Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.
1. Жүйелік
2. Қолданбалық
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділігі: Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулықтар, дәптерлер, электронды оқулық.
Сабақтың құрылымы:
1.Сабақтың ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Оқушылардың білімін бағалау
4.Жаңа материалды оқып үйрену
5.Сабақты қорытындылау
6.Үй тапсырмасын беру
1. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі -оқушылармен сәлемдесу -оқушыларды түгелдеу -сабаққа дайындықтарын тексеру -зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Программалау дегеніміз не?
Алғашқы программалау тілдерін сипаттаңыз?
Программа тілдерін қалай топтасытруға болады?
Программалық жасақтама дегеніміз не?
ЭЕМ – ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері қалай аталады?
Құрылымдық программалау деген не?Ол қашан пайда болды?
«Жоғарыдан төменге» және «Төменнен жоғарыға» программалау әдістемесін түсіндіріңдер.
Модульдік программалау деген не?
«Рекурсия» әдісі қандай жағдайларда қолданылады?
Нысанға бағытталған программалау тілі қандай қызмет атқарады?
3.Оқушылардың білімін бағалау
4.Жаңа материалды оқып үйрену
Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.
Жүйелік
Қолданбалық
Жүйелік жабдықтама деп өзіне:
операциялық жүйелерді;
желілік программалық жабдықтаманы;
сервистік программаларды;
программаларды жасау құралдарын
операциялық жүйелердің негізгі қызметі:
физикалық;
логикалық
есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.
Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады. Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.
Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауышарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б. басқаруға арналған.
Желілік программалық жабдықтамаға:
желілік ОЖ
желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады.
Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.
Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
магниттік дискілерге қызмет көрсету;
файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;
компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну;
ақпаратты шифрлеу;
компьютерлік вирустардан қорғау;
файлдарды архивтеу және басқалары.
Программаларды жасау құрлдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама деп аталады. Көбінесе мұндай програмамларды қосымшалар деп атайды.
Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне: өндірістік өрекәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді, медицинаны, басқаруды, іс-жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және т.б. қосады.
Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға келесі программаларды жатқызады:
мәтіндік процессорларды;
кестелік процессорларды;
безендіру және іс қағаз грфика жүйелері;
деректер базасын басқару жүйелері;
сараптау жүйелері;
математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу және талдау программалары жатады.
Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда, жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін.
Бағдарламалау жүйелері деп компьютердегі есептерді программалауды автоматтандыруға арналған программа жиынтығы аталады.Программалау жүйесі пайдаланушыны немесе програмистті өзінің мәселелерін оған қолайсыз машиналық командалар тілінде жазу қажеттілігінен босататын және оларға жоғары дәрежелі арнайы тілдерді пайдалану мүмкіндігін береді.Кіріспе немесе бастапқы деп аталатын осындай тілдердің әрқайсысы үшін,программалау жүйесінің программа мәтінін кіру тілінен машина тіліне автоматты түрде аударатын программасы бар. Әдетте программалау жүйесінде: • қолданылатын программалау тілдерінің сипаттамасы; • тілді жүзеге асыру құралдарнын сипаттау- бұл осы тілдерден аударғыш программалар; • стандартты бағыңқы программалар кітапханасы бар. Программалау тілдерімен тілді жүзеге асыру құралдарын айыру керек. Программалау тіі- бұл программаны құрайтын жазбалар жүйесін,пайдаланылатын грамматикалық құрылыс синтаксисі мен симатикасы анықтайтын ережелер жинағы. Компилятор үздіксіз процесс барысында жоғары дәрежелі тілде жазылған программаның бүкіл мәтінін аударады. Бұл кезде машиналық кодта толық программа жасалынады, кейін оны компьютер компилятордың қатысуынсыз орындайды. Интерпретатор программаның операторын бір-бірлеп ретпен талдайды.Сонымен қатар жоғары дәрежелі тілде жазылған әрбір синтаксистік құрылымы машиналық кодка бірінен соң бірін негізгі жад аймағында интерпретацияланатын программамен бірге болуы керек,бұл жадтың айтарлықтай көлемін қажет етеді. Әрбір программалау тілі интерпретациялануы да, компиляциялануы да мүмкін екенін айта кеткен жөн, бірақ көптеген жағдайларда әрбір тілдің өзінің артық көретін жүзеге асыру әдісі бар. Фортран, Паскаль тілдері негізінен компиляциаланады. Ассемблер ьтілі негшізінде интерпретацияланады, Бейсик пен Лисп тілдері осы екі әдісті де кең қолданылады. Құрылымы, кірістік тілінің формальдау дәрежесі және мақсаттық арнаулы бойынша келесі программалау жүйелерін ажыратады: • машиналық-бағытталған; • машиналық-тәуелсіз Машиналық бағытталған программалау жүйелерінің операторлар жиынтығы және бейнелеу құралдары компьютердің ерекшеліктерінен айтарлықтай тәуелді ішкі тілі бар. Машиналық бағытталған жүйелер машиналық тәуелді тілдердің барлық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін пайдалануға мүмкіндік береді: - жасалынатын программалардың жоғары сапалылығы; - белгілі бір аппараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі; - объектік код пен жад тапсырмаларының болжаулылығы. Мұнымен қатар бұл жүйелердің бірқатар жетіспеушілігі де бар: * тиімді программалау жасау үшін берілген компьютердің командалар жүйесі мен қызмет ету ерекшеліктерін білу қажет; * қателер пайда болуынан аз қорғалған программалар құру поцесінің қиындығы; * программалау жылдамдығының төменділігі; * бұл тілдерде құрылған программаларды, компьютнрлердің басқа типтерінде пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы. Машиналық-бағытталған программалау жүйелері бұл компьютердің ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктерін білуді қажет етпейтін,есептерді шешу алгоритімдері мен өңделетін информацияны жүзеге асыру мен сипаттау жүйесі. программалардың күрделі жинағын жасау процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
Сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?
ОЖ қызметкері қандай
ОЖ дамуына не себепші болды?
Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?
Компьютердің негізгі құрылғыларына сипаттама беру.МП .
Программалау жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер?
Программалау жүйесінің құрамында не болуы керек ?
Машиналық – бағытталған программалау жүйесінің артықшылықиары мен кемшіліктері қандай ?