Просмотр содержимого документа
«Microsoft Excel ба?дарламасына м?ліметтер енгізу. Формула. »
Алматинская область
Панфиловский район
Улкеншыганская средняя школа
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel бағдарламасына мәліметтер енгізу. Формула.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі оқушыларды электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен таныстыру,
кестеге мәліметтер енгізу жолдарын, деректерді өңдеу
формулаларын құру, деректердің орнын ауыстыру және оларды өңдеу,
формулалар енгізу тақырыбы бойынша білім, білік дағдыларын
қалыптастыра отырып, электрондық кестеде жұмыс істеуге
дағдыландыру;
ә) дамытушылығы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз
бетінше компьютерде жұмыс істей білуге баулу,есте сақтау және
зейіндік қабілеттерін, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, өз бетінше
іздену әрекеттерін дамыту;
б) тәрбиелігі: оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, компьютерде дұрыс жұмыс жасауға, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, өзіндік ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: тәжірибелік тапсырмалар, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, ой шақыру;
Сабақтың құрал – жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, электрондық
оқулық , компьютердегі тест, оқулық,
Қолданылатын технология: үш өлшемді әдістемелік жүйе
Сабақты өткізу формасы:
І кезең - жұптық сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгертуге алғы шарт жасау;
ІІ кезең - жаңа тақырыптық теориялық материалдары бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу;
ә) практикалық негізбен танысу;
ІІІ кезең. Үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындау.
Сабақтың өту барысы:
І кезең. Ұйымдастыру
а) «Көпір» тапсырмаларын тексеру.
ә) «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» ой қозғау, топтық сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге алғышарт жасау
ІІ кезең.Жаңа тақырыпты түсіндіру
а) «Білгенге маржан . . . » сұрақ-жауап
ә) «Талпынған бала талапты құстай ...» практикалық тапсырманы компьютерде орындау
ә) Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру. INSERT стратегиясы
б) Үйге тапсырма беру.
в) Бағалау
І кезең.
ҰЙЫМДАСТЫРУ
«Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді.
Техникалық диктант. Бос орынға қажет сөздерді жазу керек.
Excel құжытының _______ кеңейтіліміне ие. (.xls)
Құжат атауы мен терезені басқару элементтері ______________________ орналасқан. (тақырып жолағында)
______________________ әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады.(бас мәзір)
Құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты батырмаларды ____________________ қамтиды.(Стандартты құралдар үстелі)
________________________ - мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын белгілеуге арналған. (Пішімдеу құралдар үстелі)
Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі - ________________ орналасқан. (ұяшық)
Жұмыс парағы _________ бағаннан және ______________ жолдан және ___________ ұяшықтан тұрады. (256 баған, 65 536 жол, 16 777 216 ұяшық)
Егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені ______ болады. (F7)
______________ - логикалық тізбектер құрайтын ұяшықтар тізбегі. (Қатар)
Файл аты өрісіне кітап атын енгізіңіз және ____________ батырмасын қолдану арқылы сақтаймыз. (Сақтау) (Толық орындалған жағдайда 10 балл )
«Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» ой қозғау
І. Excel бағдарламасының терезе элементтерін жазыңыз.
(Ұпай 4 балл)
ІІ. Сәйкестендіру тестісін орындаңдар.
Ұяшықтар деп ...
3 бет ұсынылған.
Excel бағдарламасы қосылған сәтте ....
тіктөртбұрышты курсор орналасқан ұяшықты айтады.
Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны...
кестенің ең аз құраушысы
Екпінді ұяшық деп...
ұяшыққа сілтеме деп те айтуға болады.
Ұяшықтың адресін ...
16 777 216-ға тең.
(Ұпай 3 балл)
Тапсырма толық орындалған жағдайда 7 балл қойылады.
ІІ кезең. «Білгенге маржан ...» сұрақ-жауап
Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігіндегі үш батырма? (қызыл крест, жасыл белгі «» және «=»белгісі немесе )
Кез келген электронды кестенің ұяшығына нені енгізуге болады?