kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?ліметтерді ауыстыру ж?не іздеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік:

білім алушыларды? Access  ба?дарламасы бойынша ал?ан білімдерін тере?дету, жалпылау ж?не  ж?йелеу;

Дамытушылы?:

 ой-?рісін дамыту, ойлау ?абілеттерін арттыру, теориялы? білімін практикада ?олдана білу да?дысын ?алыптастыру;

Т?рбиелік:

жауапкершілікке, ізденімпазды??а,  ?з бетімен ж?мыс істеуге, ?жымды? ауыз бірлікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?ліметтерді ауыстыру ж?не іздеу »

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді ауыстыру және іздеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

білім алушылардың Access бағдарламасы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және жүйелеу;

Дамытушылық:

ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік:

жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, ұжымдық ауыз бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: ұжымдық әдіс, жеке жұмыстар.

Көрнекілігі: Компьютер, презентация, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі -2 мин

  2. Үй тапсырмасын сұрау-15 мин

  3. Жаңа сабақты түсіндіру-6 мин

  4. Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру-15 мин

  5. Сабақты қорытындылау-5 мин

  6. Үйге тапсырма

  7. Бағалау



  1. Ұйымдастыру кезеңі -2 мин

Сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу.

Топты 3 топқа бөліп, топ басшыларын тағайындау.

1-ші топ- «Тапқырлар» тобы, Кеңесбаева Жанат

2-ші топ- «Алғырлар» тобы, Тұрсынбайтегі Азамат

3-ші топ- «Білгірлер» тобы, Садвакасова Жайнагүл

II. Үй тапсырмасын сұрау-15 мин



  1. Презентация дайындау.

1-ші топ- «Сұраным» жайлы презентация қорғау

2-ші топ- «Форма» жайлы презентация қорғау

3-ші топ- «Кесте» жайлы презентация қорғау



  1. Топтар арасында сұрақ алмасу.

  2. Сызбалармен жұмыс.



III. Жаңа сабақты түсіндіру-7 мин

Access-ті жүктегеннен соң экранда сұхбат терезесі пайда болады. Ол арқылы дайын деректер базасын ашуға, жаңа деректер базасын құрастыруға немесе ол үшін ендірілген шеберді пайдалануға болады. Бұрын дайындалған кестені ашып, онда мәліметтерді іздеуге және ауыстыруға болады. Ол үшін, мысалға «Студенттер» кестесіндегі «Тлепбай» фамилиясын «Қазанғап» фамилиясына ауыстырайық:

  1. Бұрын дайындалған «Студенттер» кестесін ашамыз.

























  1. Фамилиясы өрісін белгілеп, саймандар тақтасындағы Іздеу батырмасын таңдаймыз.



  1. Ашылған Іздеу және ауыстыру сұхбат терезесінің Үлгі жолына «Тлепбай» жазбасын енгізіп Әрі Іздеу батырмасын шертеміз.

















































  1. Ашылған Іздеу және ауыстыру сұхбат терезесінің Үлгі жолына «Тлепбай» жазбасын енгізіп Әрі Іздеу батырмасын шертеміз.

































  1. Табылған «Тлепбай» жазбасын белгілеп, саймандар тақтасындағы Ауыстыру батырмасына шертеміз.





  1. Ашылған Іздеу және ауыстыру сұхбат терезесінен Ауыстыру үлгісіне қажетті деректі, яғни «Қазанғап» жазбасын енгізіп «Ауыстыру» батырмасын шертеміз.

  1. Нәтижесінде «Тлепбай» жазбасы «Қазанғап» жазбасына ауысады.







Олай болса, жаңа сабағымызды бекіту үшін практикалық жұмыстар жасайық.







IV. Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру-15 мин

1- практикалық тапсырма

1.MS Access деректер қорын жүктеңіз.Ол үшін: Іске қосу-программалар MS Access (Пуск -Программы- MS Access) командаларын таңдаңыз.

2.Пайда болған терезеден "Жаңа деректер қоры" (Новая база данных) белгісін таңдап ОК батырмасын басыңыз.

3.Ашылған " Жаңа деректер қоры файлы" (Файл новой базы данных) терезесінің "Файлдың аты" (Имя файла) өрісіне "db1" орнына "Студент" деген атты енгізіңіз.











1-ші сурет. Жаңа деректер қоры файлының терезесі

4.Құрылған деректер қорын Менің құжаттарым (Мои документы) бумасында өз бумаңызды құрып сақтаңыз.

5.Ашылған "Студент: деректер базасы" терезесінде 6 объекті орналасқан:Кестелер (Таблицы),Сүраныстар (Запросы),Қалыптар (Формы), Есептер (Отчеты), Макростар (Макросы), Модульдер (Модули). Кесте объектісін таңдап "Құру" (Создать) батырмасын басыңыз.

6.Пайда болған "Жаңа кесте" (Новая таблица) терезесінен Конструктор режимін таңдаңыз.

7. 3 бағаннан тұратын кесте пайда болады,кестенің 2 бағанын: 1. "Өрістің аты" (Имя поля); 2."Өрістің түрі" (Тип данных)және әрбір жолдың қасиеттерін (Свойства) пайдалана аламыз.

8.Студент өзіңе тиісті мәліметтерді енгізуі керек.Ол үшін төменде берілген үлгілерді қолданыңыз :













Өрістің аты (Имя поля)

Өрістің түрі (Тип данных)

Фамилиясы

Текстовый (Мәтіндік)

Туған жылы

Дата/время (Мерзім/уақыт)

Үй телефоны

Числовой (Сандық)

Курс

Числовой (Сандық)

2-ші үлгі 3-ші үлгі







9.Құрылған кестені "Х" (Жабу,Закрыть) белгісімен жауып, кестені "Студент" атымен сақтаңыз,кілт сұраған жолға "Жоқ" (Нет) батырма-сын шертіңіз.

10.Құрылған кестеңіз Кестелер (Таблицы) объектісіне орналасты,енді осы кестені Ашу (открыть) командасы арқылы ашыңыз.

11.Ашылған кестедегі бағаналарға берілген мәліметтер кестенің өріс аты болып орналасады,ал деректер түрі өрістің атына сай қабылданады.

12.Енді кестені топтастырыңыз туралы мәліметтермен толтырыңыз (жазу саны-10 болу керек).Дайын болған кестені жабыңыз.

2- практикалық тапсырма

Деректер қорында шебердің көмегімен кесте құру

Жұмыстың мақсаты:

Шебердің көмегімен кестенің құрылу жолдарын студенттерге түсіндіру

1.MS Access деректер қорын жүктеңіз.Ол үшін: Іске қосу-программалар MS Access (Пуск - Программы- MS Access) командаларын таңдаңыз.

2.Ашылған терезеден Жаңа деректер қоры (Новая база данных) белгісін және ОК батырмасын басамыз.

3.Файлдың аты (Имя файла) жолына "Аружан" фирмасы атауын енгізіп, Құру (Создать) батырмасына басамыз.

4.Кесте бөліміне көшіп Құру (Создать батырмасына басамыз.













5.Жаңа кесте (Новая таблица) терезесінде ОК батырмасын басамыз.

6.Конструктор режиміне көшіп , кестеге Фамилиясы, Қызметі, Туған жылы, Білімі, Жұмыс санаты мәліметтерді енгіземіз.

Өрістің аты (Имя поля)

Өрістің түрі (Тип данных)

Фамилиясы

Текстовый (Мәтіндік)

Қызметі

Текстовый (Мәтіндік)

Туған жылы

Дата/время (Мерзім/уақыт)

Білімі

Текстовый (Мәтіндік)

Жұмыс санаты

Числовой (Сандық)

7.Кестені берілген түрде толтырамыз.

Коды

Фамилиясы

Қызметі

Туған жылы

Білімі

Жұмыс санаты

1

Аренов

Инженер

11.10.55

Жоғарғы

10

2

Ақылбаева

Бухгалтер

25.12.78

Жоғарғы

12

3

Апендин

Экономист

25.2876

Жоғарғы

14

4

Аужанов

Инженер

26.0576

Жоғарғы

20

5

Бакиров

Жүргізуші

11.07.66

Орта

8

6

Байжұманова

Директор

06.08.75

Жоғарғы

5

7

Ізбасарова

Еден жуушы

08.03.57

Орта

25

8

Ізтлеуов

Бухгалтер

26.01.79

Жоғарғы

3

9

Майлюбаев

Ревизор

18.11.80

Жоғарғы

2

10

Махамбетов

Механик

31.12.69

Жоғарғы

15

8.Толтырылған кестені жауып форма бөлімінде Шебер формасы (мастер формы) арқылы кестеге форма құрып, ашып,толтырамыз.

9.Формаға қызметкерлер деген атау беріп,форманы жабамыз.

3- практикалық тапсырма

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1.Конструктордың көмегімен кесте жолдарын құра білу

-Фамилия өрісінде -мәтіндік

-Аты өрісінде -мәтіндік

-Курс-сандық

-Мекен-жайы-мәтіндік

-Сурет өрісінде -OLE

Кестені жауып "Топ" деген атпен сақтаңыз.

1.Форма белгісіне көшіп,Құру (Создать) батырмасын басып, жаңа форма (Новая Форма) терезесінен-шебер формасы (Мастер Форм) белгісін таңдап ОК батырмасына басамыз.

2.Құрылған форма терезесінен: Кестелер/Сұраныстар (Таблицы/запросы) қатарына (таблица:писатели) белгіленгенін қадалауымыз керек.

3.Келесі Рұқсат бар өріс (Доступные поля)тізімінен Таңдалынған өріс (Выбранные поля) тізіміне барлығын өткізіп,Әрі қарай (Далее) батырмасына басамыз.

4.Форманың ішкі түрінен Бір қатар (В один столбец ) белгілеп Әрі қарай (Далее) батырмасын басамыз.

5.Қалаған Сурет түрін таңдап,Әрі қарай (Далее) батырмасына басамыз.

6.Форманы "Топ Хжк-1" деген атпен сақтап,Дайын (Готова) батырмасына басамыз.

7.Құрылған Форманы конструктор режимінде ашып,элементтер панелінен керекті мөлшерде батырма саламыз,ашылған Батырма құру шебері (Мастер создания кнопок) терезесіндегі категория тобынан,Тізім бойынша жылжу (переход по записям) жолын таңдап, Әрекет (Действие) тізімінен Алғашқы жазылым (Предыдущая запись) жолын таңдап,Келесі (Далее) батырмасына басамыз.

8.Сурет (Рисунок) және Барлық суреттерді көрсету (Показать все рисунки)белгісінен төмен бағытталған стрелканы таңдаймыз,форманы ілгері қарай жүргізетін батырма құрылады.

9.Осы сияқты екінші кестеге батырма құрамыз,категория тобынан, жазуларға көшу (переход по записям) жолын таңдап аламыз.Әрекет (Действие) тізімінен Келесі жазу (Селдующая запись) белгісін,Сурет (Рисунок) және Барлық суреттерді көрсету (Показать все рисунки) белгісінен жоғары бағытталған стрелканы таңдап Дайын (Готова) батырмасына басамыз,Форманы кері жүргізетін батырма кұрылады.

10.Келесі Шығу/Выход/ батырмасы үшін Әрекет (Действие) тізімінен Келесі жазу (Следующая запись) белгісін,Әрекет (Действие) тізімінен Форманы жабу (Закрытие формы)белгілерін таңдап,Дайын (Готова) батырмасына басамыз.

11.Форманың тақырыбы (Заголовоок формы) аумағында Жазылым (Надпись) көмегімен Формаға "Қазақ ақындарының өлеңдері" атты тақырып енгіземіз.Форманы жауып,сақтаймыз.

12.Форманы ашып толтырамыз,Сурет қою үшін Сурет (Рисунок) аумағында Вставка-Объект -Тип объекта- Microsoft Clip Callery- OK батырмасына басамыз.

Құрылған форма түрі төмендегідей:



















Сабақты қорытындылау-5 мин

Қорытындылауға арналған сұрақтар:

1.Access бағдарламасын қалай іске қосамыз?

2. МS Access деректер қоры дегеніміз не?

3. Деректер базасында мәліметтерді іздеу қалай жүзеге асады ?

4. Мәліметтерді ауыстыру ретін айт

5. Деректер түрінің қай типі көп көлемді мәтінді

сақтай алады?

6. Кеңейтілімі қандай?

7. Кестедегі код деген өрістің қызметі?т.б

8. Жұмыс жасау режимдері?

Рефлексия

Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру:

1. Бұл жұмыстардың қай жері қиын болды?

2. Кестеде қандай мәліметтерді енгізуге болады екен?т.б

Үйге тапсырма

Тұтыну тауарларының бағасын біліп келу

Бағалау














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
М?ліметтерді ауыстыру ж?не іздеу

Автор: Мухатов Зухрат Кажкенович

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167771


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства