kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Логика ж?не логикалы? амалдар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: 

Білімділігі: Компьютерді? логикалы? негіздері, логикалы? пікірлерді? негізгі т?сініктері логикалы? операциялары туралы білімдерін ?алыптастыру. 

Т?рбиелігі: Жауапкершілікке баулу, д?лдікке ?йрету. 

Дамытушылы?ы: О?ушыны? ?рбір саба??а ынтасы мен ?абілетін біріктіріп, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Логика ж?не логикалы? амалдар»

Информатика пәнінің мұғалімі: Оспанбаева Бағлан Омирагалиевна

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Логика және логикалық амалдар. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі:
Компьютердің логикалық негіздері, логикалық пікірлердің негізгі түсініктері 
логикалық операциялары туралы білімдерін қалыптастыру. 
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету. 
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, 
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б. 
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық. 
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын тексеру). 
Компьютермен тест жұмысын алу. 
ІІІ. Жаңа сабақ 
3 топқа бөлінеміз. 
І-топ: Логиканың негізгі түсініктері
ІІ-топ: Логиканың түрлері
ІІІ-топ: Логикалық амалдар
Тақырыптар 3 топқа бөлініп беріледі. Әр топ берілген тақырыпты талқылап, басқа топқа түсіндіріп, талдайды. 
Логиканың негізгі түсініктері.
Пікір дегеніміз – ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталатын сөйлемді айтамыз.
Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Логика-пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым.
Ойлау, пайымдау әдістері туралы алғашқы ілімдер Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, бірақ оның негізіне грек ойшылы Аристотель құрған ілім жатады. Неміс ғалымы Г.В.Лейбниц /1666ж/ алғаш рет ойлау, пайымдауды математикалық тілге аударуға тырысты.
Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан. 
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты. 
Ықтималдық логика – кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген. 
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген. 
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1. 
Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында латынның бас әріптерімен таңбаланады. 
А= (Абай – қазақ халқының ұлы ақыны)
В=(А.С.Пушкин-ұлы математик)
Ақиқат пікірге 1 саны, жалғанға 0 саны сәйкес қойылады. Сондықтан: А= 1, В=0.
Логикалық амалдар. 
Логикалық көбейту (коньюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады. 
Коньюнкция: 
-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді. 
-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады. 
Коньюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал. 
Логикалық қосу (дизьюнкция). Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.
Дизьюнкция: 
-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді. 
-пікірлер алгебрасында ٧ белгісімен таңбаланады. 
Дизьюнкция – ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал. 
Логикалық теріске шығару (инверсия). «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады. 
Инверсия: 
-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді. 
-пікірлер алгебрасында белгісімен таңбаланады. 
Теріске шығару – ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал. 

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1.Пікір дегеніміз не?
2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер?
3. ЖӘНЕ жалғаулығына мысал келтіріңдер?
4.НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңдер?
5. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді ? 
6. Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз?
7. Коньюнкция дегеніміз не?
8. Дизьюнкция дегеніміз не?
9. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?
10. Логикалық қосуды қалай түсінеміз?
11. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз? 
Үйге тапсырма: Логика. Логикалық амалдар.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Логика ж?не логикалы? амалдар

Автор: Оспанбаева Баглан Омиргалиевна

Дата: 19.08.2016

Номер свидетельства: 340022


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства