Просмотр содержимого документа
«"М?тінді пішімдеу ж?не редакциялау" »
Тегтер бұлты(ағылш.tag cloud, wordle) - веб-сайттарда ярлык, санат немесе қандай да бір мәтіндік мәліметтердің визуалды кейіпте бейнеленуі. Интернет алқабында анықталған сөздірдің, терминдердің, атаулардың ескерілу, ізделу және веб-сайтқа айдайтын сілтену жиілігі сол сайттардың арнайы бөлігінде гиперсілтеме түрінде көрсетіледі. Көп жағдайда сайттағы навигация құралы (гиперсілтемелер арқылы) болып та қолданылады. Тег (сөз, термин немесе атау) неғұрлым жиі қолданылса, соғұрлым оның қаріп өлшемі ірі болады.
Атрибут(лат. attributio) - бір нәрсенің ерекше белгісі, тұрақты қасиеті, заттың бөлінбес бөлшегі.
1) тағайындалатын немесе алынып тасталатын айрықша файл сипаттамасы (file attribute). Стандартты атрибуттар: тек қана оқылатын, жасырын, жүйелік және архивтік файлдар;
2) НТМL түріндегі гипермәтіндік құжаттың белгілеріндегі (tag) қосымша ақпарат, ол белгілер арқылы жасалған құрауышты анықтайды;
3) символдарды шығару тәсілін анықтайтын мәліметтер (character attribute);
4) кез келген объектіні сипаттайтын оның негізгі параметрлері: файл аты, типі, көлемі, жазылған мерзімі; сызықтың қалыңдығы, түсі; мәліметтер базасының өріс ұзындығы, және т.б.
Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу қажет. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады. Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады: әртүрлі қаріптерді пайдалану; құжат өрісінің шекараларын өзгерту; мәтінді бағандарға бөлу; символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау. Пішімдеудің осы әрекеттерін Пішім (Формат) мәзіріндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты пішімдеу алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа пішім элементтерін енгізу негізінде орындалады. Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) сұхбат терезесін ашатын Пішім мәзіріндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасы үш қосымшадан тұрады. Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады. Интервал өрісінде арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді. Анимация қосымшасы белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Пішімдеу құралдар тақтасының көмегімен де қаріптің параметрлерін қоюға болады. Құжат мәтіндері абзацтардан тұрады. С. И. Ожеговтың сөдігінде «абзац» мағынасы былай беріледі:
1) қызыл жол, жол басындағы шегініс;
2) осындай шегініс арасындағы мәтін. Абзац MS Word - та Enter пернесінің басылуымен аяқталады. Абзац параметрлерін қою үшін Пішімдеу мәзіріндегі Абзац командасы қолданылады. Осы команда таңдалып алынған соң Абзац сұхбат терезі шығады. Абзац шегіністері мен интервалды қою үшін Шегініс және аралық қосымшаларын таңдау керек. Туралау өрісінде абзацты туралау әдістері таңдалады. Абзацты пішімдеуді жылдам жүргізу үшін Пішімдеу тақтасындағы батырмаларды пайдалану арқылы пайдалануға болады.
Нөмірленген және маркерленген тізімдер,
бағандар, беттердің параметрлері.
Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.
Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.
Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.
Мәтінді бағандарға бөлу – сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан
Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.
Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.
Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы – Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп, қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.
Дайындаған:Егинбаева Альбина Қуантайқызы 11 а сынып оқушысы