kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Microsoft Аccess.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушыларды деректер базасы ??ымымен таныстыру. Негізгі ??ымдар мен ?олданылу ма?сатын т?сіндіру. Деректер базасымен ж?мыс жасауды Microsoft Access ?олданбасы негізінде о?ыту.

Т?рбиелілік: О?ушыларды ??ыптылы??а, ж?йелілікке т?рбиелеу. О?ушыларды? к?рделі м?ліметтермен ж?йелі т?рде реттеу ар?ылы ж?мыс жасауына ?йрету

Дамытушылы?: О?ушыларды? ойлау ?абілетін, логикасын, м?дениеттілігін дамыту.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?.

Саба? ?дісі: Лекция о?у, т?сіндірмелі баяндау

Саба? типі: Жа?а білімді ме?герту саба?ы

Саба?та ?олданылатын к?рнекті ??ралдар: Компьютер, та?та, ж?мыс д?птері

Саба?ты? ?ту барысы:

  • ?йымдастыру кезе?і
  • ?й тапсырмасын тексеру
  • Жа?а саба? т?сіндіру
  • Жа?а саба?ты бекітуге с?ра?тар беру
  • ?йге тапсырма
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Microsoft Аccess. »

2 сабақ

Сыныбы:________ Күні: ______________ Тексерген: ______________________


Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар.

Microsoft Аccess.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды деректер базасы ұғымымен таныстыру. Негізгі ұғымдар мен қолданылу мақсатын түсіндіру. Деректер базасымен жұмыс жасауды Microsoft Access қолданбасы негізінде оқыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу. Оқушылардың күрделі мәліметтермен жүйелі түрде реттеу арқылы жұмыс жасауына үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын тексеру

  • Жаңа сабақ түсіндіру

  • Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру

  • Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

Техника қауіпсіздік ережелері


Жаңа түсініктер:

Бүгін жаңа сабақ бастаймыз. Мәліметтер қоры: қолданылуы, негізгі ұғымдар. Microsoft Access.

Сендер деректер базасы ұғымымен 8-кластан таныссыңдар.

Деректер базасы – обьектілер мен адамдар туралы ақпараттар жиинағы.

ДБ құрылымы өрістерден құралады. Әрбір өрісте әртүрлі ақпараттар сақталады. Телефон анықтамасы мысалы деректер базасы болып табылады. Мұнда мынадай өрістер болады. Фпмилиясы, аты, әкесінің аты, адресі және телефон номері. Бір адам туралы ақпарат мұндай деректер базасында жазба деп аталады.

Microsoft Access сияқты ДБ басқаратын күрделі программалар бірнеше таблицаларды біріктіріп және байланыстырып реляциялық деп аталатын деректер базасын құруға мүмкіндік береді.

ДБ-да әрбір дерек көздерінің мәліметтері жекелеген таблицаларда сақталады. Әртүрлі таблицалармен жұмыс кезінде таблицалар арасында байланыс орнатылады.

Белгілі бір шартты қанағаттандыратын деректерді іздеу және іріктеу үшін запрос құрылады. Зарпостар сонымен бірге бір уақытта бірнеше жазбаларды жаңартуға және жоюға мүмкіндік береді.

Таблицада деректерді көру, енгізу және өзгерту үшін формалар қолданылады. Форма таблицада деректерді стандартты және қолданушы құрған макет арқылы экранға шығарады.

Деректерді талдау үшін немесе белгілі бір түрде басып шығару үшін отчет қолданылады. Мысалы, деректерді біріктіретін және олрадың итогын есептеп баспаға шығаруды отчет жүзеге асырады.

Кейбір операцияларды автоматты түрде орындау үшін макростар қолданылады. Макростар форма ашу, отчетты басу сияқты жиі орындалатын әрекеттерді автоматты түрде орындау үшін қолданылады.

ДБ терезесінде оның барлық обьектілерімен жұмыс жасауға болады. Бір типті обьектілерді көру үшін сәйкес қосымшаны таңдау керек. Оң жақтағы батырмалар арқылы бар обьектілерді өзгертуге немесе жаңадан құруға болады.

ДБ жобалау.

Таблица, форма жалпы кез келген обьектілерді құру үшін ДБ-ның құрылымын жасау керек. ДБ-ның дұрыстығы оның құрылымына тікелей тәуелді.

ДБ жобалау кезеңдері.

    1. ДБ-ның арналу мақсатын анықтап алу керек. ДБ-сы оны қолданатын барлық қолданушының талаптарын орындай алуы керек. Ол үшін ДБ-ң тақырыптарын, отчетын, формаларын дұрыс анықтай алуы керек.

    2. ДБ-да болу керек таблицалардың құрылымын құрып алу керек. Таблицаны жобалаған кезде мынадай принциптерді ескеру керек:

      • Таблицадағы ақпараттар қайталанбауы керек. Таблицалар арасында да қайталану болмауы керек. Бір ақпарат тек бір таблицада сақталса, оны тек бір жерде ғана өзгерту керек болады. Бұл жұмыстың тиімділігін арттырады.

      • Әрбір таблицада тек бір тақырыптағы ақпарат сақталуы керек. Әр түрлі мәліметер бір біріне тәуелсіз әртүрлі таблицаларда жазылса, өңдеу жеңіл болады.

    3. Таблицадағы қажетті өрістерді анықтап алу керек. Әрбір таблица жеке тақырыптарға арналады. Ал таблицадағы жеке өрсітер таблицаның тақырыбы бойынша жекелеген мәліметтерді қамтиды. Өрістерді құрған кезде мыналарды есте сақтау керек.

      • Әрбір өріс таблица тақырыбымен байланысты болуы керек.

      • Таблицаға өрнектің нәтижесі болып табылатын деректержі қосуға болмайды.

      • Таблицада барлық қажетті ақпарат болуы керек.

      • Бір өрісте тек бір мәнді ақпараттар жазылуы керек. (мысалы, аты жөнді бір өріске жазғаннан көрі аты және фамилиясы деген екі өріске бөліп жазған дұрыс болады)

    4. Түйінді өрістерді беріңіз. Реляциялық ДБ-да таблицалар бір бірімен байланыстырылады. Бұл байланыс түйінді өріс арқылы қойылады. Түйінді өріс – мәндері қайталанбайтын өрістер.

    5. Таблицалар арасындағы байланысты анықтау керек. Деректерді таблицаға бөлгеннен соң және түйінді өрісті анықтаған соң әртүрлі таблицалардағы деректердің байланысу схемасын таңдап алу керек. Бұл үшін таблицалар арасында байланыс орнату керек.

    6. ДБ құрылымын тағы бір тексеріп, кемшіліктерін қарап шығу керек. Мұны таблицаға деректерді енгізбестен бұрын қарап шығу керек.

    7. Деректерді қосып және ДБ-ның басқа обьектілерін құрыңыз. Егер таблица құрылымы барлық қойылған талап тарын қанағаттандырса, деректерді енгізуге болады. Содан соң кез келген запрос, форма, отчет сияқты обьектілерді құруға болады.


Практикум арқылы орындайтын тапсырмалар. Microsoft Access программасын компьютерде қосып, деректер базасымен танысу


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Деректер базасы дегеніміз не?

  • Макростарды не үшін қолданамыз?

  • ДБ жобалау қандай кезеңдеден тұрады?


Үйге тапсырма:

Деректер базасында жасауға өз сыныптарыңның аты-жөндерін, туған жылы мен қалаған мамандықтары бойынша жоба дайындап келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Microsoft Аccess.

Автор: Елекбаев Курмангазы Абдракимович

Дата: 10.03.2015

Номер свидетельства: 183876


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства