: Microsoft Office Word м?тіндік редакторында графикалы? обьектілерді ж?не к?ркем жазуларды кірістіру.
: Microsoft Office Word м?тіндік редакторында графикалы? обьектілерді ж?не к?ркем жазуларды кірістіру.
этот открытый урок был проведен в 6 классе цель этого урока научиться работать с текстовым редактором и использовать все возможности этой программы. Учащиеся хорошо участвовали урок прошел очень интерестно я хочу чтобы опубликовали мой урок спосибо вам досвидание! Ваш сайт мне понравился я часто беру там уроки. Если это бесплатно то я бы хотела еше отправить уроки на этот сайт. Какие здесь критерии я хотела бы знать.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«: Microsoft Office Word м?тіндік редакторында графикалы? обьектілерді ж?не к?ркем жазуларды кірістіру. »
Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылы
№218 орта мектебінің
информатика пән мұғалімі
Жусупназарова Жупар Корганбаевна
Пәні: Информатика
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер,әртүрлі нысандарды, көркем жазуларды енгізу әдіс-тәсілдерін үйрету,көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Құжаттарды безендіруге, әртүрлі суреттерді әр түрлі нысандарды, көркем жазуларды енгізу түрлерін үйрету.
Тәрбиелік: Жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, суреттер, таратпа материалдар, электронды оқулық, MS Office программалары.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, сурет, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Саламатсыздарма? Сыныпты түгендеу. Түстер таңдау арқылы екі топқа бөлу
Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығу.
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтау керек.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
«Теңіздегі шабуыл» ойыны
Сұрақтар слайдта көрсетіледі.
А
Б
В
Г
1
2
3
4
А1: MS WORD қандай программа?
А2: MS WORD редакторын қалай іске қосамыз?
А3: MS WORD редакторының мүмкіндіктерін атайық?
А4: Кесте неден тұрады?
Б1: Құжатқа кестені қалай орнатамыз?
Б2: батырмасының қызметі?
Б3: батырмасының қызметі?
Б4: батырмасының қызметі?
В1: батырмасының қызметі?
В2: батырмасының қызметі?
В3: Мәтінді енгізгенде ENTER пернесін қай кезде басу керек
В4: Бас әріп салу үшін қай пернені басулы күйде ұстап тұрамыз?
Г1: Бас әріптер режимін қосатын перне қалай аталады?
Г2: информатикалық жұмбақ
Г3: информатикалық жұмбақ
Г4: информатикалық жұмбақ
ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе
Мәтіндік процессор? – WORD
2. Септік жалғауы? – тың
3. Ағылшынша ‘’grapho’’ сөзінің қазақша, орысша аудармасы қандай? – графика
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? – лық
5. “Возможности”- сөзінің қазақша аудармасы қандай? – мүмкіндіктер
Осы сөздерден «Word-тың графикалық мүмкіндіктері» деген сөйлеммен бүгінгі тақырыбымыз ашылады.
Жаңа сабақтың мақсатын айту
Дәптермен жұмыс
ІV. Жаңа сабақ
Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:
Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
Вставка-Рисунок-Картинкикомандасынорындайсыңдар.
Коллекция картиноккомандасын орындайсыңдар.
Избранноетерезесі ашылады.
Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICEбетін ашасыңдар.
Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер.
Шыққан динамикалық менюден Копироватьбатырмасын шертесіңдер.
Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка-Вставитькомандасын орындайсыңдар.
Сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір реет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төрт бұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен суреттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады.
Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмасын шертіп, Формат рисункакомандасын орындаңдар. Формат рисункатерезесінде Положениеқосымшасында шертіңдер де, Поверх текстаопциясының жалаушасын алыптастаңдар. ОК-дібасыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады.
Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немесе сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтеканиеқосымшасын таңдау керек. Одан кейін қажетті жағдайды таңдап ОК-ді басу керек.
Фигуралық мәтін кірістіру.
Егер мәтіннің тақырыбын немесе мәтін ішінде кездесетін ерекше сөздерді әдемілеп жазу керек болса, онда фигуралық мәтін енгізуге болады.
Ол үшін:
Меңзерді фигуралық мәтін орналасатын жерге қойып, Вставка-Рисунок-Обьект WORDARTкомандасын орындау керек.
Изменение текста WORDARTтерезесі пайда болады. Ондағы Текст надписиөрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіңдер де, ОК-дібасыңдар.
Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар.
WORDARTаспаптар панелі.
Батырмасуреті
Міндеті
Батырмасуреті
Міндеті
WORDART обьектісін қосу
Еркін айналдыру
Мәтінді өзгерту
WORD ART әріптерінбиіктікбойыншатуралау
WORD ART коллекциясы
WORD ART вертикаль мәтіні
Обьектінің пішімі
WORD ART-ты туралау
WORD ART пішіні
WORD ART символаралық интервалы
Таспа жолынан вставка (қою)→фигуры (денелер)→қажетті фигураны таңдау; кез - келген денені таңдап алып қалаған суретті салуға болады.
Фигуралардың түрлері
V. Сергіту жаттығулары.(видео)
VI. Жаңа тақырыпты бекіту.
Әр топқа – карточкалар таратылады. Мәтіндік редакторында сол тапсырмаларды орындайды.
VII. Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақта Графикалық объектілер және көркем жазулар кірістіру туралы не білдік? 2. Сіздерді мәтіндік редакторлардың қандай ерекшеліктері және мүмкіндіктерін таңқалдырды?
Сөйлемді аяқтаңдар: стикерлерге жазып, оларды таддың бұтақтарына ілу.
-Бүгінгі сабақта маған ...............қызықты болды? -Бүгінгі сабақта маған ................ ұнады -Бүгінгі сабақта маған ............... қиын болды -Бүгінгі сабақта мен .................. үйрендім -Бүгінгі сабақ маған .................. көрсетті -Болашақта мен ................
VIIІ . Қорытынды.
Жеңімпаз топты анықтау смайликтер арқылы. Сабаққа жақсы қатысқан және практикалық жұмысты критерийлер бойынша жақсы орындаған оқушыларды бағалау.
IX. Үйге тапсырма: Word - тың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып құттықтау және жарнама, хабарландырулар жасау (әр түрлі қаріптерді, кестелерді, суреттерді пайдалану).