kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Компьютерді? а?паратты? ?амтамасыз етуі, жады.

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?н Информатика  сынып 7  К?ні 01.10.15 ж.

саба? №: 5

Та?ырып: Компьютерді? а?паратты? ?амтамасыз етуі, жады.

Ма?сат: Компьютерді? а?паратты? ?амтамасыз етуі, жады та?ырыбы бойынша о?ушылар?а жалпы т?сінік беру.

Білімділік – О?ушыларды компьютерлерді? т?рлерімен, компьютерді? ??рылысымен таныстыру.

Дамытушылы? – о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін, ?з беттерімен ж?мыс істей алу да?дыларын ?алыптастыру.

Т?рбиелік – о?ушыларды жауапкершілікке, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Саба? т?рі: аралас

Саба? типі:  жа?а та?ырыпты т?сіндіру

??рал-жабды?тар:  ДК, д?птерлер, интерактивті та?та, видео, т?саукесер, таратпа карточкалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Компьютерді? а?паратты? ?амтамасыз етуі, жады.»

Пән Информатика сынып 7 Күні 01.10.15 ж.

сабақ №: 5

Тақырып: Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі, жады.

Мақсат: Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі, жады тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Білімділік – Оқушыларды компьютерлердің түрлерімен, компьютердің құрылысымен таныстыру.

Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік – оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, интерактивті тақта, видео, тұсаукесер, таратпа карточкалар.


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі.

3 мин

Оқушылармен амандасамын.

Тренинг «Көңіл-күй неге ұқсас?»

Оқушылар бүгінгі сабақ басында өздерінің көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді

ІІ. Үй жұмысын тексеру

9 мин

Оқулықпен жұмыс, 21 бет, бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

Сұрақ-жауап

  1. Графикалық ақпарат қалай кодталады?

  2. Кескіннің айыру қабілеті дегеніміз не?

  3. Экранның ең көп таралған айыру қабілетін атап шығыңдар.

  4. Неліктен адам графикалық ақпаратты мәтіндік ақпаратқа қара­ғанда жақсы меңгереді?

  5. Графиканы қолдану рөлінің артуына мысал келтіріңдер.

  6. Түсті кодтау моделі RGB өз атауын қайдан алды?

  7. Фотосурет көбінесе қай пішімде сақталады?

  8. Символдың бейнесін қай қаріп дәлірек береді: растрлық немесе век­торлық?

  9. * Қалай ойлайсыңдар, компьютерді өшіргенде экранға хабарлама шығару үшін қандай қаріп қолданылады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин

Жад - ақпаратты сақтауға арналған қурылғы.

Компьютердегі ақпарат 0 мен 1 (биттер) түрінде берілгендіктен, жад битті сақтаудың қызметін кез келген уақытта алып тастауға болатындай ету керек.

Жад ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

Жадтың ішкі және сыртқы болып бөлінуі оның орналасу орны бойынша емес, (компьютердің жүйелік блогінің ішінде немесе сыртында) оның қолдану сипаттамасы бойынша жүргізілуі керек.

Ішкі жад

Компьютердің ішкі жадына тұрақты жад және жедел жад жатады.

Тұрақты жадтау құрылғысы (ТЖҚ) - компьютердің жүйелік блогының ішіндегі микросұлба.

Бұл жадқа зауыт-жасаушыларында ақпарат енгізіледі, ол компьютердің қосылуына қажет. ТЖҚ жұмысын қара экраннан көруге болады, ол компьютерді қосқан соң пайда болады.

ТЖҚ жазылған программалар компьютердің аппаратурасының дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеруге арналған. Мысалы, компьютердің қатқыл дискісі істен шықса, ТЖҚ-дағы программа ақауларды байқайды да, қажетті ақпаратты шығарады.

Құралды тексерген соң ТЖҚ-дан операциялық жүйені жүктеу жүргізіледі. Енді одан әрі қарай операциялық жүйе компьютердің жұмысы мен оған орнатылған программаларды басқарады.

Компьютердің ішкі жадтың басқа түрі - RAM1 немесе ЖЖҚ2 (ОЗУ) - компьютердің жедел жады.

Компьютерде қосылған программалардың орындалуы осы жедел жадта болады.

Жедел жад ұяшықтардан тұрады, олардың әрқайсысына ақпараттар бірлігі жазылады.

Жедел жадтың бөлек ұяшықтарының адресі болады, программа сол адрестерде орналасңан мәліметтерге жүгінеді.

Мысалы, мәтінде «а» әрпін «о» әрпіне өзгерту қажет болды делік. Оны істеу үшін компьютердегі «а» әрпінен тұратын ұяшықтың ЖЖҚ-да қайда орналасқанын білу керек.

Өзгеріс жасалған соң бірден компьютер жедел жадтағы мәнді алмастырады және соңғы мәнді қалдырады.

Сендер программаны іске қоссаңдар, онда ол ЖЖҚ орналасады және онда программамен жұмыс жасап біткенге дейін болады (терезенің жабылуына дейін).

Сол үшін компьютерді өшірмес бұрын барлық ашық програм­маларды жабу керек, яғни, жедел жадтағы барлық программаларды шығарып алу керек. Егер оны істемесеңдер, онда программалардағы бірқатар мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін.

Компьютердің тез жұмыс істеуі жедел жадтың көлеміне тәуелді екені түсінікті. Бүгінде жедел жадтың көлемі бірнеше Гбайттерге жетуі мүмкін.

Кэш-жад - аса тез эсер ететін жад, ол аса тез әсер ететін компьютерлердегі жедел жадқа қол жеткізуді жеделтетуге арналған.

Заманауи компьютерлердің барлығында кэш-жад бар. Ол мик­ропроцессор мен жедел жадтың арасында орналасқан. Жедел жадтың ең жиі қолданылатын бөліктерінің көшірмелерін сақтау оның міндеті болып табылады.

Микропроцессор жадқа жүгінген жағдайда, ең алдымен мәліметтерді іздеу нақты кэш-жадта жүргізіледі. Кэш-жадқа қол жеткізу мерзімі жедел жадқа қарағанда біршама аз болғандықтан, жадқа қол жеткізудің орташа уақыты азаяды.

Процессордың ішкі жадпен жұмыс істеуі

Орталық процессор ЖЖҚ-мен жұмыс істегенде жадтан оқығысы немесе жадқа жазғысы келетін байттың адресін көрсету қажет (10 сурет).








Процессордың өзінің ішкі жады бар. Бұл жад компьютердің ішкі жадына қарағанда жылдам жұмыс жасайды, бірақ оның сыйымдылығы аз. Процессордың ЖЖҚ-дан немесе ТЖҚ-дан оқыған мәліметтері ішкі жадқа жазылады және өңделеді.

Сонымен, ішкі жадқа ЖЖҚ (ОЗУ), ТЖҚ (ПЗУ) және кэш-жадты жатқызамыз.

Жадтың қалған түрлері қай жерге орналасқанына қарамастан сыртқы жадқа қатысты болады.

Олар көбінесе ақпаратты тасымалдауыштар деп аталады.

Түйін

  • Жад ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

  • Ішкі жад - жедел (ЖЖҚ), тұрақты (ТЖҚ) жад және кэш-жад.

  • ЖЖҚ-да мәліметтер ғана сақталып қоймай, оған пайдаланушы жұмыс істейтін программаларда жүктеледі.

  • Зауытта микросұлбаны дайындау барысында ТЖҚ-ға мәліметтерді өзгертпейтіндей етіп жазады. ЖЖҚ-да компьютер қосылғанда автоматты түрде іске қосатын программалар сақталады.

  • Кэш-жад - аса тез әсер ететін жад, ол компьютерлердегі жедел жадқа қол жеткізуді жеделтету үшін арналған.

  • Процессор тек өзінің ішкі жадындағы мәліметтерді ғана өңдей алады

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

10 мин

Оқулықпен жұмыс, 28-29 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жумыс

А деңгейі

Дискінің өлшемдерін (қатқыл дискі, CD, DVD, флеш-жадтың картасы), дискілік жадтың бос және бос емес көлемдерін салыстырыңдар. Ол үшін:

  1. Компьютер бумасын ашу;

  2. қажетті дискінің контекстік мәзірін шақыру;

  3. Қасиеттер тармағын таңдау;

  4. ашылған терезелердегі ақпаратты оқып зерттеу;

  5. Қасиеттер және Компьютер терезелерін жабу керек.

В деңгейі

Өздеріңе белгілі компъютерлік программада кесте құрып және оны толтырыңдар.

Ақпаратты тасымалдаушылар

Мінездемесі

Артықшылығы

Кемшілігі

Сыйымдылығы

Мәліметтердің алмасу жылдамдығы

Құны

DVD






HDD






Flash-жад






С деңгейі

В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. Кестені толықтырыңдар (басқа да тасымалдауыштарды және мінездемелерді қарастырыңдар ).

V. Сергіту сәті.

3 мин

Тақтада көзге арналған жаттығу көрсетіледі. Оқушылар орындарынан тұрмай, жаттығуларды орындайды.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

VІ. Бекіту.

6 мин

ЦБР-мен жұмыс.

1-жаттығу.

2-жаттығу.

3-жаттығу.

Жауабы:



Жауабы:

Жауабы:

VІI. Рефлексия

2 мин

Тақтаға кезекпен шығып, төртбұрыштарды басады. Егер сабақ ұнаса - жасыл төртбұрышты басады, сабақ бойынша сұрақтары болса – сары төртбұрышты басады, егер сабақ ұнамаса – қызыл төртбұрышты басады.

VIІІ.Үй жұмысы.

2 мин.

§5 оқу, конспект, ЦБР№1949, 1948

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Компьютерді? а?паратты? ?амтамасыз етуі, жады.

Автор: Нургалиева Гульмира Талгатовна

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 288386


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства