мәтіндік процессормен жұмыс

жасау дағдыларын дамыту.


Тәрбиелік. Мәтіндік ақпараттарды компьютерде өңдеу артықшылықтарын түсіндіріп, білім алушыларды компьюттерлік сауаттылықтарын тәрбиелеу.



САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, слайд


Сабақты жүргізу кезеңдері

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Түгендеу

- Сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

  • Интерактивті тақтадағы видеосұрақтарға жауап беру.

1-сұрақ: Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар қалай аталады?

Жауабы: Компьютерлік вирустар

2-сұрақ: Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?

Жауабы: 3

3-сұрақ: Макровирустар деген не?

Жауабы: Құжат файлын ашқанда жұғатын вирус


ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Венгр сөзжұмбағы


Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.


ІV. Мақсат қою кезеңі:

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

V. Жаңа білімді меңгерту

- Жазабаша түрде ең жиі кездесетін тапсырмаларды атап өтіңіздер. Енді, осы жазба жұмыстарын іске асыру үшін қандай құралдарды қолданамыз?

Мысалы, қарындаш, қалам, жазу машинасы, яғни бұл құралдарды жазуда қолданамыз.

Сондай-ақ жазуға қажетті құрал мәтіндік процессоры бар компьютер. Мәтінді қазіргі кезде компьютермен өңдейді. Себебі компьютердің мәтінмен жұмыс жасаудағы мынадай артықшылықтары бар:

  1. Мәтіндік ақпараттарды өзгерту, көбейту және көшірудің жеңілдігі.

  2. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауы.

Енді мәтін, мәтіндік құжат, мәтіннің құрылымы, мәтіндік файл, мәтіндік редактор ұғымдарымен танысып алайық.

Мынадай сұраққа жауап беріңіздер. Мәтін деген сөзді қалай түсінесіңдер? Мәтін – компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі. Компьютерлік алфавитте 256 символ болады. Мәтін сонымен бірге табиғи тілдердің (орыс, қазақ және т.б.) бірінің симводарынан, сондай-ақ математикалық, физикалық формулалардан, сандық кестелерден және т.с.с. құрылуы мүмкін.

Мәтіндік редактор көмегімен жасалған файл мәтіндік құжат деп аталады. Ол алфавиттік-цифрлық символдарды, графикалық обьектілерді және мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Мәтіндік құжаттарды магниттік дискіде құруға, өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге мүмкіндік беретін қолданбалы программа мәтіндік редактор деп аталады. Мүмкіндігі үлкен мәтіндік редакторды мәтіндік процессор деп атайды.

Мәтіндік құжаттардың құрамында негізінен мәтіннің үш түрін ажыратуға болады: кәдімгі мәтін, кестелік мәтін, программалық мәтін. Бірақ мәтіндік құжаттарда мәттіндік файлдарға жатпайтын және енгізілген обьектілер деп аталатын басқа да обьектілер: сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер болуы мүмкін.

Мәтіндік процессорды іске қосу үшін: Іске қосу – Бағдарламалар – MS Office – MS Word командасын орындау керек. Терезе мынадай элементтерден тұрады: Тақырып жолы, Мәзір жолы, Стандартты үстел, Пішімдеу үстелі, Сызғыш, Күй жолағы, Тапсырмалар аймағы, Айналдыру жолағы.



Стандартты үстел




VІ. Түсінгендерін тексеру кезеңі:

  • Информатикалық диктант:

Менің Президентім 
Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Бұл адамды балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі.Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату- тәтті,бейбіт өмір сүріп келеміз. 
Қаз тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әрі қарай дамуының басында бірінші күннен бастап осы кісі тұр. Кемені басқарған штурман да, бағыт көрсетуші де Елбасымыздың өзі, сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. 

  • Білім алушыларға бір бірінің жазған диктанттарын тексерту

VІІ. Бекіту кезеңі:

  • Қорытындылай келе бүгін біз архивтеу программаларымен танысып отырмыз. Сонымен қатар архивтеу программаларының маңызымен танысып өттік.

VІІІ.Үйге тапсырма. Архивтеу программасы. «Архиватор» сөзіне сөзжұмбақ құрап келу.


Оқытушы ______________________





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Microsoft Word 2013 - м?тіндік процессоры

Автор: Елекенова М?лдір М?хит?ызы

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272601


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства