kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??жаттарды безендіру, форматтау жолдарын ?йрену

Нажмите, чтобы узнать подробности

WORD м?тіндік редакторында ??жаттарды пішімдеуді? жолдарын ?йрету. Та?ырып бойынша ал?ан білімдерін практикада ?олдана білуге ?йрету. О?ушылардан ?й тапсырмасы ауызша с?ра?тар ?ою ар?ылы с?ралады. Жауаптар фишкамен ба?аланады. Д?нгелек-5 тортб?рыш-4 ?шб?рыш -3

?й тапсырмасынан кейін та?ырып?а сай т?жірибелік ж?мыс орындалады. Т?жірибелік ж?мысты? н?тжесін текесріп бол?ан со? саба?ты бекіту ма?сатында с?йкестендіру тесті ж?ргізіледі. О?ушыларды? жина?ан фишкаларына ?арай ба?аланады. Уйге ??жаттарды безендіру та?ырыбын о?ып келу беріледі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??жаттарды безендіру, форматтау жолдарын ?йрену»













Сейтова Тынгули Баекеевна

Арнайы пәндер оқытушысы

«Қаржы академиясы» колледжі

Астана қаласы

Ашық сабақ өңдемесі

































Сабақтың тақырыбы: Құжаттарды безендіру, форматтау жолдарын үйрену

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ms Word редакторында құжатты

пішімдеу тақырыбы бойынша оқушыларға толық

түсінік беру. Тақырып бойынша алған білімдерін

компьютердің көмегімен тиімді пайдалана білуге

баулу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге

қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін,

танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеру

шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған

білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.

3.Тәрбиелік: Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен

жылдамдыққа тәрбиелеу.


Пән аралық байланыс: информатика

Сабақтың типі: дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі: тәжірибелік

Әдіс – тәсілдер: модульдік оқыту технологиясының элементтерін қолдану, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, фишкалар, тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

1. Оқушылармен амандасу

2. Оқушыларды түгелдеу

2. Оқушыларды сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (15 мин)

Үй тапсырмасы Word мәтіндік редакторының негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы, редакторымен жұмыс істеу болатын. Бүгін үйге берген сабақ “Кім білімпаз?” ойыны арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

Е


гер дұрыс жауап берсе, Орташа жауап берсе, қанағаттанарлық жауап берсе



Осы фишкалар арқылы бағаланады.

Сұрақтар:

  1. Microsoft Word программасының мүмкіндіктері?

  2. Microsoft Word программасын іске қосу жолдары?

  3. Терезе элементтері қандай бөліктерден тұрады?

  4. Microsoft Word программасында жаңа құжат құру, сақтау жолдары?

  5. Форматтау тақтасында қандай функциялардың батырмалары орналасқан?

  6. Азат жол, жоларалық интервал дегеніміз не

  7. Мәтіндік құжат дегеніміз не? .

  8. Кесте құру жолдарын атаңыз

  9. Парақтың параметрін қалай орнатамыз?

  10. Формулалар редакторының қызметі?

  11. Құжаттарға суреттерді қалай қоямыз?

  12. Құжатты қалай баспаға шығарамыз?

  13. Саймандар тақтасында қандай функциялардың батырмалары орналасқан?

  14. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

ІІІ. Тәжірибелік жұмыс (35 мин)

  1. Қысқаша мағлұмат (5 мин)

Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі.

Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады.

Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:

  • әр түрлі қаріптерді пайдалануға;

  • Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;

  • Беттегі мәтінді туралауға:

  • жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;

  • мәтінді бағандарға бөлуге;

  • мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;

  • тізім, маркер және т.б.

Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.

Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.

2. 1- тапсырма (10 мин)

1 Жұмыс үстеліндегі тапсырма 1 файлын ашып, орындаңдар:

2 Мәтінге тақырып беріңіз. Тақырыпты 16 өлшеммен, Arial шрифтімен жазыңыз. Стиль терезесінен қалаған стиль түрін таңдаңыз

3 Компьютердің суретін енгізіп, контекстік мәзірден формат рисунка командасын таңдаймыз. Положение бетінен по контуру әдісін таңдаймыз. Суретті әртүрлі етіп орналастырып көріңіз.

4 Найти және заменить сұхбат терезесін қолданып, ДЭЕМ сөзін компьютер сөзіне, жедел сөзін оперативті сөзіне ауыстырыңыз. Құрылғы сөзін іздеп тауып, мәтінде қанша рет құрылғы сөзі кездесетінін санаңыз.

5 Граница и заливка командасын пайдаланып, парақтың жиегін безендіріңіз.

6 Парақтың параметрлерін ортаңыз. Түрі- книжный, өрісі-кәдімгі етіп орнатыңыз

2- тапсырма (20 мин)

Төменде берілген мәтінді теріп, көрсетілген үлгідей пішімдеңіз


        Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы!   Қазақ алқы да барша шығыс халықтары сияқты Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған.

       Қазіргі күн есебіне сәйкес, наурыз айының 22-і жұлдызы жаңа жылдың бірінші күні болып есептеледі. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, наурыз – бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады.

       Қазақ халқы үшін, бұл күн - өте қасиетті, киелі саналады. Әрбір қазақ отбасы үшін, Наурыз - жаңа жыл, ырыс-береке, мереке, жыл басы болып есептелінеді. Наурыз мерекесіне байланысты халық арасында жол-жоралар мен әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Адамдар таза киімдерін киіп, бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады.

Көженің ішіне қысқы соғымның басы мен сүр еті салынады. Наурыз тойына ғана тән бұл көже көпшілікке арналған мерекелік тағам. Ол жеті түрлі дәмнен дайындалады: сүт, ет, тұз, су, тары, құрт, жеміс, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барша халықты татулыққа, бірлікке, жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа шақырады. Адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында тазарады, - деген, ұғым қалыптасқан.

       Бұл көже ішу – қыс тағамымен, яғни, етпен қоштасуды, ал, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен, яғни, ағарғанмен қауышуды біл діреді.

       Осы мерекелік күндері ел топ-тобымен қыдырып, бір-біріне жақсы  тілектерін айтады, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік  қасиеттер көрініс тауып, дәстүрлі ұлттық - көкпар, қыз қуу, күрес,  алтыбақан, аударыспақ ойындары ойналады.

          Жастар алтыбақан басында ән айтып, күй тартады.

IV. Сабақты бекіту (13 мин)

Жақсы ,балалар, сіздер мәтіндік редактор туралы біраз ақпарат алыпсыздар.

Ондай болса сәйкестік тестісін орындау арқылы терезедегі белгішелерді қалай айыра аласыздар, көрелік Оқушылар екі қатардағы бағдар сызығы арқылы батырманы оның қызметі көрсетілген алаңшамен қосады.


V. Қорытындылау (7 мин)

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгінгі сабақты қорытындылай келе оқушылар Microsoft word туралы жетік меңгере отырып оның жалпы мүмкіндіктерімен таныстық. Соның бірі мәтінді пішімдеу және оны безендіру. Мәтінді пішімдеу барысында қаріптерге қолданылатын көптеген мүмкіндіктер, түсін, түрін өзгерту. Абзацтарды туралау, беттің параметрлерін қою туралы мағлұматтарынызды тәжірибе барысында көрсеттіңіздер.

VІ. Бағалау (5 мин)

Оқушыларды жинаған фишкаларына қарай қарай бағалау

VІІ. Үйге тапсырма (2 мин)

  1. «Құжаттарды пішімдеу» Балапанов Е.Қ, Бөрібаев Б «информатикадан 30 сабақ 53-56 бет

  2. Конспектті талдау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
??жаттарды безендіру, форматтау жолдарын ?йрену

Автор: Сейтова Тынгули Баекеевна

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295153


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства