kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?азіргі заман?ы дербес компьютерді? архитектурасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:                          О?ушыларды дербес пайдаланылатын компьютерді?   

                                                               архитектурасымен, оны? ??рыл?ыларыны? міндеттерімен   

                                                               таныстыру

             Білімділік  :                             Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы  жалпы   

                                                               м?лімет, дербес компьютерді? ??рауыштары, дербес   

                                                               компьютерді жіктеу туралы білімдерін ?алыптастыру.

            Дамытушылы?:                     о?ушыларды? есте са?тау ж?не зейіндік ?абілеттерін       

                                                               дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

            Т?рбиелік:                                Жан-жа?ты болу?а, ?з бетімен ж?мыс істеуге 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?азіргі заман?ы дербес компьютерді? архитектурасы.»

Сыныбы: 8 «А» Күні: _________12.10.2015__ Тексерген____________________


Cабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы

дербес компьютердің архитектурасы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дербес пайдаланылатын компьютердің

архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен

таныстыру

Білімділік : Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы

мәлімет, дербес компьютердің құрауыштары, дербес

компьютерді жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын

көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, практикум, тақта, презентация.


Оқушы білуі тиіс:

  • компьютердің айырықшаланатындай негізгі техникалық

параметрлерін;

  • ЭЕМ-нің буындары мен элементтік базасын.


Оқушы меңгеруі тиіс:

  • әр буын компьютерлеріне мысал келтіруді және

сипаттамалық ерекшеліктерін айтып беруді.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастырылуы: оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын

тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын

таныстыру.


2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикумнан берілген тапсырмаларды талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

- Компьютердің логикалық элементері дегеніміз не?

- Және, немесе, емес схемалары деген не? Олардың ақиқаттық кестесін көрсетіңдер.

- Компьютер үшін триггер қандай қызмет атқарады? Оның схемасын көрсетіңдер.

- Қосындылауыш деген не? Ақиқаттық кесте нені білдіреді?


3. Жаңа тақарыпты түсіндіру.

Ғылыми- техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға мәжбүр болды. ДК жасау ғасырдың ең маызды өнертабыстарының біріне жатады. ДК- есептеуіш техниканың Адам өміріндегі мәні мен ролі айтарлықтай. Есептеуіш машиналаның түрлері:

  1. Үлкен ЭЕМ-дер: бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай жұмыс істеуі үшін қолданылады. Оны пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Бірнеше міндеті, бірнеше пайдаланушылармен қатар шеше береді.

  2. Мини ЭЕМ-дер. Үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Өндірістік процестерді басқаруға, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Онымен жұмыс істеу үшін шағын есептеу орталығы қажет.

  3. Микро ЭЕМ-дер. Үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда өнімділігі төмен, негізгі деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды. Онымен жұмыс істеу үшін құрамында бірнеше Адамы бар шағын лаборатория қажет.

  4. Дербес- компьютерлер:Соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар «пайдаланушы» деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалау тілін білу керек. Көлемі шағын, құны төмен.

ЭЕМ түрлерінің ең маңызды сипаттамалары:1. уақыт бірлігін орындайтын операцияларының орташа мөлшерімен өлшенетін шапшаңдығы – MIPS; 2. операция орындайтын сандардың берлу түрі мен разрядтылығы; 3. жадтайтын құрылғыларының сыйымдылығы мен шапшаңдығы.

  1. буын: (1975-1980 жж.) – 8 разрядты Микропроцессор негізінде;

  2. буын(1981-1985 жж.) – 16разрядты микропроцессор негізінде;

  3. буын ( 1986-1992 жж.) – 32 разрядты МП негізінде,

  4. буын (1993 ж.- қазіргі кезге дейін)- 64 разрядты МП негізінде.

ДК МП-ның параметрлері бойынша төмендегідей болып бөлінеді:


Параметрі

Микропроцессорлар типі

80386 DX

80486 SX

80486 DX

Pentium

Pentium-Pro

Pentium 4.

Тактілік жиілігі, МГц

33-40

33-80

50-100

60-150

100-200

4000

Разрядтылығы, бит

32

32

32

64

64

64

ЖЖҚ көлемі, Мбайт

2;4;8;

2;4;8;

4;6;8;

4;8;16;

8;16;32;

512

КЕШ-жад көлемі, Кбайт

64;128

128;256

256;512

512;1024

512;1024;2048

32000

ҚМДЖ көлемі, Мбайт

420

540

850

1000

2000

1000000

БейнеадаптерVGA/SVGA,%

24/76

10/90

0/100

0/100

1/100

0/1000

Сопроцессорының бар болуы, %

67

80

100

100

100

100


Параметр

Үлкен ЭЕМ-дер

Мини ЭЕМ-дер

Микро ЭЕМ-дер

ДК

Өнімділігі, MIPS

1000-100000

10-1000

1-100

133-1000

Ішкі жад сыймдылығы, Мбайт

2000-10000

64-10000

4-512

4-256

Сыртқы жад сыйымдылығы, Гбайт

500-5000

50-1000

2-100

1-100

Разрядтылығы, бит

64-128

32-64

16-64

11-64

Дербес компьютердің құрауыштары:процессордың ұясы, орталық процессор, жедел жад, қатқыл диск, CD-ROM, бейнеадаптер, монитор.

Дербес компьютерлердің түрлері:

  1. Тұрмыстық мақсаттағы- жалпы тұтынушыларға арналған, сондықтан олар мейілінше арзан, сенімді және базалық конфигурациясы өте қарапайым. Олар үй жағдайында ермек үшін, оқу үшін, жаттығу үшін қолданылады. Біраз жаңартулар енгізссе, бұл модельдер мәтін өңдеуге, шағын ғылыми және инженерлік есептер шығару үшін қолдануы мүмкін.

  2. Жалпы мақсаттағы- ғылыми-техникалық сипаттағы есеп шығару үшін, оқу және жаттығу үшін қолданылады.Олар пайдаланушының жұмыс орнында, кәсіпорындарда, мекемелерде, дүкендерде қоймаларда орналастырылады.Бұл класс машиналарының жедел жадының сыйымдылығы үлкен және иілгіш, қатқыл магниттік димкілерде сыртқы жадысы, меншікті дисплей болады.

  3. Кәсіби мақсаттағы- жоғары шапшаңдығы, ақпараттың үлкен көлемі жиымын тиімді жіберуді , жедел жадтың айтарлықтай сыйымдылығын талап тетін күрделі ақпараттық және өндірістік мәселелерді шеше үшін ғылым саласында пайдаланылады.

Қазіргі кездегі ДК-лердің консруктивтік орындалуы немесе өлшем типтері бойынша жіктелуінің жаңа белгілдері:

Жеңілдігі мен көлемінің шағындығы LAPTOP, NOTEBOOK, HANDHELD компьютерлердің шығуна мүмкіндік берді. LAPTOР- компьютерде пернетақта мен жүйелік блок бір корпуста орналасқан, жоғары жағынан электронды негізімен ажыратылмайтындай сұйық кристалды дисплеймен жабылған.Сымдар корпуста жасырынған. NOTEBOOK- А4 стандартты қағаздың бір бетінің лшеміндей, толық емес пернетақтасы бар.Оларда ЖҚДМ,ЖИМД қолданылады модемді,факсмодемді қолдануға болады.. NOTEBOOK-А4 бетінің бір бетінен кішірек,қалтада жұмыс істеуге болады. Электр желісіне тәуелсіз. Программалар дербес жұмыс кезінде сыймдылығы 32,64,128Кбайт кбайт программалар жазылған қатты карточкалардың көмегімен енгізіледі.


Практикалық тапсырмалар: Практикумдағы 32-35 беттегі тапсырмалар.4.1,4.2,4.3,4.4,4,5 тапсырмаларды орындау.


Сабақты бекіту сұрақтар:

    • Есептеуіш машиналардың түрлерін атаңдар.

    • Есептеуіш машиналардың жалпы сипаттамаларын атаңдар.

    • ДК-дің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады?

    • ДК-нің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар.

    • Аналық тақшаның құрауыштарын атаңдар.

    • Монитор неге арналған?

    • Мақсатына қарай ДК-лер қандай топтарға бөлінеді? Әрқайсысына сипатама бер.

    • Конструктивтік орындалуы бойынша ДК-дің айырмашылығы неде?

    • LAPTOP, NOTEBOOK, HANDHELD компьютерлерінің негізгі сипаттамаларын ата.


Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.


Қорытындылау. Оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, бүгінгі сабаққа қысқаша қорытынды жасау.


Үйге тапсырма: оқулықтан 4.1,4.2,4.3- тақырыптарды оқу. (мазмұндау).

Практикмунан 4.6,4.7,4.8 – тапсырмаларды орындау.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?азіргі заман?ы дербес компьютерді? архитектурасы.

Автор: Дауитова Асель Бекалиевна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 301173


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства