kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Компьютерді озат ме?герген сынып»

Нажмите, чтобы узнать подробности

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ»

«Компьютерді озат меңгерген сынып»

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу


Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ


Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, карточкалар


Қатысушылар 8а,б сынып оқушылары.

Әділқазылар мүшелері: 8 сынып оқушылары мен математика, информатика пән мұғалімдерінен құралған 5 мүше.

/Музыкамен қарсы аламыз./


Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан математика, физика, информатика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 9 сынып оқушылары «Компьютерді озат меңгерген сынып» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды таныстырайық.



Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу

1-тур. «Келесі» Информатика ғылымын екі тілде меңгердік! 1 минут

2-тур. «Қай сөз артық?» 5 минут

3-тур. «Мықты болсаң есепте» 15 минут

4-тур. Дебат «Компьютердің зияны мен пайдасы » 15 минут

5-тур.


1-тур. «Келесі». Екі тілде сұрақ қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі сыныптың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа сыныпқа 5 ұпайдан қосылады.

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2. Сколько байт в одном килобайте (1024)

3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

4.Программа который находит и уничтажает вирусы (антивирус)

5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

6. Центральное устройство компьютера (системный блок)

7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)

8. Устройство для записи звука (микрофон)

9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

10. Сколько бит в одном байте (8)

11. Екілік жүйесінің сандары (0,1)

12. Небольшая программа которая припысывает себя к другим программам (вирус)

13. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)

14. Техническое устройство предназначенное для подключения к Интернету (модем)

15. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)

16. Папка, в которую временно попадают удаленные объекты (корзина)

17. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)

18. Первую вычислительную машину изобрел ( Чарлз Бейбидж)

19. Бейне материалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

20. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)


1.Алгоритмдік алдын-ала жазбаларды құрастыру процесі қалай аталады?


алгритмдеу

2.Алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуға тиіс.Алгоритмнің бұл қасиеті қалай аталады?


анықтығы

3.Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым дегеніміз не?


алгоритм

4.Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес,бүкіл біртипті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар.Алгоритмнің бұл қасиеті қалай аталады?


көпшілікке бірдейлігі

5.Құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект қалай аталады?


алгоритм орындаушы

6.Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін.Алгоритмнің бұл қасиеті қалай аталады?


дискреттігі

7.Алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі дегеніміз не?

алгоритм тілі

8.Алгоритмді программалау тілінде көрсету дегеніміз не?

программа

9.Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса,алгорит қалай аталады?

сызықты

10.Алгоритм командасы “:=” белгісінің көмегімен жазылса қалай аталады?

меншіктеу командасы

11.Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленген болса,онда ол алгоритм қандай

тармақталған

13.Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса,алгоритм қалай аталады?

циклдік

16. Программа басы –Begin

17. Программа аяғы - End

18. Тұрақтылық бөлімі –Const

19. Cипаттау бөлімі – Var

20. Енгізу операторы – readln



2-тур. «Қай сөз артық?». Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тапсырмаға 3 ұпай.

1. терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомкспди – компакт – диск, сосрецпро – процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)

2. ептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология («компьютер» артық. Л пәнге жатпайды.)

3. марамгроп – программа, кышма – мышка, дакротре – редактор,енюм – меню («мышка» артық. Ол құрылғы.)

4. вочдека – девочка, инрпрет - принтер, чижмуна – мужчина, чунеки – ученик («принтер» артық. Ол құрылғы.)


3-тур. Мықты болсаң есепте:


Әр сыныпқа бір-бір есептен шығарады:


1. 3 саннан ең кішісін шығаратын программа құру.

2. 3 саннан ең үлкенін шығаратын программа құру.


4. Дебат «Компьютердің зияны мен пайдасы »


1. «Намыс» тобының мүшесі Ақпарат министрі:

Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым. Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор». Алдымен компьютерге анықтама берейік.Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегенімсіз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады.Осы ақпараттық пройестерді зерттейтін ғылым информатика екенін бәріміз білеміз. Менің ойымша компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді.Қолмен жай сиямен және компьютермен терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей.Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік.Оны қолмен жазып жатқанға уақыт керек, ал компьютерімізде терілген рефератымыз сақтаулы, оны ашып принтермен көшірмесін жасағанға әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер - уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

2. «Мұрагер» тобының мүшесі Әлеуметтік қорғау министрі:

- Сәлем бердім қауымға. Біздің қарсыластарымыз: «Құжатты әдемі әрі таза жазып, компьютерде сақтап қоюға болады» дейді. Мысалы электр тогы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмысымыз да лезде өшіп, жойылып кетеді.Соның нәтежесінде жұмысымызды қайта жасауға тура келеді. Ал бұған екі есе уақыт кетеді. Мысалы сақталған құжаттың көшірмесін жасау керек дейік? Ал біз ол құжатты қандай атпен сақтағанымызды ұмытып қалдық дейік, сонда ол құжатты таба алмайжыз және оны қайтадан теруге тура келеді. Қарап тұрсаңыз бұған да уақыт кетеді.Ал сіздер «Компьютер - уақыт талабы» компьютерде уақытты үнемдейді дейсіздер. Қалай уақытты үнемдейміз?

3. «Намыс» тобының мүшесі Мәдениет министрі:

- Құрметті көрермен , бұл сұраққа мен жауап берейін.Компьютер жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тогы сөнді дейік, бұл жағдайда сіздер білулеріңіз керек компьютерде UPS (Источник безперебойного питания) құрылғысы қосылып тұру керек. Сол арқылы тоқ сөнген кезде осы құрылғы бойына 20-30 минут аралығына дейін тоқ сақтап тұрады.Ол компьютерге беріліп, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті принтермен бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Ал егер ол құрылғы қосылып тұрмаса, тіпті жоқ болған кезде сіз Файл-сохранить немесе Құрал-сайман тақтасындағы сақтау батырмасын әр 5 минут сайын басып отыру 0ажет7 Ал енд3 жоғалған құжатқа келмек болсақ компьютерде Іске Қосу-Табу-Файлдар және бумалар осы тізбектен кейін құжаттың атымен, жазылу күнімен табуға болады.Сол кезде компьютер сізге іздеген құжатыңызды тауып береді.


4. «Мұрагер» тобының мүшесі Денсаулық сақтау министрі:

- Армысыздар аса қадірлі көрермен. Компьютердің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесіздер ме?Оқушы компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса көзі талады, жотасы аурады. Компьютерден бөлінетін ультро-күлгін сәулесі көзге зиян әсер етеді.Бала ұдайы отырғаннан түрлі ауруларға шалдығады.Таза ауа қажет.Компьютер бөлмесі кейбір жерде қараңғыланған. Суық бөлмесі, ауасы тар, терезесі ашылмаған.Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян.Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымыз да жарқын-жақсы болады.Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.

5. «Намыс» тобының мүшесі «Мың бала» басы:

- Сәлем бердім қарсыластарыма.Денсаулықты сақтау үшін, әр оқушы информатика сабағында, жалпы оқушы компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді.Көзге жаттығулар жасалады әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің арақашықтығы 60-70 см болу керек.Жұмыс кезінде ақ халат кисе ультро-күлгін сәулесінен қорғанады, ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек.Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады.Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтаймыз.

6. «Мұрагер» тобының мүшесі Экология және табиғатты қорғау министрі:

- Құрметті қауым.Қарсыласымыз Денсаулығымызды қорғау үшін компьютер алдына кактус гүлін қою керек дейді.Бірақ мен мұнымен келіспеймін. Кактус - гүл, табиғаттың өсімдігі. Біз табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Кактус информатика кабинетінде компьютерден бөлінген ультро-күлгін сәулені бойына сіңіреді, соның нәтижесінде мына гүлге қараңыздаршы қалда нашар халде, бойы сорайып, балалай, гүлдей алмай қалған.Ал өсімдікке қоректі заттар, күн сәулесі қажет емес пе.Күтімсіз қалған бала да өспейтінін білесіздер.Табиғатты аялап, қорғауымыз керек деп ойлаймын.Мұндай жағдайда біз компьютердің жанынан кактусті алып, компьютердің қорғаныш экранын құрғанымыз дұрыс болар.Қорғаныш экран компьютерден бөлінген сулені адам бойына жібермей ұстап қалады.Осы жайында ойланайық.Менің айтарым табиғатты, қоршаған ортаны сақтайық.

7. «Намыс» тобының мүшесі қаржы министрі:

- Армысыздар аса құрметті көрермен, менің қарсыластарым.Сіз ұсынып отырған қорғаныш экраны қаржыға әкеліп тірететінін білетін боларсыздар.Әр компьютерге қорғаныш экранын алу үшін талай ақша керек.Сіэдер білесіздер 2001 жылы мектебімізде РІІІ компьютері әкеліп орнатылған, онымен бірге келген түрлі-түсті принтер 3-айдан ейін істен шыққан,UPS (Источник безперебойного питания) құрылғысы істемейтін болып келген, қорғаныш экраны болмаған.Әрине ауылымыздың демеушілері принтер, музыкалық аппарат сыйласа, мектеп мұғалімдері қант қызылшасында еңбек етіп, жиналған қаржыға UPS құрылғысын және бейнекамера сатып алынды.Ал енді қорғаныш экранын да қолға алуға болады деп ойлаймын.Сонымен қатар «Ана тілі» газетінде «1001 бағдарлама қазақ тіліндее» атты мақаласы жарияланған.Ол бағдарлама қазақ тілінде, оны компьюерге енгізу үшін сатып алу үшін сатып алу керек.Демек қаржы болса, компьютерімізге қазақша бағдарлама енгізсек дұрыс болар деп ойлаймын.

8. «Мұрагер» тобының мүшесі Спорт министрі:

- Сәлем бердім көкрерменге.Ал енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиян екенін айта кетейін.Компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс тағы да басқа қан төгіс, жауыздық тақырыбында болады.Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер ететінін өздеріңіз де білесіздер.Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдерә еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады.Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды.Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа.Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойындарды ойнағанша, далада, таза ауа жұтып, көршілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.Құлақ қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

9. «Намыс » тобының мүшесі Еңбекке ұйымдастыру министрі:

- Мекткптегі жалпы оқушы деңгейі әртүрлі.Бір балалар спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнермен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештеңеге қызықпайтын оқушылар да бар.Әрине спорттық ойындар жақсы, бірақ ол ойындарға қабілеті жетпейтін оқушылар, мүгедек балалар , солар қайтпек.Бұл жағдайда жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді.Мысалға сізге мына газет қиындысы «Өмірге құмар бала» атты мақала «Жетісу» газетіне шыққан, мұнда компьютерлік ойындарды сүйіп ойнап, компьютерлік клубта жұмыс атқаратын мүгедек бала туралы жазылған.Біздің мектебімізде компьютерге енгізілген «Касынка», «Черви», «Солитер» және т.б. ойындары оқушы тышқанды толық меңгеріп, онымен еркін жұмыс жасауға, қолын жаттықтырып, жақсы көмектеседі.Әрине мен атыс-шабыс, қан төгу ойындарына қарсымын.Бірақ бір айтарым біздің мектепте ондай ойындар жоқ, оның үстіне мұғатеміміз рұхсат етпейді.Ал біз мұғалімімізді әрқашан тыңдап, айтқанын орындап, құрметтейміз.Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет.




Просмотр содержимого презентации
«Ашык сабак призентация»

Тақырыбы:   « Компьютерді озат меңгерген сынып »

Тақырыбы: « Компьютерді озат меңгерген сынып »

Сабақтың мақсаты:  Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;  Ана тілі мен орыс тілінде, шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату  Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру; Ана тілі мен орыс тілінде, шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу

Кезеңдер 1-кезең. «Келесі»  2-кезең. «Қай сөз артық?»  3-кезең. «Мықты болсаң есепте»  4-кезең. Дебат «Компьютердің зияны мен пайдасы »  5-кезең. Сіз білесіз бе?

Кезеңдер

1-кезең. «Келесі» 2-кезең. «Қай сөз артық?» 3-кезең. «Мықты болсаң есепте» 4-кезең. Дебат «Компьютердің зияны мен пайдасы » 5-кезең. Сіз білесіз бе?

I- кезең Келесі

I- кезең

Келесі

II кезең Қай сөз артық?

II кезең

Қай сөз артық?

1. терчесвин –, такедис –, акткомкспди –, сосрецпро - 2. ептьюкром –, тамикатема –, азакиф – физика, лиягоибо 3. марамгроп –, кышма –, дакротре –,енюм – 4. вочдека –, инрпрет -, чижмуна –, чунеки – \ 5. ртапа - , тулс - , ытақнш- , реьвд 6. Аю -, уыақт- , сыро -, лынаж-
  • 1. терчесвин –, такедис –, акткомкспди –, сосрецпро -
  • 2. ептьюкром –, тамикатема –, азакиф – физика, лиягоибо
  • 3. марамгроп –, кышма –, дакротре –,енюм –
  • 4. вочдека –, инрпрет -, чижмуна –, чунеки – \
  • 5. ртапа - , тулс - , ытақнш- , реьвд
  • 6. Аю -, уыақт- , сыро -, лынаж-
III кезең Мықты болсаң есепте

III кезең

Мықты болсаң есепте

40 40 40 40 30 30 30 30 20 20 20 20 Информатика  Физ - мат - инф 40 40 40 40 30 30 30 30 20 20 20 20 40 40 30 30 30 20 20 20 20

40

40

40

40

30

30

30

30

20

20

20

20

Информатика

Физ - мат - инф

40

40

40

40

30

30

30

30

20

20

20

20

40

40

30

30

30

20

20

20

20

Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз?

Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыз?

Компьютердің миы?

Компьютердің миы?

Компьютер деген с өзге қандай анықтама бересіз?

Компьютер деген с өзге қандай анықтама бересіз?

Алгоритм деген іміз не және оның қасиеттерін атаңыз?

Алгоритм деген іміз не және оның қасиеттерін атаңыз?

Теңдікті шешіңіз:  5 mod 2 = ?

Теңдікті шешіңіз: 5 mod 2 = ?

Компьютер қасына қойылатын өсімдік?

Компьютер қасына қойылатын өсімдік?

Компьютердің құралдары нешеге бөлінеді?

Компьютердің құралдары нешеге бөлінеді?

Іздеуде *.txt деп енгізсеңіз экранға  қандай құжаттарды шығарады.

Іздеуде *.txt деп енгізсеңіз экранға қандай құжаттарды шығарады.

11111 ондық санау жүйесінде қалай болады?

11111 ондық санау жүйесінде қалай болады?

Программа құрылымдары. Енгізу және шығару операторлары

Программа құрылымдары. Енгізу және шығару операторлары

Сызықты және тармақталу алгоритмдер. Циклдік алгоритм.

Сызықты және тармақталу алгоритмдер. Циклдік алгоритм.

IV кезең Дебат «Компьютердің зияны мен пайдасы

IV кезең

Дебат «Компьютердің зияны мен пайдасы

V кезең Сіз білесіз бе?

V кезең

Сіз білесіз бе?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Компьютерді озат ме?герген сынып»

Автор: Аитеев Даурен Кельденович

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 167145


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства