kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Компьютерлік желіні? негізгі т?рлері,

Нажмите, чтобы узнать подробности

Компьютерлік желіні? негізгі т?рлері
Компьютерді? ж?йелік блогында ішкі, сырт?ы ??рыл?ылармен байланыс жасау?а арнал?ан арнайы тара?ша ?ос?ыш т?ріндегі порттар бар. Олар тізбекті ж?не параллель ?осылатын болып екіге б?лінеді. Осы порттар ар?ылы ?р т?рлі ??рыл?ылар арасында а?параттарды тасымалдау?а болады. Егер екні немесе одан да к?п компьютерлерді порттары ар?ылы байланыстыратын болса? б?л компьютерлерді? арасында а?парат алмасу ж?мысын ж?ргізуге м?мкіндік туады. Осылай байланыстырыл?ан компьютерлер тобы компьютерлік желі ??рады.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялы? ??рыл?ылар) тиімді пайдалану ма?сатында бір – бірімен байланыстырыл?ан компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен м?мкіндігі бойынша ерекшеленеді. Е? ша?ын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру ?шін ?олданылады.
Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Б?л желілерді ірі мекемелерді, банктер мен оларды? филиалдары, са?тандыру компаниялары, б??аралы? а?парат ??ралдары ??рады.
Егер желі елдегі айма?ты? масштабта?ы компьютерлерді біріктіретін болса, айма?ты? есептеуіш желісі деп атайды. М?ндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі ?олданылады.
Егер ?ашы?та?ы компьютерлерді байланыстыру ?шін телефон желісі ?олданылса, модем ?ажет болады.
Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор с?здеріні? ?ыс?артылуы) – таратушы жа?ында компьютердегі санды? сигналдарды ?здіктелген аналогты? сигналдар?а айналдруды ?амтамасыз ететін ?абылдаушы жа?ында сигналдарды осы?ан кері т?рлендіретін ??рыл?ы.
Модем ар?ылы к?птеген дербес пайдаланушылар айма?ты? ж?не коммерциялы? желілерге, Интернетке ?осылады. Сондай – электронды? поштаны пайдаланады, конференциялар?а ?атыса алады.
Интернет – (а?ылшынша Internet – желіаралы? байланыс) б?кіл жер шары бойынша а?парат а?ынын таратуды ?амтамасыз ететін желілер жиынты?ы.
?зара байланыстырлы?ан миллионда?ан компьтерден ??рал?ан, бірт?тас а?паратты?  ке?істіктіИнтернет деп атайды.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік желіні? негізгі т?рлері, »



Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер.
Байланыс хаттамалары.  Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері:жергілікті желі,  Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Дамытушылық:  Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.
Сабақтың түрі:
               теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
        1.Ұйымдастыру
                                  2.Үй тапсырмасын тексеру
                                  3.Жаңа сабақты түсіндіру
                                  4.Сабақты бектіу
                                  5.Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар
* LineTo және LineRel процедурасының айырмашылығы неде?
* Шеңбер салу операторын ата?
* Arc процедурасы не үшін қолданылады,
* Эллипс салу операторының жазылу форматы қандай?
* Rectangle процедурасы не үшін қолданылады?
* Set textstyle процедурасы қандай қызмет атқарады?
 
Жаңа сабақты түсіндіру
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екні немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.
Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем
 (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.
Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық  кеңістіктіИнтернет деп атайды.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды.
Жергілікті желілер
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет.
Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.
Коммутатор  мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.
Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі),  яғни тең дәрежелі желі.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т.б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:
1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.
3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.
Ортақ  деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады.
Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.
 Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
Компьютерлер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда Windows 2000 Professionalоперациялық жүйе DHCP (Dynamic Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерг желіден бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде  DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Мұндай механизмді IP – адрестеу (Automatic IP – addressing) деп аталады.
Компьютерлердің бір – бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады.
Хаттама (протокол)
 – екі компьютердің бір –бірімен қатынасуныңы формалды ережелерінің жиынтығы.
Microsoft фирмасы мекеме ішінде жлімн жұмс істеу үшін  TCP/IP қолдануды ұсынады. NetWare сервері бар жергілікті желілерде пакеттерді желі бөліктері және редиректор арасында маршрутизациялану мүмкіндігін беретін IPX/SPX (Intеrnet Packet   Exchange/Sequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады.Microsoft Фирмасының 3Com компаниясымен бірігіп құрған  Point – to – Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.
Сабақты бекіту сұрақтары
*Компьютерлік желі дегеніміз не?
*Жергілікті желінің қызметі қандай?
*Корпоративті және аймақтық желлер деген не?
*Шлюз деп нені атайды?
* *Интернетке қандай анықтама беруге болады?
 Үйге тапсырма: 8.1 – 8.3 тақырыптарды оқу.

 












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Компьютерлік желіні? негізгі т?рлері,

Автор: Рахимжанова Айнаш Кайыржановна

Дата: 05.05.2015

Номер свидетельства: 208479


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства