kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері мен м?мкіндіктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері мен м?мкіндіктері" та?ырыбында

5-сынып?а арнал?ан ашы? саба? жоспары. Информатика п?ні м??алімдеріне арнал?ан о?у жоспары. Пайдаланыл?ан ?дебиеттер: Е.А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. ?. ?бенов 5-сынып о?улы?ы.?абанбай батыр №41 орта мектебіні? информтаика п?ніні? м??алімі Аязбай?ызы Мейрамг?л.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері мен м?мкіндіктері »

Сыныбы: 5 «Б»

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Аязбай Мейрамгул.


Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру

Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.

Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, таратпа, флипчарт, интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу :

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

  2. Ақпараттың көлемі немен өлшенеді?

  3. 1 Кбайт = ? 1Мбайт =? 1Гбайт=? 1Тбайт=?

  4. Ақпарат компьютерде қалай сақталады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған.

Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта.

Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын қамтамасыз етеді.

Жүйелік блок- алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, компакт-дискіден CD-ROM оқитын орналастырылған.

Аналық тақша– жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.

Процессор – жүйелік блоктың миы.Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді.
Жедел жады – компьютерде деректерді уақытша сақтау жатады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады.

Қатты дискі – ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы.

Видео карта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға дайындайды. Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.

Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет.

Желілік карта – компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы юіріктіру үшін немесе интернет желісіне қосылу үшін.

Енгізу құрылғылары : пернетақта , тышқан , сканер, микрофон, веб камера

Шығару құрылғылары : монитор, принтер, колонка, проектор, наушник (құлаққап)

Колонка – дыбыс шығару құрылғысы.

Сканер – қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы. Текстік және бейнелік ақпараттарды компьютерге енгізетін құрылғы.

Принтер –ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы.Түрлері: матрицалық,түрлі-түсті, лазерлік.

ІV. Тапсырмалар.

1. Техникалық диктант Әрбір дұрыс жауапқа (+) қойылады.


  1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.


  1. Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . . жатады.


  1. Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады.


  1. Компьютердің негізі құрамына кіретін құрылғылар.....


  1. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.


  1. Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.


(сканер, дискеттер, пентиум, басып шығарғыш, матрицалық, жүйелік блок, пернетақта,манитор, маус, флеш диск, дискет)







Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін анықта


Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы тақтасында

Монитор порты




Қатқыл диск




Компьютердің қосу/өшіру батырмасы




Аналық тақша




Дискжетек




Процессор




Электрмен қоректендіргіш сымның кірісі.




CD-ROM




Модем мен сканерге арналған порттар




Компьютерді қайта жүктеубатырмасы




Принтер порты




Жедел жады





2-тапсырма Жұмбақ шешу

1. Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп / компьютер /

2. Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын / принтер /

3. Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет, сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы / монитор /

4.Жануарға ұқсас атым бар

Бағдар көрсетер затым бар

Кілемше үстінде тұрамын

Ең қажетті құралмын

Білсеңдер қане айтыңдар / тышқан/

5.Саусақтарды билететін,

экранға мәтінді сый ететін,

жоқ деп мүлде айта алмайтын,

иә-ні қолдап қайталайтын береген / пернетақта/


V. Сәйкестендіру Сәйкестендіру арқылы сабақты бекіту


1

Мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құралғысы

2

Компьютердің ең басты бөлігі «миы»

3

Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы

4

Телефон желісіне қосу құрлғысы

5

Ақпаратты енгізу құрылғысы

6

Жүйелік блоктың бір бөлігі

7

Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы

8

Ақпаратты қағаз бетіне басып шығаруға араналған құрылғы

9

Компьютерде деректерді уақытша сақтау жады


М

Колонка

Р

Жедел жады

Ю

Аналық тақша

Е

Принтер

Т

Қатты диск

О

Процессор

П

Модем

Ь

тышқан

К

Сканер




1

2

3

4

5

6

7

8

9

К

О

М

П

Ь

Ю

Т

Е

Р


VІІ. Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келсек, оқушылардың компьютер құрылғылары туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту, комьютер құрылғылары бойынша алған білім, білік, дағдаларын бақылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін жинақтау, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Бағалау:

.Үйге тапсырма:

Компьютердің негізгі құрылғылары бойынша анықтамаларды жаттап келу;



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері мен м?мкіндіктері

Автор: Аязбай?ызы Мейрамг?л

Дата: 15.10.2015

Номер свидетельства: 239979


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства