Просмотр содержимого документа
«Кесте.Кесте ??ру »
Сабақтың тақырыбы:Кестелер. Кесте құру.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету
дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, үлестірме парақшалары, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІҮ. Жаңа сабақ
Ү. Практикалық жұмыс
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ.. Бағалау.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіңдер ме? Балалар ал енді «Шаттық шеңберін» құрайық. Отырыңдар.
Бүгін біз мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.
Мынау –менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау- менің басым ақылды,
Бәрін осы басқарған
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған
ІІ. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау
Сабағымызды бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін қайталап өтейікші. Әрқайсымыз бір ережеден айтайық.
Жауап жоспарының үлгісі:
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды;
Тағайындалған орынға отыру керек;
ДК-дің мониторын қолмен ұстауға болмайды;
Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен;
ДК ақау байқалса, жұмысты дереу тоқтату керек;
Көз бен экранның арақашықтығы 60-70 см болу керек, т.с.с.
Жарайсыңдар!
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) Тест
1. Microsoft Word - бұл . . .
А) Графикалық редактор
Ә) Мәтіндік редактор
Б) Кестелер редакторы
2. Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?
А) Файл – Сохранить как
Ә) Файл – Сохранить
Б) Правка – Сохранить как
3. Қаріп типін қай батырманың көмегімен өзгертеді?
А) Ә) Б)
4.Құжатты баспаға шығару үшін қандай әрекет қолданады?
А) Файл-печать Ә) Вставка-печать Б) Вид-печать
5. Құжатты сақтау үшін қандай әрекет қолданылады?
А) Файл- сохранить как
Ә) Правка- сохранить как
Б) Вид- сохранить как
6. Мәтіннің түсін өзгерту батырмасы-ол:
А) Ә) Б)
Ә) Топтастыру стратегиясы
Тақырып жолы
Меню қатары сызғыш
MS Word Office терезе элементтері
Жұмыс аймағы Сырғытпа
Айналдыру жолағы
Қазір тақтада көрсетілген ереже бойынша сол құрал-сайманды көрсетулерін қажет.
- жартылай қою сырт пішім
- қаріптің гарнитурасы
- ортаға туралау
- қаріптің берілген кеглі (мөлшері)
- сызып тасталған қаріп
- мәтіннің түсі
- жоласты белгісі
-ағымдағы абзацты ортасы бойынша түзеу
Б) Оқушылар шығармашылығы
1) Нұрсая «Менімен егіз бе едің»
Компьютер
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Информатика кабинетінен сені іздедім
Мультимедиадан, физикадан сені іздедім.
Сені іздедім ұстаздардан,
Мектептерден, кабинеттен, парталардан,
Дүкендерден, фабрикадан, зауыттардан
Сені іздедім жоғалған заманадардан
Сені іздедім интернеттен, агенттерден,
E-mail-дан іздедім, пошталардан,
Сені іздедім
Іздеймін шыдам бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
2) Арнұр«Компьютерге ғашықпын»
Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,
Үйден шықсам мектептегі компьютерге асықпын.
Күні-түні көз алдымнан кетпес бейне,
Сезімімнің толқындарын тасыттым.
Мен ғашықпын, компьютерге шын ғашықпын,
Сезімімді білдіре алмай жасықтым
Оған қарай бет алғам діріл қағып,
Махаббаттың шыңдарынан асыппын.
ІҮ. Жаңа сабақ. (Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі)
1)Білімділік сатысы.
Ой ашар: жұмбақтар жасыру арқылы тақырыпты ашу
Тұрады ол жолдармен бағандардан, Және тұрар ұяшықтар ағымынан. Кәне ойланып көрейік ол не екен, Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте) Кестенің бір негізгі элементі, Көлденең ұяшық құру қызметі. Ұяшық емес, баған емес ол не екен? Кестенің негізгі болған қызметі. (жол) Тіктөртбұрышқа ұқсайды, Елемей кетуге болмайды. Бағанменен жолдардың қиылысы, Кестеде қай элементті құрайды. (ұяшық) Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде дайындау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың.
Сонымен кесте дегеніміз – жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды.
Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді.
Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады.
Б
Ж
О
Л
А
Ғ
ұяшық
А
Н
Сөздік:
ҚАЗАҚША
ОРЫСША
Кесте
Таблица
Жол
Строка
Баған
Столбец
Ұяшық
Ячейка
Вставка
Кірістіру
Біріктіру
Объеденить
Бөлу
Разбить
Қосу
Добавить
Кестелерді қою әдістері:
1 – ші әдіс.
Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажетті жерге апарып,
Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз, Кестені кірістіру командасын таңдаңыз. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесінде жолдармен бағандардың санын таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.
1-сурет. Вставка → Таблица → Всавить таблицу
2 – ші әдіс
Кестені стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу батырмасын шерту арқылы құруға болады.
2-сурет. Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобы
3-сурет. Кестенің бағандары мен жолдарының санын таңдау
Кестелермен жүргізілетін әрекеттер:
Кестеге элементтер (жол, баған, ұяшық) қосу үшін кез келген ұяшыққа тышқан нұсқағышын апарып, оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық мәзірді шақырамыз. Онда бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төмен ұяшықтар пункттерінен керегін таңдаймыз.
Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Макет – Өшіру командасын орындап, кесте, баған, жол, ұяшық пункттерінен керегін таңдаймыз немесе пернелер көмегімен немесе пернелер көмегімен орындалады.
Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.
Кестеге жаңа жолдарды қосу үшін курсорды ең соңғы ұяшыққа апарып Tab пернесін басу жеткілікті.
Кестеге жаңа баған қосу үшін курсорды қажетті бағанға қойып Макет → Вставить слева немес Вставить справа.
Ұяшықтарды біріктіру және бөліктерге бөлу.
Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды белгілеп алып, Макет менюіндегі Обьеденить ячейки командасын орындаңыз.
Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Макет менюіндегі Разбить ячейки бөлімін таңдаңыз.
Мысал:
3-әдіс:Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка – Таблица – Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кестені қарындашты пайдаланып, қолдан сыза аламыз. Мысалы: 5 баған, 4 жолдан тұратын кестені салайық.
2)Түсіну сатысы
«Ақпараттық диктант»(Қортындылау мақсатында)
1
Кестені даярлау үшін
Кесте – Кесте қосу
2
Ұяшықтарды біріктіру үшін
Кесте – Ұяшықтарды біріктіру
3
Кесте қай қатарда орналасқан?
Меню қатарында
4
Ұяшық дегеніміз не?
Бағандар мен жолдардың қиылысы
5
Кесте құрудың неше әдісі бар?
3 әдісі
6
Ұяшықтарды бөлу үшін
Кесте – Ұяшықтарды бөлу
7
Кесте дегеніміз
Жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат
Сергіту сәті: Информатика туралы ән айту
V. Практикалық жұмыс.
3) Қолдану сатысы Деңгейлік тапсырмаларды орындау. (Жаңа сабақты бекіту мақсатында)
I.Міндетті деңгей
1) Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз;
2)Тапсырма: 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
Р/с
Оқушының аты жөні
Математика
Информатика
1
Оразов Арман
4
4
2
3
II.Лайықты деңгей
Қою – Кесте – Кесте қосу батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз;
Тапсырма: мектептегі мұғалімдер туралы мәліметтер жазу.
Р/с
Мұғалімдердің аты-жөні атаулары
Мекен жайы
Телефоны
1
2
3
4
III.Жоғары деңгей
Кестені қолдан сызып шығу: Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка-Таблица-Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз;
Тапсырма: Қазақстандық ақындар жайлы мағлұмат беру..
№
Ақындар
Өмір сүрген жылдары
Жазған өлеңдері
1
2
3
4
Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс орындадыңдар.
Сөзжұмбақ шешу
ҮІ. Сабақты бекіту
4)Жинақтау сатысы
VІI.Оқушылардың білімін бағалау .
Бағалау парағына қарап , белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VІII. Үйге тапсырма.
1. § 22 тақырыпты оқып, мазмұндау
2. Кестемен жұмыс. Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл. түрде)