Просмотр содержимого документа
«К?п кестелі деректер ?орында кестелерді байланыстыру.»
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Бекітемін»
----------------------------
Оқу ісінің меңгерушісі
Пән аты: Информатика
Класы: 11 А
Күні: 26.11
І.Сабақтың тақырыбы: Көп кестелі деректер қорында кестелерді байланыстыру.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта өтілген тақырыптар бойынша өзіндік жұмыс жасадық.
Сұрақ – жауап ( таратпа)
Деректер базасы дегеніміз не?
Деректер базасының негізгі обьектілері нелер?
Запрос деген не, не үшін қолданылады?
Отчет деген не, не үшін қолданылады?
Форма деген не, не үшін қолданылады?
Макрос деген не, не үшін қолданылады?
Деректер базасын құру үшін алдымен не істеу керек?
ДБ жобалау қандай кезеңдерден тұрады?
Ал бүгін жаңадан көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері деп аталатын жаңа тақырып өтеміз.
Жаңа сабақ
Реляциялық деректер қоймасы теориясында негізгі ұғымдар мыналар: кесте, қатынас, жол(строка), баған, бастапқы және сыртқы кілттер.
Кесте жол мен бағаннан4 тұрады, деректер қоймасында бірегей атқа ие. Деректер қоймасы арасындағы байланыс дәл келетін өрістердің көмегімен орнатылатын көптеген кестелерден тұрады. Кестелердің бір типтегі (топтағы) қандай да бір объектілер жайлы ақпарат бар. Мысал ретінде сатып алушылардың тапсырыстарын есепке алуға арналған, екі кестеден тұратын деректер қоймасына назар аударайық: Клиенттер және Тапсырыстар.Клиенттер кестесінде сатып алушылар жайлы ақпарат бар.
Клиенттер кестесінің құрылымы
№
Атауы
Типі
1
Клиенттің коды
Санауыш
2
Тегі
Мәтіндік
3
Аты
Мәтіндік
4
Әкесінің аты
Мәтіндік
5
Телефоны
Мәтіндік
6
Индексі
Мәтіндік
7
Ел
Мәтіндік
8
Аймақ
Мәтіндік
9
Қала
Мәтіндік
10
Мекен жайы
Мәтіндік
11
Кәсіпорын
Мәтіндік
12
Несие
Ақшалай
13
Ескертпе
Мемо
«Бір-бірге» қатынасы
Бұл қатынас бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
Жеке тұлғалар кестесінің құрылымы
№
Атауы
Типі
1
Санауыш
2
Тегі
Мәтіндік
3
Аты
Мәтіндік
4
Әкесінің аты
Мәтіндік
5
Телефоны
Мәтіндік
6
Индексі
Мәтіндік
7
Ел
Мәтіндік
8
Қала
Мәтіндік
9
Аймақ
Мәтіндік
10
Мекен жайы
Мәтіндік
11
Туылған күн датасы
Дата/Уақыт
12
Суреті
ОLE объектісінің өрісі
13
Ескертпе
Мемо
«Бір-көпке» қатынасы
Қатынастың бұл типін сипаттау ретінде бұрын қарастырылған Клиенттер және Тапсырыстар кестелерін қарайық. Кестелер арасындағы байланыс Клиент коды сәйкес өрістері мәндерінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда екі кестедегі сәйкес өрістер аттас атауға ие.
«Көп-бірге» қатынасы
Бұл қатынас қарастырылған «бір-көпке» қатынасына ұқсас. Объектілер арасындағы қатынасы типі өзіңіздің көзқарасыңызға байланысты. Мысалы , егер жасалған тапсырыс пен клиенттер арасындағы қатынасты қарастырсаңыз, онда «көп-біргең қатынасын аласыз»
«Көпке-көп» қатынасы
Аталмыш қатынас екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:
Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Х. Сабақты бекіту.
Практикалық жұмыс
Төмендегі кестені деректер қоры базасында құр. Кестеде көрсетілген мәліметтердің орнына өз сыныптастарыңмен достарыңды жазуға болады.
Деректер қоры базасы программасын ашу.
Шебер командасы арқылы кесте құрып үйрену.
Төмендегі қадамды орындаймыз. ( С помощью мастера) таңдап, ашылған терезеден - Аты, Тегі, Қаласы, Мемлекеті, Ұлты, Мекен – жайы, Телефоны, суреті және т.б. командаларды таңдап аламыз да - Далее – батырмасын басамыз.
Ашылған кестені толтырамыз.
№
Оқушы аты
Тегі
Әкесінің аты
Туған күні, айы
Туған жылы
Мекен - жайы
Мектебі/сыныбы
Үйге тапсырма
Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері
ХІ. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.