kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік. Деректер моделінің түрлері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

білім алушыларға мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік және                                       деректер  моделінің түрлері туралы ақпарат беру, сонымен қатар келесі түсініктермен таныстыру: ақпараттық-іздеу жүйелері, мәліметтер базасы, МББЖ, реляциялық МБ, Иерархиялық МБ, тораптық МБ, жазба, өріс, алғашқы кілт және қарапайым МБ құру жолдарын үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік. Деректер моделінің түрлері»»

«Қаржы академиясы» АҚ колледжі









КЕЛІСІЛДІ

колледж әдіскері

________Жунусова З.С.







АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:«Мәліметтер базасы туралы

жалпы түсінік. Деректер моделінің түрлері»








Пән оқытушы: Турганбекова Г.Н.

«Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» ЦК отырысында қаралды

Хаттама №__ « ______________»____ж.

ЦК төрайымы:_______ Стасишина Т.Г.













Астана қ., 2016 ж



24 САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән: Информатика

Мамандық, топ: 0516000 «Қаржы», 1 курс 1Қ-415


Сабақтың тақырыбы:Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік.

Деректер моделінің түрлері»

Күні: 29.02.2016 ж.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: білім алушыларға мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік және деректер моделінің түрлері туралы ақпарат беру, сонымен қатар келесі түсініктермен таныстыру: ақпараттық-іздеу жүйелері, мәліметтер базасы, МББЖ, реляциялық МБ, Иерархиялық МБ, тораптық МБ, жазба, өріс, алғашқы кілт және қарапайым МБ құру жолдарын үйрету.

Дамытушылық: тақырып бойынша білім алушылардың білімдерін дамыту ақпараттық мәдениеттілікті қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қабылдау, көңіл бөлу, сақтау секілді танымдылық үрдістерін дамытуды жалғастыру, ой өрісін кеңейту, мамандықпен байланыстыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: ДК – ді пайдалану кезінде кәсіби қызығушылғымен шеберліктерін қалыптастыру, ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасауға, тиянақтылыққа тәрбиелеу, алған білімін өмірде қолдана білуге, өмірде кездесетін мәселелерді шеше білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлау

Білімді бағалау өлшемі: 5 баға жүйесімен

Көрнекіліктер: Үлестірмелі қағаздар, Дербес компьютерлер, интерактивті тақта, тақырып презентациясы

Пән аралық байланыс: Экономикалық информатика, Ағылшын тілі.

Негізгі әдебиеттер: Назаренко Е. «Ақпараттық технологиялар»


Сабақтың барысы және уақытының өлшемі


Сабақ кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

  • топ студенттерімен амандасу;

  • журнал бойынша тексеру;

  • аудиторяның және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;


2

минут

2

Үй тапсырмасын тексеру








а)

(сұрақ-жауап арқылы)































































б)

Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашу»















Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыздың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді.  “...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу игеру және жетілдіру -  бүгінгі жастар сіздердің еншілеріңіз”.

Иә, балалар информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін пән. Сондықтан да біз Елбасының сөзін жадымызда мұқият ұстап, сабағымызды жақсы оқуымыз керек екен.


1. MS Excel бағдарламасының атқаратын қызметі?

2. MS Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдарын атаңыз?

3. Ұяшық адрестерін атаңыз?

4. Excel бағдарламасына енгізілетін деректер?

5. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?

6. Функциялар түрлері?

7. СУММ,МАКС, МИН және ЕСЛИфункцияларының қызметі?

1.Microsoft фирмасының Excel программасы - кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеуге арналған кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын программа. 

Мүмкіндіктері: 

Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып, әртүрлі есептеулер жүргізу;

Тиімді ету мәселелерін шешу;

Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдау;

Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;

Мәліметтер базасын даярлау;

Мәліметтерді статистикалық талдау, т.б.

2. Негізгі ұғымдары:

Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының солжақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.

Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.

Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.

Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.

3. Салыстырмалы, абсолютті, аралас.Мысалы

4. Мәтін, сан, формула. Формула «тең» таңбасынан басталады.

5. Терезе элементтері

1. Тақырып жолы

2. Басқару батырмалары

3. Ленталар

4. Office батырмасы

5. Формула жолы

6. Жұмыс парағы

7. Бағандар аты. 

8. Жолнөмірі 

9. Айналдыру жолағы

10. Таңбашалар немесе парақ

11. Қалып-күй жолағы

6. Математикалық, қаржылық, мерзім және уақыт, статистикалық, логикалық, мәтіндік және т.б.

7.СУММ-автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды;

МАКС- ауқымдағы ең үлкен санды анықтайды;

МИН - ауқымдағы ең кіші санды анықтайды; ЕСЛИ(лог_выражение;значение_если_истина;значение_если_ложь) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина), ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. (Презентация, MS Excel бағдарламасы)


Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.
К Ұ Я Ш Д И
І Т А Ы Қ А
Ф О П Л А Г
Б Р М У А Р
Е Т Т Е М А
К Е С А М Т

Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген
Бет- страница- list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады
Ұяшық- ячейка- cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады
Диаграмма-диаграмма-diagram; мәліметтерді графиктік түрде көрсету
Кесте-таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады Формула-формула- formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады



20 минут

3

Сергіту сәті «Тілек жазу»


Максаты: Ынтымақтастықты нығайтады, көңіл күйді көтеру

Парақшаларға тілек жазып, бүктеп қорапшаға салып араластырып, қайта тарқатады.

3

минут

4

Жаңа тақырыпты хабарлау

Интерактивті тақта көмегімен жаңа тақырыппен танысамыз. Тақырыппен таныстыру, міндеттерін айту. /Мысалдар келтіру арқылы тақырыпты түсіндіру/ 1 Қосымша


Сіздердің қайсыңыз білесіз бұрынғы кезде қызметкерлер туралы ақпараттар қалай сақталды? (Картотекаларда: қызметкерлердің жеке іс қағаздары алфавиттік ретпен орналасқан қозғалмалық жәшіктерде). Компьютерлердің пайда болуымен адамдар ойлана бастады, мәліметтерді компьютер жадына енгізіп, олармен қалай жұмыс жасау керектігін. Сонда арнайы бағдарламалар құра бастады. Олар ақпараттық-іздеу жүйелері болап аталды. Олар қазір адам қызметінің барлық салаларында қолданылады: банк, дүкендер, кітапхана т.б. Сонымен біз бүгін сабақта ақпараттық-іздеу жүйелері, мәліметтер базасы, негізгі ұғымдары, түрлерімен танысамыз.

30 минут

5

Оқушылардың өзіндік жұмысы

2 Қосымша бойынша тапсырмаларды компьютерде және интерактивті тақтада орындау.


15 минут

6

Тақырыпты бекіту

«Нені біліп үйрендік...» (сұрақ – жауап бойынша)

(сұрақтар өтілген тақырып бойынша)

Мысалы:

  • МБ дегеніміз не?

  • Ақпаратты іздеу жүйелері дегеніміз не?

  • МБ негізгі ұғымдарды атаңыз?

  • МБ неше белгісі бар атаңыз? және т.б.


5

минут

7

Бағалау (өзін өзі бағалау)

Уй тапсырмасы және сабаққа белсене қатысып отырған топ оқушыларын бағалау ( топ оқушылары сабақты қалай түсінгендеріне байланысты өз – өздерін бағалайды)



                 

3

минут

8

Уйге тапсырма

Өткен тақырыпты оқу, анықтамаларды жаттау. Келесідей МБ құру үшін ақпараттар жинастыру.

1.Өз тобыңның сабақ кесетесі (Апта күндері, Сабақ №, Пән атауы, Уақыты, Аудитория, Пән мұғалімі)

2.Кітапхана (кітаптар, оқырмандар)

3.Футбол чемпионаты (командалар, ойын кестесі, ойын нәтижесі, футболистер)

Т.Хакимова «Комп өңдеу. автоматтандыру»,

С:В:Симонович «Юристер мен экономистерге арналған информатика» С-Петербург «Питер» 2001 ж.

2

минут







Пән оқытушысы______________________ Турганбекова Г.Н.






ҚОСЫМША 1

Ақпараттық -іздеу жүйелері – бұл ақпарат сақталатын жүйе, одан қолданушының шарттары бойынша қажетті ақпаратты береді, іздеу қолмен немесе автоматты түрде орындалады.
Ақпараттық-іздеу жүйелері екі бөліктен тұрады:

  • Мәліметтер базасы (МБ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың  өзара байланыстағы жиынтығы;

  • МББЖ – МБ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені

Қазіргі уақытта әлемде мыңдағана ақпараттық- іздеу жүйелері құрылған. Олар банктерде, кітапханаларда, ауруханаларда, оқу орындарында, дүкендерде және т.б. қолданылады. Кейбір ақпараттық-іздеу жүйелері ірі, орталықтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелеріне біріктіріледі, оларды мәліметтер банкі деп атайды.


Біз АІЖ, МБ, МББЖ түсініктерін қарастырдық.


МБ негізінен 3 белгісі бойынша жіктеледі.

   Бірінші белгісі-сақтаулы ақпарттың сипатына қарай МБ: фактографиялық (бір форматтағы қысқаша ақпарат: картотека) және құжаттық (барлық мүмкін құжаттар – мәтін, графика, бейне, дыбыс және т.б. мұрағат) болып бөлінеді.

   Екінші белгісі-ақпараттарды сақтау әдісі бойынша МБ орталықтандырылған (барлық ақпарат бір компьютерде сақаталады- серверде) және үлестірілген (ақпарат жергілікті немесе ауқымды желіде сақаталады) болып бөлінеді.

   Үшінші белгісі-ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша МБ реляциялық, иерархиялық және тораптық болып бөлінеді.

МБ-да негізгі ұғымдар:

Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.

Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.

Өріс – объектілердің сипаттамасы

Жазба — өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.

Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.



Мысал. Тақтада кейбір мәліметтердің жиынтығы берілген. Бұдан өзіңізге қандай пайдалы ақпараттарды алар едіңіз?

1, 3, 5; Airbus A319;Атырау; 4, 7; Алматы; 09-25; Boeing 737-500; Актау; 00-30; Fokker 100; KC 956; DV 742; Z9 2103; 09-40; 1, 3, 5, 7.

– Бұл мәліметтер жиынтығынан самолеттердің ұшуы туралы екенін көреміз, бірақ қай күні, қай уақытта және т.б. білу мүмкін емес. Егер осы мәліметтерді құрылымдасақ, онда ақпаратты толық аламыз.











1 кесте

Аэропорт

орны

Рейс нөмері

Самолет

Ұщатын апта күндері

Ұшу уақыты

Алматы

KC 956

Airbus A319

1,3,5

00-30

Актау

DV 742

Boeing 737-500

4,7

09-40

Атырау

Z9 2103

Fokker 100

1,3,5,7

09-25

– Берілген құрылым тіктөртбұрышты қалыпты береді. Реляциялық МБ – да кесте түрінде дайындалған мәліметтер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады.




Сызба №1























№ 2 сызбада құрылымданған ақпараттың басқа түрі көрсетілген. Бұл сызбада ағаш объектінің үш типінен тұрады: колледж, циклдық комиссия, мамандық. Әрбір объект өзінің белгілерімен сипатталады, мысалы: колледж (атау, адресі, директордың аты-жөні); ЦК (атауы, төрайымы, оқытушылар); Мамандық (атауы, топтар, студенттер саны).

Иерархиялық МБ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі.







2 сызба









Оқушылардың қайсысы қай үйірмеге қатысатыны суретте көрсетілген.
Тораптық МБ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.



Тип –өріс қабылдай алатын мәндер және осы мәндермен орындалатын операциялар жиыны. Негізгі түрлері: Мәтіндік (текстовый)- мәтіндік ақпараттарды енгізу үшін. Ол 256 символдан аспайды. Сандық (Числовой) –өріске сандық мәндерді енгізуде қолданылады (бүтін немесе бөлшек), Мерзім/уақыт (Дата-время)- мерзім мен уақытты енгізуге болады, Логикалық (Логический) –бұл типі мына мәндердің біреуін «Ия» және «Жоқ» немесе True немесе False қамтитын өрістер үшін қолданылады.MEMO өрісі - Бұл типтің өрісіне алфавитті-цифрлық белгілерді енгізуге болады (255 белгіден көп) немесе форматталған мәтіндіАқшалық - ақшалық мәндерді енгізуге арналған, Есептегіш –автоматты түрде енгізілетін Уникальное сандық мән. Уникальный мәндерді құру үшін, мысалға алағашқы кілтті қолданылады. OLE объектсінің өрісі - OLE –объектлері немесе басқа екілік мәліметтер енгізіледі, Гиперсілтеме - бұл өріс тышқанды URL-мекен жайында немесе файлда бір рет шерту арқылы Web-беттерді шақырудың гиперсілтемелерін сақтау үшін қолданылады





ҚОСЫМША 2

Құрылымы жасалмаған мәліметтер:

№124, Әлиева, Жібек, Қанатқызы, 1.01.1995, № 127, Сариев, Қанат, Аманұлы, 15.06.1995, Аскарова, Арай, Жарасқызы, 16.04.1996, № 126, Саматов, Айдар, Жетпісбаевич, № 125, 28.02.1996

Осы мәліметтерді құрылымға келтіріңіз және сызбасын салыңыз. МБ қай түріне жатады?

Құрылымы жасалмаған мәліметтер:

«Аурухана» мәліметтер базасы. Аурухана (аурухана меңгерушісі, мекен жайы, білімі, телефоны), Бөлімше (Бөлімше меңгерушісі, бөлімше атауы, Медбике), Қызметкерлер (Аты-жөні, Туған күні, Мекен жайы, Телефоны, Білімі, Қызметі, Жұмыс істеу стажы), Емделуші (Аты-жөні, Туған жылы, Мекен жайы, Диагнозы, Түскен мерзімі, Шыққан мерзімі)

Осы мәліметтерді құрылымға келтіріңіз және сызбасын салыңыз. МБ қай түріне жатады?

«Компьютерлік техника»кестесі өрістерінің типтерін анықтаңыз:

Реттік саны

Құрылғылардың атауы

Тауардың бар болуы

Тауар саны

Тауардың сипаттамасы

Суреті

Тауардың бағасы

Түскен мерзімі

Сайт

1.

Жүйелік блок

Иә

5

Intel Core i5 3570, 3.4GHz, Asus H81- Plus, DDR-3 DIMM 16Gb/1866MHz, HDD 1000 Gb, SSD 1000 Gb, PCI-E 1024Mb

Объект

60 000

12.12.2014

http://www.alser.kz/

2.

Пернетақта

Иә

10

Cooler Master Trigger, Gaming, Black/Gray, USB

Объект

70 000

20.12.2014

http://www.alser.kz/

3.

Монитор

Иә

5

29" Dell UltraSharp U2913WM,AH-IPS,Black,2560x1080,DC 2M:1,H:178/V:178,8ms,DVI,D-Sub,HDMI,DP

Объект

50 000

16.06.2014

http://www.alser.kz/

4.

Принтер

Жоқ

0

Samsung SL-M2020, A4, 20 ppm, 1200x1200dpi, tray 150 page, 10000 бет

Объект

90 000

06.01.2015

http://www.alser.kz/



ҚОСЫМША 3

1. Мәліметтер базасы дегеніміз не ?

A. қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың  өзара байланыстағы жиынтығы*

B. Арнайы ұйымдастырылған файлдар тізбегі

C. Тізім түрінде ұйымдастырылған жазулар тізбегі

D. Арнайы ұйымдастырылған жазулар тізбегі

2. Мектеп оқушыларының есебі туралы деректер қоры жасақталды. Бұл деректер қорында қандай алаң қажет емес?

A. Тегі, аты, әкесінің аты

B. Мектептегі сыныптар саны*

C. Мекен-жайы, үй телефоны

D. Сынып

3. Мәліметтер базасындаөріс типі (сандық, мәтіндік және т.б.) қалай анықталады?

A. өріс аты

B. өріс ені

C. жолдар саны

D. мәліметтер типі*

4. Мәліметтер базасында алғашқы кілт дегеніміз:

A. Деректерді өңдеуге негізделген арнайы құрылым

B. Нақты объект немесе процесс параметрлерінің бір мәнін сақтауға негізделген деректер қорындағы жай объект

C. белгілі бір параметрлер бойынша деректерді топтау процесі

D. Нақты объектердің типтік қасиеттерін сипаттайтын логикалық түрде байланысқан алаңдар жиынтығы *

5. Мәліметтер базасының қанша моделі бар ?

A. 1

B. 3*

C. 4

D. 2

6. Мәліметтер базасының желілік моделі дегеніміз не?

A. Желілікті сипаттайтын деректер қоры

B. Желілік құрылымдағы деректер қоры*

C. 1970 жылы Э.Коддом ұсынған деректер қоры

D. Төменде орналасқан әрбір жазу жоғарыда орналасқан тек бір жазумен ғана байланысты деректер қоры

7. Мәліметтер базасында мәтіндік енгізу үшін қолданылатын тип қалай аталады?

A. сандық

B. мәтіндік*

C. қаржылық

D. логикалық

8.Бұл ақпарат сақталатын жүйе, одан қолданушының шарттары бойынша қажетті ақпаратты береді, іздеу қолмен немесе автоматты түрде орындалады

A. Мәліметтер базасы

B. Мәліметтер базасын басқару жүйесі

C. Ақпараттық-іздеу жүйелері *

D. Желілік МБ

9. Бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі?

A. объект *

B. өріс

C. жазба

D. кілт

10. Реляциялық МБ дегеніміз не?

A.объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады

B.жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі

C.МБ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені

D.кесте түрінде дайындалған мәліметтер *

11. Бұл типтің өрісіне алфавитті-цифрлық белгілерді енгізуге болады (255 белгіден көп) немесе форматталған мәтінді енгізу

A.Мәтіндік

B.Гипесілтеме

C.Логикалық

D.МЕМО өрісі *

12.Объектілерді сипаттайтын ұғым қалай аталады?

A.Атрибут

B.Жазба

C.Өріс *

D.Кілт

13.Жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептейтін МБ?

A.Иерархиялық МБ*

B.Реляциялық МБ

C.Тораптық МБ

D.МББЖ

14.Өріс қабылдай алатын мәндер және осы мәндермен орындалатын операциялар жиынын қалай атаймыз?

A.Мәліметтер

B.Өріс атауы

C.Тип*

D.Кілт

15.бір форматтағы қысқаша ақпаратты сақтау формасы қалай?

A. құжаттық

B. фактографиялық *

C. орталықтандырылған

D.үйлестірілген




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік. Деректер моделінің түрлері»

Автор: Турганбекова Гульнур Нурбековна

Дата: 16.02.2018

Номер свидетельства: 457762


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства