Microsoft Excel кестелік процессоры. Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр).
Сабақтың мақсаты:
Excel электрондық кестесінің мәліметтер базасы ретінде қолдану тәсілдерімен таныстыру. Мәліметтер базасында әртүрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгерту.
Білімділік:
Кестелік процессорды (Электрондық кестені) мәліметтер базасы ретінде қолдану тәсілдерімен таныстыру. Мәліметтерді сұрыптауды үйрету.
Дамытушылық:
Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, білімдерін арттыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Оқулық, жұмыс дәптері және таратпа карточкалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру (2 мин)
2.Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою (3 мин)
3.Жаңа тақырып (18 мин)
4.Жаңа сабақты бекіту (17 мин)
5.Бағалау (3 мин)
6.Үйге тапсырма беру (2 мин)
1.Сәлеметсіздер ме? Кім кезекші? Сабақта кім жоқ?
2.Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою.
Диаграмма деген не? (Мәліметтерді графикалық түрде бейнелеудің бір тәсілі )
Диаграмма құру неше қадамнан тұрады? (4-қадамнан: Диаграмма типі; Мәліметтер аралығын енгізу; Диаграммалар параметрлері; Диаграмманы орналастыру)
Мәліметтер базасын қалай түсінесің? (Кестенің мәлімет орналасқан аймағын мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады)
Мәліметтер базасында өріс деген не? (Мәліметтер базасында кестенің А, В, С, Д бағаналарын айтамыз)
Ал жазбалар деген не? (Мәліметтер базасының жолдарын айтамыз)
Сүзгіні не үшін қолданамыз? (Қажетті жазбаларды басқалардан бөліп алу және теріп алу үшін қолданамыз ).
3.Жаңа тақырып.
Сонымен мәліметтерді теріп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының көмегімен орындауға болатынын білесіздер. Ал жәй әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) командасының көмегімен орындауға болады.
Кеңейтілген сүзгіні пайдаланбас бұрын мынадай үш аймақты анықтап алу қажет:
Тізім аралығы (интервал списка), яғни мәліметтер базасы аймағы;
Критерийлер аралығы (интервал критериев) – теру әрекеті өткізілетін аймақ;
Шығарып алу аралығы (интервал извлечения) – теру нәтижесі орындалатын аймақ.
Кеңейтілген сүзгі көмегімен мәліметтерді теріп алу үшін, Деректер Сүзгі Кеңейтілген сүзгі (Данные Фильтр Расширенный фильтр) командасын орындаймыз. Экранда пайда болған Кеңейтілген сүзгі сұхбат терезесінде аралықтардың координаталарын көрсету керек. Егер теру нәтижесін басқа орынға көшіру қажет болса, онда Нәтижені басқа орынға көшіру (Скопировать результат в другое место) ауыстырғышына белгі қоямыз. Енді толығырақ түсіну үшін мысалды қарастырайық.
1)Кеңейтілген сүзгіні қолдана отырып, 2 ден кем емес серігі бар және айналу периоды 10 жылдан артық болатын планеталарды енгіз.
Ол үшін:
1.1.Критерийлер және шығарып алу аралығын құр.
1.2.Іздеу критерийі мен критерий аралығын жаз.
1.3.Курсорды мәліметтерді базасы аралығына орналастыр.
1.5.Кеңейтілген сүзгі сұхбат терезесінде Нәтижені басқа орынға көшіру (Скопировать результат в другое место) ауыстырғышын іске қосамыз.
1.6.Аралықтардың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз де, ОК батырмасын басыңыз (2-сурет).Нәтижесінде планеталар ішінен көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун планеталары табылу керек.
Күн жүйесінің планеталары
Планета аты
Периоды
Арақашықтығы
Диаметрі
Массасы
Спутник
Күн
0
0
13929
2000000
0
Меркурий
0,241
58
4,9
0,32
0
Венера
0,615
108
12,1
4,86
0
Жер
1
150
12,8
6
1
Марс
1,881
288
6,8
0,61
2
Юпитер
11,86
778
142,6
1906,98
16
Сатурн
29,46
1426
120,2
570,9
17
Уран
84,01
2869
49
87,24
14
Нептун
164,8
4496
50,2
103,38
2
Плутон
247,7
5900
2,8
0,1
1
Планета аты
Периоды
Арақашықтығы
Диаметрі
Массасы
Спутник
10
=2
Планета аты
Периоды
Арақашықтығы
Диаметрі
Массасы
Спутник
Юпитер
11,86
778
142,6
1906,98
16
Сатурн
29,46
1426
120,2
570,9
17
Уран
84,01
2869
49
87,24
14
Нептун
164,8
4496
50,2
103,38
2
1-сурет
2-сурет
2) Кеңейтілген сүзгіні қолдана отырып, айналу периоды 2 жылдан артық болатын және экваторлық диаметрі 50 мың км.ден кем емес планеталарды іздеу керек (Уран, Плутон). (3-сурет)
Планета аты
Периоды
Арақашықтығы
Диаметрі
Массасы
Спутник
2
Планета аты
Периоды
Арақашықтығы
Диаметрі
Массасы
Спутник
Уран
84,01
2869
49
87,24
14
Плутон
247,7
5900
2,8
0,1
1
3-сурет
3) Күннен 1000 млн. км.ден артық қашықтықта орналасқан және серіктерінің саны 1-ден артық планеталарды іздеңіз. Шарттарын өздеріңіз ойлап көріңіздер және «Планета арақашықтығы» деген атпен диаграмма құр.
Жауабы:
(Сатурн, Нептун, Уран).
Планета аты
Периоды
Арақашықтығы
Диаметрі
Массасы
Спутник
1000
1
Планета аты
Периоды
Арақашықтығы
Диаметрі
Массасы
Спутник
Сатурн
29,46
1426
120,2
570,9
17
Уран
84,01
2869
49
87,24
14
Нептун
164,8
4496
50,2
103,38
2
5.Бағалау. Сабаққа қатысқанына, компьютермен жұмыс істегеніне және алдыңғы сұрақтарға жауап бергендеріне байланысты.
6.Үйге тапсырма беру. Жазған дәріс бойынша дайындалып келу.