Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері ж?не м?мкіндіктері»
СҚО, Айыртау ауданы
Өскен негізгі мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Махметова Асылайым Женисовна
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының
міндеттері және мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты: Компьютер құрылғысымен және олардың атқаратын қызметтерімен таныстыру.Мүмкіндіктерін көрсету.Жүйелік қорап.Компьютердің ішкі құрылғылары.Монитор.
Тірек ұғымдары: Компьютер , жүйелік блок ,монитор,процессор туралы алғашқы ұғымдар.
Сабақта қолданылатын материалдар:Информатика 7-сынып, дидактикалық материалдар.
Оқыту әдістері:Диалог.Топтық жұмыс.
Дерек көздері:Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар,
Сабақтың барысы:Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
І.«Шаттық шеңбері».Мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызып,өзі бастап жақсы тілек тілейді және бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Сыныпты екі топқа бөледі.Оқушылар шаттық шеңберін жасап , бір – біріне жақсы тілектер айтады.Оқушылар жүйелік қорап ,монитор суреттерін суырып топқа бөлінеді.
ІІ.Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру
ІІІ.Жаңа тақырып. Топқа тапсырмалар беру.
І топ:Жүйелік қорап
ІІ топ:Монитор
Топпен жұмыс істейді,талдайды және теорияларын сәйкестендіру арқылы дәптерге жазады.Әр топ бірін-бірі бағалайды.Оқушылар жұппен жұмыс істеп, бір-біріне түсінгенін айтады.
«Көршіңе әңгімелеп бер» ойыны.Жұппен жұмыс.
ІV.Сергіту сәті.Портрет салу
А4 қағазды төбесіне қойып,бір-бірінің портретін салады.
V.Қорытындылау.Сәйкестендіру кестесін толтыру.Жеке жұмыс . «Серпілген сауал» ойыны.Кестені толтыру .Допты лақтырып, бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақ қояды.
VІ.Үйге тапсырма беру
VІІ. Бағалау.Смайликтермен бағалау ,топ жетекшісі тобындағы оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалайды. Өзін -өзі бағалау,бірін -бірі бағалау,топты бағалайды.