kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері ж?не м?мкіндіктері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а та?ырыпты т?сіндіру: Компьютер-к?рделі ??рыл?ыларды? (микросызбалар) жиыны. Ол ж?мыс жасау ?шін программалы? жабды?тамалар керек. Компьютерді? ж?мыс істеуі ?шін е? ?ажетті программа-оны? ж?мыс ?абілеті мен бас?аруды ?амтамасыз ететін операциялы? ж?йе.Компьютер кез келген есепті шы?ару ?шін ?олданылады. Ол деректерді талдау, а?паратты санды? форматта са?тау, видео ж?не фотоматериалдарды ??деу, м?тіндік а?паратты ??ру ж?не т?зету, т.б. болуы м?мкін. Компьютерлерді? негізгі ??рыл?ылары: Ж?йелік блок, монитор, клавиатура, тінтуір (тыш?ан). Компьютерді? ?р ??рыл?ыларыны? міндеттері ?р т?рлі. Компьютерлерді ?олдану: Ал?аш?ы компьютерлер «компьюте» ж?не «ЭЕМ» атауларында к?рініс тап?андай, тек есептеулер ?шін жасалып шы??ан болатын.Е? ?арапайым есептеу машиналары есептеу ?рдістерін аса жылдамдатып, адамдар?а к?мекке келді. Есептеулерден кейін компьютерлер ?лкен к?лемді а?паратты электронды? (?а?азды? емес) т?рде са?тау ?шін ?олданыла бастады. Компьютерді ?олдануды? келесі ?адамы-?рт?рлі ??рыл?ыларды бас?ару. Б?гінгі ??рыл?ыларды? к?пшілігіні? ??рамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ?ялы телефондар, д?кендердегі кассалы? а?параттар, ?рт?рлі есеп айыру ??рыл?ылары. Компьютерлерді? т?рлері: ?азіргі кезде компьютерлерді суретте к?рсетілгендей, ?німділігі мен м?лшеріне ?арай ?р т?рге б?луге болады. Суперкомпьютерлер арнайы ма?сатта немесе на?ты тапсырыспен жасалады.Суперкомпьютерлер жаппай ?ндірілетін детальдардан ??ралады. Суперкомпьютерлер ?шін ?детте ж?здеген процессорлар керек. Суперкомпьютерді? орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамды?ы ?те жо?ары. Ондай компьютерлер к?п орын алады, бір компьютер т?тас бір б?лмені алуы м?мкін. ?лкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар ?лкен к?лемді а?паратты са?тау?а арнал?ан. ?детте ол – дерек ?орлары, Интернет желісіні? ?рт?рлі ?ызметтері. Себебі желі д?рыс ж?мыс істемеу ?шін к?п к?лемді а?паратты тез ??деу ?ажет.Компьютерлік желілерді? орталы? торабы болып табылатын ?лкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Дербес компьютер – ол бір адам бас?а компьютерлерден т?уелсіз, жеке ?олдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер ?стел ?сті, алып ж?ретін, ала?ан компьютерлері болып б?лінеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері ж?не м?мкіндіктері.»

Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек көрсете білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

- ЕТ-пен жұмыс кезіндегі іс-әрекет ережелерін;

- қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

- көз талғандағы жаттығуларды жасауды;

- өрт сөндіргішті қолдануды;

- жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;

- статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

1. Қауіпсіздік техникасының ережелері

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2) ДК-де жұмысты бастау алдында;

3) жұмыс істеу кезінде

4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,

5) жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.

  4. Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды

  5. Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс

  7. Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды

  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары

  1. ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек

3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.

Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.

4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету

  4. Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.

Күйген кезде көмек көрсету

Адам күйікке шалынған жағдайда:

  1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.

  2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

  3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

  4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету

Адам талып қалған жағдайда:

  1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету

Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:

  1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;

  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

  3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ

V. Қорытындылау

Үйге тапсырма

ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.

Оқушыларды бағалау
















































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға информатика, ақпарат туралы мағлұмат беру. Ақпараттың түрлер мен қасиеттері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ компьютер – оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.

Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата-аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын к-ру ар0ылы6 10%-ын есту, 4% -ын иіскеу, 3%-ын дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.

Ақпараттың түрлері:

  • Сан

  • Мәтін

  • Графика

  • Дыбыс

  • Видео

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат: көрінетін, естілетін, дәм сезу арқылы, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Информатика нені оқытады?

  • Ақпарат дегенмізі не?

  • Ақпараттың қандай түрлері бар?

Үйге тапсырма: Информатика және ақпарат.

Бағалау:





Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және олардың өңдеу тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, өлшем бірліктері туралы түсінік беру. Сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ақпаратты сақтау.

Ақпаратты қайта-қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағазбен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.

Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтықта жеткізу үшін адамдар әр түрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.

Ақпаратты жөнелту.

Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.

Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көзі ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы- оны қабылдайды.

Ақпаратты өңдеу.

Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

  • Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады.

  • Ақпаратты тасымалдау үдерісіне әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы қатысады.

  • Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

Ақпараттың өлшем бірліктері.

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуыңыз керек. Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, тағы басқа өлшеу қабылданған. Ал салмақты-граммен және килограммен, тағы басқамен өлшейміз. Компьютер – электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдар түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын нол арқылы ал бар болуын бірдің көмегімен белгілеу қабылданған. Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады. Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. «Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.Әдетте бір байттың көмегімен бір символ кодталады.

Хабарламаның ақпарттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, килобайтпен, мегабаитпен және т.с.с өлшенген ақпараттың көлемі.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Ақпаратты сақтау үшін қандай құралдарды қолданамыз?

  • Ақпаратты жеткізу құрылғысы неде?

  • Ақпараттың өңделуі дегеніміз не?

  • Ақпараттың өлшем бірліктерін ата?


Үйге тапсырма: Ақпараттардың алуан түрлілігі және олардың өңдеу тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Бағалау:












































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпараттың өңдеу тәсілдері, ақпарат саны, ақпарат өлшем бірліктері туралы түсінік бере отырып білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын одан әрі дамыта отырып, қауіпсіздік ережесін үнемі сақтап отыруға үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта,электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар.

  • Информатика нені оқытады?

  • Ақпарат дегенмізі не?

  • Ақпараттың қандай түрлері бар?

  • Ақпаратты сақтау үшін қандай құралдарды қолданамыз?

  • Ақпаратты жеткізу құрылғысы неде?

  • Ақпараттың өңделуі дегеніміз не?


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ақпараттың өлшем бірліктері.

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуыңыз керек. Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, тағы басқа өлшеу қабылданған. Ал салмақты-граммен және килограммен, тағы басқамен өлшейміз. Компьютер – электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдар түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын нол арқылы ал бар болуын бірдің көмегімен белгілеу қабылданған. Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады. Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. «Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.Әдетте бір байттың көмегімен бір символ кодталады.

Хабарламаның ақпарттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, килобайтпен, мегабаитпен және т.с.с өлшенген ақпараттың көлемі

Компьютермен жұмыс 1:

А деңгейі

1.WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-Все программы-Стандартные-WordPad батырмасын басыңдар.

2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

В деңгейі

1.WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск-Все программы-Стандартные-WordPad).

2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

С деңгейі

«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6-тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.

Компьютермен жұмыс 2:

А деңгейі.

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

Пуск – Компьютер батырмаларын таңдаңдар.

Пайда болған терезедегі дисклердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.

Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.

Дәптердегі дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.

В деңгейі.

А деңгейіндегі тапсырманы орындаңдар.

Документы бумасын ашыңдар.

Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.

С деңгейі.

Сыныптарындағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?

  • Адам ақпаратты қалай сақтайды?

  • Ақпаратты қайда сақтауға болады?

  • Ақпараттың өлшем бірліктерін (ең кішісінен ең үлкеніне дейін) атаңдар.

  • Байт, Кбайттан,Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?

  • 1 байтта неше бит бар?

Үйге тапсырма: Теорияны қайталау

Бағалау:

























Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Компьютердің - әмбебап ақпараттық машина екенін түсіндіру, олардың құрығыларымен міндеттері және мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютер-күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа-оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе.Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б. болуы мүмкін.

Компьютерлердің негізгі құрылғылары: Жүйелік блок, монитор, клавиатура, тінтуір (тышқан). Компьютердің әр құрылғыларының міндеттері әр түрлі.

Компьютерлерді қолдану:

Алғашқы компьютерлер «компьюте» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын.Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үрдістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.

Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық (қағаздық емес) түрде сақтау үшін қолданыла бастады.

Компьютерді қолданудың келесі қадамы-әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық ақпараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.

Компьютерлердің түрлері:

Қазіргі кезде компьютерлерді суретте көрсетілгендей, өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.

Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады.Суперкомпьютерлер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Суперкомпьютерлер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін.

Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер) . Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған . Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі желі дұрыс жұмыс істемеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет.Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.

Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.

Үстел үсті компьютері – үйде немесе офист ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.

Алып жүретні компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшерлі ең кішісі алақан (қалта) компьютері.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Компьютер дегеніміз не?

  • Компьютердің қандай түрлері бар?

  • Компьютер қайда және қалай қолданылады?

  • Дербес компьютердің түрлерін атаңдар?


Үйге тапсырма: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

Бағалау:











































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері. Пернетақта.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға пернетақта туралы толық мағлұмат бере отырып,олардың түрлерімен және атқаратын қызметтерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқышыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын одан әрі дамыта отырып, қауіпсіздік ережесін үнемі сақтап отыруға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Компьютер дегеніміз не?

  • Компьютердің қандай түрлері бар?

  • Компьютер қайда және қалай қолданылады?

  • Дербес компьютердің түрлерін атаңдар?


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютердің құрылымы

Барлық компьютерлердің бір бірінен айырмашылығы олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.

Дербес компьютер үш бөліктен тұрады:

  • ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан

  • ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан

  • жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғылары.

Бұл құрылығлары міндетті болып табылады. Бұл құрылғылардың біреуінсіз компьютер жұмыс істей алмайды. Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады.

Жүйелік блоктың құрамы

Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.

Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді.

Жедел – жады – компьютердің деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын.Компьютер жедел жады да осындай.

Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы.Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталған.

Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды».

Дыбыскарта – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет

Желіліккарта – компьютерді басқа компьютермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.





Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Пернетақтаның әрекетерінің прициптері:

1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.

3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.

4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.

Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.

Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады.

← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.

Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.

Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.

Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Дербес компьютердің негізі құрылғыларын ата?

  • Жүйелік блоктың қызметі қандай?

  • Пернетақта дегеніміз не?

  • Пернетақтаның қанша пернесі болады?

  • Пернетақтаның қандай түрлерін білесіңдер?

  • Enter пернесі қандай қызмет атқарады?

Үйге тапсырма: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері. Пернетақта.

Бағалау:








Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Оқышыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын одан әрі дамыта отырып, қауіпсіздік ережесін үнемі сақтап отыруға үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Алдыңғы тарауда біз адам өмірінде компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырдық. Бүгінде компьютер қолданылмайтын сала кемде-кем. Бұған түрлі программалқы жабдықтаманы қолдану арқылы қол жетті. Программалық жабдықтамасыз компьютер – тек микротәсілдер жиыны ғана.

Компьютерде сақталатын барлық программалар оның программалқы жабдықтамасын (ПЖ) құрайды.

Программалық жабдықтамалар өздерінің қызметі бойынша түрлі топтарға бөлінеді.

Жүйелік программалық жабдықтама.

Компьютер іске қосылған соң, ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек.

Жүйелік ПЖ ға мына программалар жатады:

    1. Операциялық жүйе. Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.

    2. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программа.Мысалы, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді – құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады.

    3. Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама.

Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады.Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар (мәтіндік редактор немесе процессор), фотографияларды қарау (графикалық редакторлар), Интернет желісіндегі жұмыс (шолушы программалар – браузерлер) болуы мүмкін.Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.

Қосымшалар өте көп, жаңалары тұрақты пайда болып отырады.

Кез келген компьютерде мәтінмен, кестелермен, тұсаукесерлермен, суреттермен жұмыс істеуге қажетті офистік қосымшалар орнатылады. Мұндай қосымшалар үйде де, жұмыста да қолданылады.

Интернет желісінде жұмыс істеу үшін желілік қосымшалар пайдалынады.Оларға әртүрлі браузерлер (сайттардың мазмұнын қарайтын программалар), пошталық программалар және басқалар жатады.

Көптеген қолданбалы программалар оқытушы сипатқа ие. Мұндай қосымшалар адамдарға түрлі шет тілдерін үйренуге, тестер мен емтихандарға дайындалуға, тіпті жаңа мамандық алуға көмектеседі.

Компьютердің үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіндігінің арқасында дерек қорлары, анықтамалықтар және энциклопедиялар сияқты қолданбалы программалар да орын алған.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Компьютердің программалық жабдықтамасы деген не?

  • Қосымшаларға қандай программалар жатады?

  • Драйвер программалық жабдықтаманың қай түріне жатады?

  • Драйвер программалар не үшін керек?

  • Утилиталар деген не?

  • Утилиталар программалық жабдықтаманың қай түріне жатады?

Үйге тапсырма: §8 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы.

Бағалау:













































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: .Операциялық жүйе ұғымы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Операциялық жүйе ұғымы туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын одан әрі дамыта отырып, қауіпсіздік ережесін үнемі сақтап отыруға үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

Операциялық жүйесіз тұтынушыға компьютермен жұмыс істеу қиын болар еді. Операциялық жүйе әртүрлі құрылғылардың жүйелік блоктың ішіне орнатылуымен де сыртына косылуымен де байланысты міндеттерді орындайды. Тұтынушы кейде операциялық жүйенің құрылғыларымен және программалармен жасайтын әрекеттері туралы біле де білмейді.Операциялық жүйе тұтынушыға неғұрлым қарапайым және түсінікті программалық жабдықтама ұсынылатындай етіп құрылған.

Операциялық жүйені компьютердің қатты дискіне компьютер сататын фирмалар орнатады. Қазіргі кезде операциялық жүйесіз компьютерлерді сатып ала алмайсың. Компьютер іске қосылғанда операциялық жүйе жедел жадыға жазылады да, онда компьютер өшірілгенге дейін сақталып қалады.

Бүл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.

  • Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

  • Компьютер іске қосылғанда операциялық жүйе дискілік жадыдан оқылып, компьютердің жедел жадына орналастырылады.Бұл үдеріс операциялық жүйенің жүктелуі деп аталады.

Компьютерге орнатылған және онымен байланысты барлық программаларды және жабдықтарды басқару үшін компьютер операциялық жүйеге сүйенеді. Біз операциялық жүйе жоқ деген жағдайды қарастырайық.

Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.

Операциялық жүйені пошта бөлімі ретінде елестетуге болады. Пошта сіздің ауданыңызға жіберілетін мәліметтер тасқынына жауап береді, сол сияқты операциялық жүйе компьютер жүйесі арқылы пернетақтадан экран мониторына немесе принтерге шығарылатын ақпараттарды жіберуді басқарады.

Операциялық жүйе мынадай қызмет атқарады:

  • Компьютер ресурстарын және есептеу процестерін (диск, жад,тышқан, принтер және т.б) басқарады;

  • Пайдаланушы мен компьютерді байланыстырады;

  • Пайдалаушыға компьютерді басқару жеңіл болу үшін пайдаланушы интерфейсін (немесе оны графикалық интерфейіс деп атайды) қолдайды.

Операциялық жүйе топтамасының маңызды белгілерінің бірі ЭЕМ ресурстарын басқару ерекшелігі болып табылады. Бұл бәрінен бұрын көпмақсаттылықты қолдау. Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты операциялық жүйе екі топқа бөлінед:

  1. Біртапсырмалы (мысалы, MS DOS).

  2. Көптапсырмалы (мысалы, UNIX, Windows).


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Операциялық жүйе деген не?

  • Операциялық жүйенің негізгі қызметі не?

  • Компьютер операциялық жүйесіз жұмыс істей ала ма?

  • Операциялық жүйе не үшін қажет?

  • Операциялық жүйенің неш түрге бөлінеді?


Үйге тапсырма: Операциялық жүйе туралы ұғым.

Бағалау:













































Пән аты: Информатика

Класы: 5 «А»

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: .Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері туралы түсінік беру..

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Операциялық жүйе деген не?

  • Компьютер операциялық жүйесіз жұмыс істей ала ма?

  • Операциялық жүйе не үшін қажет?

  • Операциялық жүйенің неш түрге бөлінеді?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Windows операциялық жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.

Жұмыс үстелі.

Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі (Сеть), Қоржын (Корзина), Басқару тақтасы (Панель управления) сияқты нысандардың белгішелері, Есеп тақтасы (Панель задач) мен Бастау (Пуск) батырмасы орналасады.

Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және тағы да басқа мүмкіндіктер беретін Windows – тің Бас мәзірі (Главное меню) ашылады.

Бас мәзірдің негізгі бұйрықтарын қарастырайық.

  • Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады

  • Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады (біздің мысалымызда Блокнот программасы).Тізімінен екі бұйрық көрсетіледі:

  • Барлық программалар (Все программы) – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.

  • Іздеу терезесі (Окно поиска) – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды. Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар:

  • Тұтынушы (User) – дербес буманы ашу;

  • Құжаттар (Документы) – құжаттар топтамасы ашылады;

  • Бейне (Изображение) – бейнелер топтамасы ашылады;

  • Музыка - музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;

  • Компьютер – компьютердің мазмұнын ашу;

  • Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау;

  • Құрылғылар мен принтерлер (Устройства и принтеры) – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;

  • Үнсіз келісім программалары (Программы по умолчанию) – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі;

  • Анықтама және қолдау (Справка и поддержка) анықтама жүйесін шақыруға мүмкідік береді;

Бас мәзірдің оң бөлігінің астында компьютермен жұмыс аяқтауға арналған батырма орналасқан.

Жұмыс үстелінің сыртқы түрін өздерің баптай аласыңдар.

Жұмыс үстелінің немесе терезенің кез келген жерінде тышқанның оң жақ батрымасын бассаңдар, мәзір пайда болады. Ол контекстік мәзір деп аталады.

Компьютер мониторының экранындағы бейне өзгеріп тұрады. Мысалы, егер сендер ұзақ уақыт іске қосылған компьютермен жұмыс істемесеңдер, онда Жұмыс үстелі бейнесінің рорнына экранда әртүрлі қозғалатын суреттер пайда болады. Оны бетперде (заставка) деп атайды.

Егер экранда ұзақ бойы бір ғана сурет болса онда бұдан монитор бұзылуы мүмкін. Сондықтан операциялық жүйе жасаушылар бетпердені ойлап шығарған. Барлық бетперделер – бұл монитордың әр бөлігінде бейне әрқашан өзгеріп тұратындай етіп жұмы істейтін түрлі түсті қозғалып тұратын суреттер.

Пердені қанша мезгілден кейін олар экранда пайда болатын уақытты өздерің таңдай аласыңдар. Бетперде терезесінің төменгі оң жағын шертіп Персонализация бұйрығын шақырыңдар. Экран бетпердесінің параметрлерін баптау терезесі пайда болады.

  • Операциялық жүйе жүктегеннен кейінгі көретініміз – Жұмыс үстелі.

  • Стандартты түрде Жұмыс үстелінде: Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандарының белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батрымасы орналасады.

  • Бастау батырмасын басқанна кейін Windows – тің Бас мәзірі ашылады.

  • Жұмыс үстелінің сыртықы пішінін өзгерту үшін Персонализация бұйрығын қолданады.

  • Бетперде монитордың экранын бұзылудан сақтау үшін керек.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Жұмыс үстелі деген не?

  • Есептер тақтасы қайда орналасқан?

  • Есептер тақтасының қызмет не?

  • Бастау батырмасы не үшін керек?

  • Басмәзір қайда орналасқан?


Үйге тапсырма: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Бағалау:






















Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Файлдар, бумалар және белгішелер туралы мағлұмат беру. Оқушыларға бумалар мен белгішелерді құруды түсіндіру

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын одан әрі дамыта отырып, қауіпсіздік ережесін үнемі сақтап отыруға үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Сабақты бекіту.

5.Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалалар және жарлықтар.

Файлдар

Файл деп – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

Windows ерациялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін.

Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : * / .

Бумалар

Бума қайсыбір тәсілмен ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін құрылады. Мысалы бума ретінде оқушының портфелі бар. Ол портфелге дәл бүгін өзіне керек оқулықтары мен дәптерлерін салады, яғни, оқушы ақпаратты сабақ кестесі бойынша реттейді. Уақыт жоғалтпау үшін оны дұрыс ұйымдастыра білетін оқушы түрлі пәндер бойынша оқулықтары мен дәптерлерін портфельдің әр бөліміне салады. Мұны компьютер тіліне аударсақ, онда оқушы ішкі буманы құрады.

Буманың, файл сияқты, аты және мөлшері бар.

Бумалар түрлері:

  • Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға жұмыс жасауға кмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.

  • Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows етілген амалдардың бәрін қолдануға болады.

Жарлықтар

Жарлық деп – нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.

Қала көшелерінің қиылысында тұратын ұшы үшкірленген сілтеме түріндегі кішкене трафареттерді естеріңе түсіріңдерші. Олар қаланың белгілі бір орныдарына жол сілтейді. Мысалы, қаланың орталық алаңның нұсқауы мүмкін және т.с.с. Олар біздің қаладағы қажетті орныды тез табуымыз үшін жасалған. Жарлық дегеніміз осы сияқты, яғни Windows – тің жарлықтары тура осылай жұмыс істейді. Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез ашуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.

Буманы құру

Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде (дискіде немесе басқа бумада) Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті.

Жаңа бума (Новая папка) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады. Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады.

Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңызша фаилдар мен басқа бумаларды орналастыруға болады.

Жарлық құру

    1. Қажетті нысанның (файлдың немесе буманың) үстінде шақырылған контекстік мәзірді Жарлық құру (Создать ярлык) бұйрығы бар.Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады.

    2. Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить – Рабояий стол (Создать ярлык). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.

Нысандардың атын өзгерту

Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименоват бұйрығын таңдау керек.

Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармау керек.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Файл деген не?

  • Бума деген не?

  • Файлдың бумадан айырмашылығы неде?

  • Буманы қалай құрамыз?

  • Жарлық деген не?

  • Жарлықты қалай құрамыз?

  • Жарлықты Жұмыс үстеліне қалай орналасытрамыз?

Үйге тапсырма: §11 Файлдар, бумалар және жарлықтар.

Бағалау:
































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Объектілермен жұмыс істеу, іздеу, көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою туралы мағлұмат беру. Алмасу буфері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, интер.тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Объектілермен жұмыс істеу.

Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:

  • Көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады);

  • Орнын алмастыру (нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады);

  • Жою;

  • Атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді).

Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тәсілмен орындауға болады. Ең жылдам орындалатын пернетақталық тәсіл, бірақ ол үшін пернелердің негізгі тіркесімдеріне есте сақтау керек.

Объектілерді іздеу.

Ізделетін объект орналасқан буманы ашып, объектінің атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын объект ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас объект ерекешеленеді.

Объектілерді жылжыту, көшіру.

Объектілерді жылжыта отырып, оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал объектілерді көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аламыз, мысалы, дискіде.

Егер екі бума (қайдан және қайда жылжытатын) бір ғана дискіде орналасса, онда объекті бумадан-бумаға тышқанмен сүйреуге болады.Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ, онда ерекшеленген объектілер көшірілетін болады.

Объектілерді жою және қалпына келтіру.

Жою амалы өте қауіпті. Объектіні дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшін Windows-те арнайы құрал - Қоржын қарастырлған. Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.

Объектіні Қоржынға жою (орналасытыру) тәсілдері:

  • Объектіні Қоржынның белгішесіне сүйреу;

  • Мәзірдің Реттеу = Жою бұйрығымен;

  • Пернетақта көмегімен: нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Del пернесін басса жеткілікті.

Жойылған объектіні қайта қалпына келтірге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындау керек.

Алмасу буфері.

Объектілерді жылжыту мен көшірудің басқа тәсілдері алмасу буферін пайдаланады. Windows – тің алмасу буфері дегеніміз – компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнай аймағы.

Алмасу буферінің көмегін көшіру үшін сендерге екі бұйрық: Көшіру (Копировать) және Кірістіру (Вставить) керек болады.

Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады. Ақпарат алмасу буферінде жаңа нысандарды көшіргенге дейін сақталады.Алмасу буфері компьютер өшкенде ғана тазартады.

Практикалық жұмыс.

А деңгейі

    1. D: дискісінде Оқыту пәндері атты бума құрыңдар.

    2. Оқыту пәндері бумасының ішінде Информатика, Әдебиет, Математика бумаларын құрыңдар.

    3. Оқыту пәндері бумасының мөлшерін анықтаңдар.

    4. Өздеріңнің бумаларыңның ішіндегі бірнеше файлдың аттарын өзгертіңдер.

В деңгейі

    1. Дискіде бумалар ағашын құрыңдар: D:\ Оқыту \ Сынып \ Оқушылардың тегі.

    2. Дискіден SOL.EXE файлын тауып, оны өз бумаларыңа көшіріңдер. Осы файлдың қасиеттерін тексеріңдер.

    3. Жұмыс үстелінде осы программаны іске қосатын жарлық құрыңдар.

    4. Жұмыс үстелінде осы жарлық тың көшірмесін алыңдар.

    5. Өздерің құрған барлық нысандарды Қоржынға жойыңдар.

    6. Барлық жойылған файылдарды қайта қалпына келтіріңдер.

    7. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

    8. Өздерің құрған нысандарды Қоржынға орналастырмай, бірден жойыңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Обьектілерге қолданатын қандай амалдарды білесіңдер?

  • Обьектілерді көшіру мен жылжытудың айырмашылығы неде?

  • Обьектілерді жою және қалпына келтіру үшін қандай бұйрық орындалады?

  • Алмасу буфері дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

Бағалау:























Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпаратты жаз, оқу, сақтау туралы мағлұмат беру. Ақпарат тасымалдаушылар туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесін үнемі қадағалап отрыуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, интер.тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ақпаратты жазу.

Windows-тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындалу керек:

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау.

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады.

  • Файлдың атын теру.

  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді.

Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мысалы Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті аштыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады.Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңде 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.

Ақпаратты оқу.

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыт) бұйрығын (немесе CTRL+O) пернелері орындау керек.

Ақпаратты тасымалдаушылар.

  • Қатты диск (винчестер)

  • Жұмсақ диск (дискета)

  • Лазерлік дискілер (CD, DVD)

  • Флеш-жады.

Тасығыштар ақпарат компьютерге ыңғайлы түрде – сандық форматты сақталады. Адам тасығыштағы ақпаратты компьютердің көмегінсіз ажыратып оқи алмайды. Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші – олардың сыйымдылығы.

Сыйымдылық – тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.

Ақпарат тасығыштардың әрбір түрін толығырақ қаратырайық.

Қатты дискі – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.

Дискета – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш.

CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшам дискі негізіндегі тұрақты сақтау құрылғысы деп аталады.

Флеш-жады – заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар. Флеш – жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан - жылға артып келеді.

Практикалық жұмыс

А деңгейі

  • Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.

  • Сурет салыңдар.

  • Өз суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар.

  • Осы файл үшін жарлық құрыңдар.

  • Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

  • Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып, іске қосыңдар.


В деңгейі

  • Компьютердегі дискілерден атауларында «информатика» сөзі бар файлдарды табыңдар.

  • Осы файлдаржы Информатика бумасында сақтаңдар.

  • 1-2 пункттерді әдебиет пен математика пәндерінің файлдары үшін қайталаңдар. Көшіру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданыңдар.

  • Файлдардың біреуі үшін Жұмыс үстелінде жарлық құрыңдар.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Ақпаратты оқуды қалай түсінеміз?

  • Ақпаратты жазуды қалай түсіндік?

  • Сақтау үшін қандай амалдар орындалады?

  • Ақпарат тасымалдаушыларға нелер жатады?

Үйге тапсырма: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Бағалау:



















Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өткен сабақтар бойынша білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, интер.тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Ақпаратты сақтау үшін қандай амалдар орындалады?

  • Ақпаратты оқу дегеніміз не?

  • Ақпарат тасымалдаушыларға нелер жатады?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:


Практикалық жұмыс.


А деңгейі

    1. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар?

    2. Сурет салыңдар?

    3. Өз суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар?

    4. Осы файл үшін жарлық құрыңдар?

    5. Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар?

    6. Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып, іске қосыңдар?

В деңгейі

    1. Компьютерлеріңдегі дискілерден атауларында «Информатика» сөзі бар файлдарды табыңдар?

    2. Осы файлдарды Информатика бумасына сақтаңдар?

    3. 1-2 пункттерді әдебиет пен математика пәдерінің файлдары үшін қайталаңдар. Көшіру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданыңдар.

    4. Файлдардың біреуі үшін Жұмыс үстелінде жарлық құрыңдар.


С деңгейі

    1. WordPad программасын іске қосыңдар?

    2. Суретте көрсетілген мәтінді теріңдер ?

    3. Мәтінді Мысал1 бумасында Тізім атауымен сақтаңдар?

    4. Калькулятор программасын іске қосыңдар?

    5. Бірінші сынып оқушысының жиынтығына қанша зат кіретінін санаңдар?

    6. Шыққан нәтижені Калькулятордан Блокнот мәтіндік редакторына кірістіріңдер?

    7. Шыққан файлды Мысал 2 бумасында сақтаңдар?

    8. Paint графикалық редакторын ашыңдар?

    9. Таңдауларың бойынша: компьютердің, жануардың, адамның суретін салыңдар?

    10. Суретті Сурет деген атаумен Children бумасына сақтаңдар?

    11. Мысал1, Мысал2 бумаларының екеуін де Іздеу терезесіне шығарыңдар?

    12. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер?

    13. Өздерің құрған нысандардың бәрін Қоржынға орналастырмай жойыңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?

  • Дискідегі файлды қалай табуға болады?

  • Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?

  • Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма: Ақпараттар туралы түсінік.

Бағалау:














































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесін үнемі қадағалап отрыуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, интер.тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ақпаратты жазу.

Windows-тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындалу керек:

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау.

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады.

  • Файлдың атын теру.

  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі-жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді.

Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мысалы Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті аштыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады.Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңде 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.

Ақпаратты оқу.

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыт) бұйрығын (немесе CTRL+O) пернелері орындау керек.

Ақпаратты тасымалдаушылар.

  • Қатты диск (винчестер)

  • Жұмсақ диск (дискета)

  • Лазерлік дискілер (CD, DVD)

  • Флеш-жады.

Тасығыштар ақпарат компьютерге ыңғайлы түрде – сандық форматты сақталады. Адам тасығыштағы ақпаратты компьютердің көмегінсіз ажыратып оқи алмайды. Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші – олардың сыйымдылығы.

Сыйымдылық – тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.

Ақпарат тасығыштардың әрбір түрін толығырақ қаратырайық.

Қатты дискі – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.

Дискета – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш.

CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшам дискі негізіндегі тұрақты сақтау құрылғысы деп аталады.

Флеш-жады – заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар. Флеш – жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан - жылға артып келеді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Ақпаратты оқуды қалай түсінеміз?

  • Ақпаратты жазуды қалай түсіндік?

  • Сақтау үшін қандай амалдар орындалады?

  • Ақпарат тасымалдаушыларға нелер жатады?

Үйге тапсырма: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Бағалау:




































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы.Суретті ашу,сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қарапайым редактор туралы түсінік бере отырып, суретті ашу және сақтау туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережесін үнемі қадағалап отрыуға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық, интер.тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Paint графикаық редакторы:

Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды. Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.

Компьютерлік графикада 2 бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу.

Графикалық редакторлардың түрі көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері – 3D-графика құру үшін қолданылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.

Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мысалы сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа – Paint графикалық редакторын пайдаланасыңдар жеткілікті. Бұл программа сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді.

Бейнелерді сендер сканерден, фотоаппараттан, web-камерадан, бейнебаяндар коллекциясынан немесе файлдан ала аласыңдар.

Paint графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздерінің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.

Өз мүмкіндіктері бойынша Paint заманауи талаптарға жауап бере алмайды. Бірақ, Paint ортасында графиканы өңдеу қағидаларын үйреніп алсаңдар, одан күрделірек программаларды игеру жеңілдейді.

Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:

  • Енгізу құрылғылары (сканер,тышқан,графиклық планшет және т.б.):

  • Грфикамен жұмыс істеуге араналған программалар (графикалық редакторлар).

Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

Paint ( ағылшынша сурет,сурет салу)-бұл расторлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық расторлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады.Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді.

Бұл-бейненің әр нүктесін өзгерте алтынымызды білдіреді!

Пиксель (ағылшынша picture element-суреттің элементі) – росторлық бейненің ең

кішкентай элементі.

Мөлшерін өзгерткенде растырлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық.

  • Paint батырмасы шертіңдер:

  • Ашылған мәзірде Қасиеттер бұйрығын таңдандар.

  • Суретті жоғалтып алмау үшін жұмыс жасау кезенде оны жиі сақтап отыру керек.

Сақтау бұйрығын орындау үшін пернелердің қандай тіркесімі қолданылатын есімізге түсірейік.

    1. Өз суреттіңді мұғалім көрсеткен жерде сақтау үшін Суреттер_Тегін_Сынып (мысалы, Суреттер_Сәрсенбаев_5А ) бумасын құрыңдар.

    2. Смайликтік суретін салыңдар.

    3. Paint – Қалай сақтау бұйрығын орындап, пішімдер тізімін біліп алыңдар.

    4. Өз суреттеріңді Бірінші сурет деген атаумен бірнеше рет сақтаңдар. Әрине әртүрлі пішімді таңдауларың керек.

    5. Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар.

    6. Өз бумаларыңның терезесінде кесте түрінде көрсетуді (Қосымша – Кесте батырмасы) орындаңдар.

    7. Алған файлдарыңның қасиеттерін қарап шығыңдар. Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер.

Сонымен суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады.

Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. Paint батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер (Последние изображения) тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?

  • Графикалық редактор деген не?

  • Paint дегеніміз не?

  • Суретті сақтау қандай бұйрықтар орындалады?

  • Суретті ашу үшін қандай бұйрықтарды орындаймыз?

Үйге тапсырма: Қарапайым графикалық редакторы.Суретті ашу,сақтау.

Бағалау:
























Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық редактормен жұмс істеуге үйрету.Түзу сызықтар тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма беру

Өткен материялды қайталау сұрақтары:

  • Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?

  • Paint графиктік редакторының тезесінің бөліктерін атаңыз

  • Сурет салу әдістері қалай орындалады

  • Түстер палитрасының қызметі қандай?

  • Меню жолының қызметі қандай?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Түзу сызық сызу

Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді.Түзу сызық сызу үшін:

1.Линия батырмасын шертеміз

2.Құрал-саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.

3.Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.

4.Мауыстың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апараиыз.

5.Маустың батырмасын жібереміз

Төртбұрыштар мен квадраттар салу

Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.

1.Прямоугольник батырмасын шертеміз.

2.Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау,2-жақтау,3-тек толтыру.

3.Маус нұсқағышын тік төрбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар

4.Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

5. Маус батырмасын шертіңдер.


Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.

Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:

    1. Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.

    2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.

    3. маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.

    4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

    5. Маус батырмасын жіберіңдер.

Эллипс және шеңбер салу

Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:

  1. Эллипс батырмасын шертіңдер.

  2. Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1-тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3-тек толтыру.

  3. маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.

  4. маус батырмасын шертіңдер.

Қисық сызықтарды салу:

1.Кривая құралының батырмасын шертеміз

2.Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз

3.Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз

4.Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он жаққа апарамыз

5.Осы әрекеттерді ек інші віліс үшін де қайталаймыз

Көпбұрыштар салу:

1.Многоулник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз

2.Көпбұрыштың типн таңдаймыз

3.Бірінші сызықты саламыз

4.Екінші сызықты саламыз және т.с.с.

Құю (Заливка) құралын пайдалану:

1.Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз

2.Түстер палитрасының түс таңдаймыз

3.Бояғымыз келетін тұйық контурдын ішін мауспен шертеміз

Бүріккіш құралын пайдалану:

1.Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.

2.Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.

3.Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыыыыз.

4.Бояуды бүркеміз.

Қылқаламмен сурет салу:

1.Кисть құралының батырмасын шертеміз.

2.Кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.

3.Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.

4.Маус ннұссқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.

5.Маустың сол батырмасын басып тұрып,кистьті жылжытамыз.

6.Маус батырмасынжібереміз.

Өшіргіш құралын пайдалану:

1.Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.

2.Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.

3.Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.

4.Батырманы жібереміз.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?


Үйге тапсырма: Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Бағалау



Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмалады орындау

  5. Үйге тапсырма беру


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?


Жаңа түсініктер:


Үзінді - Бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөліне немесе белгіленеді:

Белгілеу батырмасы (выделение) Төрбұрышты үзіндіні таңдайды

Кез келген аймақты бөліп алу батырмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.


Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

1.Алмасу буферіне қйып алу

2.Алмасу буферіне көшіру

3.Басқа жерге апару

4.Басқы жерге көшіру

5.Сурет бойынша көбейту

6.Пішіні мен көлемн өзгерту

7.Машстабын өзгерту, қисайту

8.Төңкеру және бұру

9.Түсін өзгерту

10.Өшіру (жою)


Үзіндіні жылжыту және көшіру

1.Үзіндіні белгілейміз

2.Правка- Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз

3.Правка- Вставить командасын орындаймыз.


Үзіндіні беинелеу немесе бұру әрекеттері:

  1. Үзіндіні белгілеу

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Оразитъ/Повернутъ коман-дасын орындаимыз

Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикалъ)

Немесе көлденең (горизанталъ) осътеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.

Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері:

  1. Үзіндіні белгілеу.

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Растянутъ/Накланутъ командасын орындаймыз.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Үзінді дегеніміз не?

  • Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?

  • Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?

  • Үзіндіні жю әрекеті қалай орындалады?


Үйге тапсырма: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Бағалау:









































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графиктік ақпаратты өңдеу, бейнелерді масштабтау, трансформациялау туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар баспаға дайындау және баспадан шығару туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылықты үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма беру

6. Оқушыларды бағалау


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Үзінді дегеніміз не?

  • Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?

  • Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?

  • Үзіндіні жю әрекеті қалай орындалады?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows – тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар:

- Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын;

- Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманы;

- Жай-күй жолындағы Масштаб жүгірткішін.

Суреттің масштабын Ctrl пернесін ұстап тұрып айналдыру арқылы өзгертуге болады. Өз бумаларыңнан сурет ашыңдар. Оның масштабын осы тәсілмен өзгертіп көріңдер. Суреттің фрагментін ерекшелеңдер. Фрагменттің масштабын өзгеруцге бола ма? Суретке «мәтін» сөзін қосыңдар және оның масштабын өзгертіңдер. Әріптің мөлшері өзгере ме? Басқа сайманды таңдағанда мәтінге не болады? Қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайларда мәтіннің масштабын өзгертуге қажет болады?

«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.

Қане, Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.

Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады.

Жаңа сурет құрыңдар. Бұрыштары дөңгелектенген тікбұрыш салыңдар. Оны бірнеше рет көшіріңдер. Әр көшірмесін әртүрлі бұрыңдар: тек горизонталь бойынша, тек вертикаль бойынша, горизонталь және вертикаль бойынша. Бұрыштың мәні теріс бола ала ма? Бұрыш мәтінінің қандай ең үлкен шамасын белгілеуге болады? Неге?

Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйры. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда – алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп (бүлдіріп алмас үшін), өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз. Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейннелерді қырқуға мүмкіндік береді.

      1. Бастау – Басқару тақтасы Безендіру және жекелеу (персонализация) Жекелеу – Жұмыс үстелінің фоны бұйрығын орындаңдар.

      2. Тышқанның оң батырмасымен таңдалған суретті шертіңдер.

      3. Paint – тің көмегімен ашу бұйрығын таңдаңдар.

      4. Жекелеу терезесіне қайта оралыңдар.

      5. Есепке алу жазбасының суретін өзгерту сілтемесін шертіңдер.

      6. Терезені алмасу буферіне көшіріңдер (Alt+PrintScreen)7

      7. Тағы бір Paint терезесін ашыңдар.

      8. Алмасу буферінен сурет кірістіріңдер (Ctrl+V)7

      9. Ұнаған персонажды ерекшелеңдер.

      10. Қырқу бұйрығын орындаңдар.

      11. Суретті өз бумаларыңа «Персонаж» деген атаумен сақтаңдар.

      12. Фондық суреті бар Paint – тің терезелеріне ауысыңдар.

      13. Кірістіру – Қайдан кірістіру бұйрығын орындаңдар, Персонаж файлын көрсетіңдер.

Түйін!

  • Суреттің мөлшерін, еңкейтуін, бұрылуын және шағылуын өзгерту үшін Кескін тобының бұрықтары қолданылады.

  • Суретті өзгертпей тұрып оның көшірмесін сақтап қойған дұрыс.

  • Егер өзгерту сәтсіз орындалса – батырмасымен бұйрықтың нәтижесінен бас тартыңдар.

  • Масштаб өзгергенмен суреттің, суреттегі мәтіннің мөлшері өзгермейді.

Суретті баспаға дайындау.Суретті басу

Мына тақырыптардың біріне салынған суретті басуғадайындаңдар:

1.Сүйікті пән бойынша оқулық мұқабасы;

2.Сүйікті кітабыңды безендіру;

3.Мектеп (немесе үйірменің, секцияның) эмблемасы;

4.Мерекеге арналған шық хат;

5.Плакат (мысалы, «Менің қалам», «Ғарыш», «Компьютерлер тарихы»);

6.Армандаған бөлменің дизайні.Сендердің суреттеріңді экраннан басқа жерде де көретін уақыт жетті! Дайындалған суретті ашыңдар. Тапсырманы принтерге жібермей, суреттің біз ойлаған түрде, суреттің біз ойлаған түрде көрінетіндей екеніне көз жеткізейік. Беттің параметрлері терезесін шақырыңдар: Paint – Басып шығару батырмасы – Беттің параметрлері. Беттің толтырылу бағытын (ориентация), ортаға түзеуді, масштабты өзгертіңдер.Сендердің суреттерің көлденең сызылған тікбұрыш сияқты болып көрінеді. Қарап шығу терезесінде беттің өзгертулерін қадағалаңдар!

Бетті баптағаннан кейін келесі қадамға – Алдын ала қарауға көшіге болады. Бұл терезеде сендер таңдаған параметрлермен суреттің бетте қалай орналасатынын көруге болады.

Беттің параметрлері терезесін ашыңдар. Суреттерің үшін бастапқы мөлшерден 999% масштаб белгілеңдер. Басып шығарған кезде ол қанша бет болар еді? Енді масштабты суреттерің ашық хат сияқты болып көрінетіндей етіп белгілеңдер.

Бәрі сендер ойлағандай болса – тапсырманы Печать батрымасын шертіп, сенімді түрде басып шығаруға жөнелтіңдер. Егер бір нәрсе өзгерту керек болса, онда Беттің параметрлері терезесіне қайтып оралуға тура келеді Параметр страницы.

Paint – Басып шығару бұйрығын орындап, Басып шығару терезесін қарап шығыңдар. Компьютерлеріңде қандай принтер орнатылған? Суреттің қанша көшірмесін алуға болады? Суреттің бір бетін ғана басып шығаруға бола ма?

Түйін!

  • Суретті басып шығармай тұрып, бет параметрлерін баптау алдын ала қарап шығу орындалады.

  • Суретті басып шағару үшін Paint – Басып шағару бұйрығы қолданылады.







Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Суреттің фрагментін қалай бұрамыз?

  • Дөңгелекті шағылдырса не болады?

  • Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады?

  • Басп шағарарда суреттің масштабын қаншалықты өзгертуге болады?

  • Суретті басып шағаруға жіберу үшін пернелердің қандай тіркемесі қолданылады?

  • Қандай пернемен алдын ала қару терезесін жабуға болады?

Үйге тапсырма: Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.

Бағалау:












































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің үзіндісін ерекшелеу туралы мағлұмат бере отырып, қаріп және абзацты пішімдеу туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылықты үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма беру

6. Оқушыларды бағалау


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Бас әріпті қалай енгіземіз?

  • Бос орын қай кезде қойылады?

  • Enter пернесін қай кезде басу керек?

  • Ұзын сызықша қалай қойылады?

  • Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар?


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу

Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін ерекшелей білу керек.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуі қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.

Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшеленген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.

  1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.

  2. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді

  3. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді.

Мәтін тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгіл пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға болады.

Мәтін бөліктерін түзетуге жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.

Windows операциялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты,и мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен – курсордан оң жақта орналасқан символды, BackSpace пернесімен – курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.

Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Insert пернесін басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайтадан басу керек.

Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады.

  • Тышқанды сүйреу;

  • Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу (Жолақтағы Вырезать батырмаасы), мәтіндік курсорды керек жерге апарып, бөлікті алсмасу буферінен кірістіру.

Көшіру амалы жылжытуға өте ұқсас:

  • Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Ctrl пернесін баса отырып жылжытамыз;

  • Немесе оны алмасу буферіне көшіреміз (Жолақтағы Копировать батырмасын), керек жерге кірістіреміз.

Егер мәтінге амал қолданғанда бір нәрседұрыс шықпай жатса, абыржудың керегі жоқ. Жылдам қол жеткізу тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе Ctrl+Z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.

Қаріп

Қаріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады Times New Roman

Экранда қаріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:

10


Ж


- Әріптерді жуандатады.

К

- Әріптерді қисайтады (мұндай әріп курсив деп аталады)

Ч


- Мәтіннің астын сызады.


Символ үшін мынадай баптауларды тағайындауға болады.:

  • Әріптің түрін

  • Мөлшерін

  • Түсін

Абзацты пішімдеу

  • Абзацты пішімдеу негізгі параметлері – шегіністер, түзеу, жоларалық интервал.

  • Абзацты пішімдеу бұйрықтарын лентаның Бас бөлімінен таңдауға болады.

  • Абзацтағы түзеу сол жақ шетімен, ортасымен, оң жақ шетімен орындалуы мүмкін.

  • Шегіністерді сызғыштың көмегімен тағайындайды.

  • WordPad-те маркерленген тізімдер құру мүмкіндігі бар.


Сабақты қорытындылау


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Мәтін теру ережелерін атаңдар?

  • Мәтіннің басына бос абзацты қалай қосамыз?

  • Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар?

  • Әріптің мөлшерін қалай өзгертеміз?

  • Мәтінді қалай қисық, астын сызылған етеміз?

  • Әріптің қандай кішкентай және ең үлкен мөлшерін орнатуға болады?Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар?

  • Сызғыш не үшін керек?


Үйге тапсырма: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу


Бағалау:



Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзінділерімен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіннің үзінділері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылықты үйрету.


Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық.


Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма беру

6. Оқушыларды бағалау


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар

  • Мәтін теру ережелерін атаңдар?

  • Мәтіннің басына бос абзацты қалай қосамыз?

  • Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар?

  • Әріптің мөлшерін қалай өзгертеміз?

  • Мәтінді қалай қисық, астын сызылған етеміз?

  • Әріптің қандай кішкентай және ең үлкен мөлшерін орнатуға болады?Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар?

  • Сызғыш не үшін керек?

Жаңа тақырыпты түсіндіру


Үзінді - Бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөліне немесе белгіленеді:

Белгілеу батырмасы (выделение) Төрбұрышты үзіндіні таңдайды

Кез келген аймақты бөліп алу батырмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.


Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

1.Алмасу буферіне қйып алу

2.Алмасу буферіне көшіру

3.Басқа жерге апару

4.Басқы жерге көшіру

5.Сурет бойынша көбейту

6.Пішіні мен көлемн өзгерту

7.Машстабын өзгерту, қисайту

8.Төңкеру және бұру

9.Түсін өзгерту

10.Өшіру (жою)


Үзіндіні жылжыту және көшіру

1.Үзіндіні белгілейміз

2.Правка- Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз

3.Правка- Вставить командасын орындаймыз.




Үзіндіні бейнелеу немесе бұру әрекеттері:

  1. Үзіндіні белгілеу

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Оразитъ/Повернутъ коман-дасын орындаимыз

Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикалъ)

Немесе көлденең (горизанталъ) осътеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.

Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері:

  1. Үзіндіні белгілеу.

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Растянутъ/Накланутъ командасын орындаймыз.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Үзінділермен қандай әрекеттер орындалады?

  • Үзіндіні қалай жылжытуға және көшіруге болады?

  • Үзіндіні бейнелеу немесе бұру әрекеттері қалай орындалады?

  • Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері:


Үйге тапсырма: Мәтін үзінділерімен жұмыс


Бағалау:
































Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға қауіпсіздік ережені сақтап отыруға тәрбиелей отырып, тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылықты үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық.


Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма беру

6. Оқушыларды бағалау


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Үзінділермен қандай әрекеттер орындалады?

  • Үзіндіні қалай жылжытуға және көшіруге болады?

  • Үзіндіні бейнелеу немесе бұру әрекеттері қалай орындалады?

  • Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері:


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

WordPad – те суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мүмкіндігі бар.

1 тәсіл

Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.

2 тәсіл

Егер сендер иллюстрациялар дайындап, оларды файлдарды, оларды файлдарда сақтасаңдар, онда Кірістіру – Кескін бұйрығын пайдаланыңдар.

Сурет мәтіннің символы сияқты болады:

Мысалы мәтіндегі кез келген сурет. Сондықтан оған мәтіннің ерекшеленген фрагментімен орындалатын жылжыту, көшіру, жою сияқты амалдарды қодануға болады.

Бірақ, сурет – ол символ емес! Оны тышқанмен жай шерту арқылы ерекшелеуге , ал мөлшерін ерекшелеу маркерін тышқанмен жылжыту арқылы өзгертуге болады.

Қалай ойлайсыңдар, мәтінде түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек!

3 тәсіл

Егер сендер мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене сурет қосуды шешсеңдер, онда Кірістіру – Paint б9йры5ын пайдаланы4дар7 Графикалы0 редакторды4 терзесі ашылады. Сендер суретті салып болып, Paint ті жапқан – сурет мәтіннің ішінде болады!


Сабақты бекіту сұрақтары

  • Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар?

  • Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.

  • Кірістіру – Кескін және Кірістріу – Paint суреті бұйрықтары арасныдағы айырмашылық неде?

Үйге тапсырма: Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу.


Бағалау:





Пән аты: Информатика

Класы: 5

Уақыты: 09.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сандық ақпарат туралы түсінік беру. Калькулятор программасымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға қауіпсіздік ережені сақтап отыруға тәрбиелей отырып, тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылықты үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық.


Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма беру

6. Оқушыларды бағалау


Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Графиктік редактор дегеніміз не?

  • Paint дегеніміз не?

  • Графикалық редактор дегеніміз не?

  • Мәтіндік редакторге қандай редакторлар жатады?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Адамзат ерте замандардан бері есептеулер жүргізетін жұмыс тарды жеңілдетуге талпынған. Осындай программалардың бірімен бұрыннан таныссыңдар – ол Калькулятор Стандарттық программасы.

Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Калькулятордың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.

Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланымыз.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

2. Калькулятордың қандай түрлері бар?

Инженерлік калькулятордың түрін көрейік. Жоғарыда айтылғандай, инженерлік калькуляторды «шақыру» үшін :

Пуск –Все программы- Стандартные-Калькулятор –Вид Инженерный командаларын орындаңдар.

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.

Егер бұл калькуляторда жұмыс істеп отырып, оның кейбір функциялары қалай орындалатынын ұмытып қалсаңдар, онда анықтамалық жүйені пайдаланыңдар. Мысалы, батырмалардың міндеттерін анықтау үшін, динамикалық менюді пайдалануға болады.

Ол үшін, әдеттегідей, өздеріңе қажет тышқанның оң жақ батырмасын шертіңдер. Сонда кішкене жақтау үшін «Что это такое?» жазуы шығады. Бұл жазуда тышқанның сол жақ батырмасын шертсеңдер, осы батырма жөнінде ақпарат пайда болады.

Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік және оналтылық..

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Калькулятор қандай программа?

  • Калькулятор қалай іске қосылады?

  • Калькулятортордың неше түрі бар және қандай?

  • Инженерлік калькулятор дегеніміз не?

  • Қарапайым калькулятор дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор

Бағалау:


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері ж?не м?мкіндіктері.

Автор: На?ыметова Н?рг?л Аманбек?ызы

Дата: 12.12.2015

Номер свидетельства: 265380


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства