Сабақ кезеңдері 1-кезең: Қызығушылықты ояту: - ұйымдастыру - белсенді әрекетке жұмылдырылады; - ойлау жұмысына ынталандырылады | 4 мин 10 мин 5 мин 5 мин | “сұрақ-жауап” стратегиясы. «Болжау» стратегиясы Мәнмәтінде айқындау. Постер қорғау. | 1.Ұйымдастыру Топқа бөлу: “ Macromedia flash терезесінің элементтері арқылы” Шарттары: 1. Әр оқушы стол үстінде тұрған Macromedia flash терезесіне қатысты элементтер бойынша топқа бөлініп, орындарына жайғасады. Білу: Миға шабуыл «Лото» ойыны бойынша үй жұмысына сұрақ-жауап. Түсіну: Жаңа сабақ. Macromedia flash тілі графикалық мүмкіндіктерді қолданудың тәсілін ұсынады. Топқа бөлінгендегі, Құрал-саймандар (басқару элементтері) тақтасының қолданбаған жаңа графикалық әдіс мүмкіндігі бар батырмаларымен таныстырып тақырыпты ашу. Бұл кішкене қара нүктелер уақытты ұзарту F5 батырмасын басса арасы ашылып уақыт ұзарады, shift+ F5 бұл керсінше уақытты қысқартады. Тақырып бойынша «Болжау» стратегиясы арқылы басталады. Оқушыларға слайд арқылы сурет көрсетіп, мынандай сұрақтар қойылады: 1.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады? 2.Қандай тақырып маңайында өрбиді? 3.Қандай бағдарламамен жұмыс болады? 4. Macromedia flash бағдарламасының графикалық мүмкіндігі бойынша қандай жұмыстармен жұмыс жасауға болады, ұқсастықтары? Control - Test Movie командасы арқылы анимацияға команда беру және Control – Play-командасында пайдаланып анимацияның алдын-ала қарауға болады. Қолдану: Топ тапсырмалары: I– Macromedia flash бағдарламасында жұмыртқадан жарылып балапан шығып жатырған суретке анимация жасау. II – Macromedia flash бағдарламасында геометриялық фигуралар салу арналған батырмаларды пайдаланып қандай суреттер жасап шығуға болады және бояу жолдары? III – Macromedia flash-те уақытты ұзарту жолдарын табу. | Оқушылар топқа бөлінеді.Топта өзара әрекет етеді. Бір-бірімен пікір алмасады. Іштерінен көшбасшы шығарады. Оқушылар жаңа топпен жұмыс істейді. Оқушылар «ой қозғау» арқылы ойланады. Әркім өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап бергенде көшбасшы анықталады? Болжау жасайды. Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады, көз жеткізеді. Топпен жұмыс: әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар бөлініп беріледі. | Ұпайларын Бақылаушы жазып отырады. |
2-кезең: Мағынаны ажырату: - оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады; | 9 мин | АКТ пайдалану әдісі. | Талдау: Әр топ постер қорғағаны бойынша жұмыстарын ауыстырып практикалық жұмысқа отырады. Берілген тапсырмада орындайтын жұмыстары. I–топ: Macromedia flash бағдарламасында орындайтын тапсырма бойынша геометриялық суреттер салу, графикалық сызбаларды таңдап жобаға орналастырып құрал-саймандар терезесінен шеңбер, тік төртбұрыш пайда болады және түрлі-түсті бояумен бояу, шеңбердің ішін толық бояп шығады. т.б. II – топ: Анимация жасау үшін Onion Skin және F7 батырмаларын пайдаланып жобаға графикалық суреттер енгізу. Control – Play немесе Test Movie менюін таңдап экранға анимация жасау. III – топ: Дайын болған жобаға анимация жасап және жүру анимациясының жылдамдығын және жәй түсінікті мультипликация сияқты қозғалысын бәсеңдету үшін F5 батырмасын және кері тез қозғалу үшін shift+F5 батырмасын қолданып нәтижесіне қол жеткізу. | Әр топ постер қорғағаны бойынша жұмыстарын ауыстырып практикалық жұмысқа отырады. АКТ – ны қолданады. Оқушылар әр топ кезекпен бүгінгі сабақтан алған жаңа сабаққа толық анықтама беріп айтады. Қателіктерін түзейді. | Формативті бағалау |
4-кезең: Ой- толғаныс: анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді; синтез, бір-бірімен ой бөліседі. сабақ қорытындысы | 5 мин | Сәйкестендіру әдісі. | Жинақтау: Жаңа сабақты бекіту үшін оқушыларға карточкілер таратып, сәйкестендіру тапсырмасын белгілейді. практикалық тәжірибесімен ұштастырып жұмыс жасайды. Оқушылар ойларын жинақтайды, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастырады | Жаңа сабақтан алған білімдерін карточка арқылы құрал саймандағы пайдаланған жаңа батырмалар бойынша сурет арқылы сәйкестендіреді және бір-бірінің жұмыстарын тексеріп дұрыс жауабын интерактивті тақтадан тексеріп біледі. | топпен |
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы) | 2 мин. §21,22 163-170 беттерді оқып келуге. Келесі тақырыпты қарау. | Үйге тапсырма: Үшінші тәсілі бойынша процедураға жазған программаға өзгерістер енгізіп талдап келу. Бағалау: Шкала бойынша Бақылаушының жазып отырған ұпайларын санап баға қою. | Күнделікке жазады.Сұрақтар болса сұрайды. Топ басшысы алған ұпайларын топ мүшелерімен бағалау бетшесін толтырады. | Жиынтық бағалау. |