Күні: | 09.09.2015 |
Сыныбы | 6-сынып |
Пәні | Информатика |
Сабақтың тақырыбы | Әлемнің ақпараттық бейнесі |
Сілтеме | Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. |
Сабақтың мақсаты | Оқушылар бойында әлемнің ақпараттық көрінісі туралы білімдерін қалыптастыру. |
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері | Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілетін дамыту, шығармашылық, іскелік қабілеттерін арттыру, топтық жұмыс жүргізуге үйрету; Уақытты тиімді пайдалануға, өзін-өзі бағалауға дағдыландыру. |
Оқыту нәтижесі | Оқушылар әлемнің ақпараттық көрінісі туралы білімі қалыптасады; |
Негізгі идея | Әлемнің ақпараттық бейнесі |
Сабақтың көрнекілігі | МАН, компьютер, презентация, бейне баян, бағалау парағы, үлестірмелі қағаздар. |
Бағалау | Критерий бойынша бағалау. |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І .Ұйымдастыру кезеңі( 5 минут) | |
Сынып оқушыларына жағымды ахуалорнату. Шаттық шеңберге тұрғызу. Ындымақтастық атмосферасын қалыптастыру. тілек сөздер жазылған құттықтау қағаздарын тарату) Ақпарат және информатика сөздері бойынша топқа бөлінеді. | Оқушылар шаттық шеңберге тұрады. Монитор, процессор тобы болып 2 топқа бөлінеді. Құттықтау қағаздарын оқиды. Ақпарт және Информатика деп 2 топқа бөлінеді. |
І бөлім «Ой қозғау» Үй жұмыстарын тексеру (6 минут) | Оқушыларға сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру. |
ІІ бөлім «Ой түю» Жаңа тақырыпты хабарлап мақсатын түсіндіру. | Тыңдайды, ұғынады, салыстырады, ой түйеді. |
| |
ІІІ бөлім «Ой қорыту» | Топ болып ақылдасады, бірін бірі тыңдайды, шешімге келеді жауап береді. |
8. Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар | Бағалау | Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | | |
Үй тапсырмасын тексеру | Қауіпсіздік ережелерін қайталау сұрақтары. Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар? Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады? Компьютермен жұмыс істер алдындығы қойлатын талаптарды ата. Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады? Компьютермен жүмыс аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар. Электр тоғымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар? Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады? | Орындарынан кезекпен тұрып, сұрақтарға ауызша жауап береді. | Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. | 5 мин |
Білу | Әлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбы туралы видео көрсету. Оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз. | Дәптерлеріне конспектілеп отырады. | | 5 мин |
Түсіну | Көрген видео және оқулық бойынша тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру. Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды п пострмен жұмыс жасайды. | Оқулықты оқып, жұпта, топта талдайды, Пострмен жұмыс жасайды. | Екі жұлдыз бір тілек | 10 мин |
Қолдану | Тәжірибелік тапсырма. Іздеу жүйесін қолданып, сұрақтарға жауап тауып, оларды мәтіндік процессорда рәсімдеңдер. | Интернетте ақпаратты іздеп, мәтіндік редакторында өңдейді. | Топ басшылары бағалау критериййлері арқылы бағалайды | 12 мин |
Сергіту сәті | Қол саусақтарына арналған жаттығулар Алақанды уқалау. Қолды қысу Білезіктен айналдыру Көзге арналған жаттығулар. Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса | 2 мин |
Талдау Жинақтау | Бақылау сұрақтары: Сыни ойлауын дамыту. Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды. Бақылау сұрақтары; 1. «Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер? 2. Ақпартты қанша деңгейде қарастыруға болады? 3. Ақпараттану деген не? 4. Ақпартанудың негізгі нысаны не? 5. Ақпараттық жүйелер деген не? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді | Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады | 5 мин |
Бағалау | Ынталандыру белгілері арқылы, бағалау парағы бойынша жиналған ұйпайларын есептеп суммативті бағасын шығару. | 1. Мен бүгінгі сабақта не білдім....... 2. Маған қызықты болды........ 3. Маған қиындық тудырған....... 4. Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын | 3 мин |
Үйге тапсырма | Әлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбын оқу. Эссе жазу. | 1 мин |