/Оқушылармен сәлемдесу, журнал бойынша түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау/
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Т е с т ж ұ м ы с ы
1.Конъюнкция дегеніміз не?
а) логикалық теріске шығару
ә) логикалық қосу
б) логикалық көбейту
2.Дизъюнкция дегеніміз не?
а) логикалық теріске шығару
ә) логикалық қосу
б) логикалық көбейту
3.Инверсия дегеніміз не?
а) логикалық теріске шығару
ә) логикалық қосу
б) логикалық көбейту
4. Логикалық көбейту қандай жалғауға сәйкес келеді?
а) және
ә) немесе
б) есем
5. Логикалық қосу қандай жалғауға сәйкес келеді?
с) және
ә) немесе
б) есем
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Дербес компьютерлер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.
Қазіргі заманғы дербес компьютерлер – ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады:
Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды дербес компьютерлер.Оларды ноутбук деп атайды. Тасымал компьютерлер батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны
және пернетақтасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды пернетақтаға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.
Қалта компьютерлер – оны жиі жеке сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен жұмыс жасайды және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлердің дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуаты болмаса да, оны телефон нөмірлерін, мекнжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады. Қалта компьютерлерде пернетақтаның орнына сенсорлық экран жабдықталған, оны саусақпен немесе қаламға ұқсас құралмен басқаруға болады.
Планшеттік дербес компьютерлер – бұл тасымал және қалта компьютерлерінің қасиеттерін жинақтаған тасымал дербес компьютерлер. Планшеттік дербес компьютерлерде қуатты батареядан алады. Экраны сенсорлы, қаламға ұқсас құралмен басқарылады. Планшеттік дербес компьютерлермен жазуға және сурет салуға болады.
Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына мыналар жатады:
жүйелік блок;
монитор;
пернетақта;
тінтуір.
Процессор немесе микропроцессор – компьютердегі орталық мәліметтердің өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессордың тактілік жилігі неғұрлым жоғары болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы МГц (мегагерц), ГГц (гигагерц) өлшенеді. Процессордың үстіне радиатор, радияторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.
Оперативті жады – ақпаратты уақытша сақтауға арналған құрылғы. Компьютерді өшіргеннен кейін жылдам жадыдағы ақпарат жойылады.
Қатқыл (тұрғылықты) дискілер – ақпаратты, программаны және мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен (Мбайт) және гигабайтпен (Гбайт) өлшенеді.
Монитор немесе дисплей – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы. Ақпаратты экран бетіне бейнелеуге арналған құрылғы.
Монитордың типі әртүрлі. Олар айыру қабілетімен және экранда көрсететін түстер санымен өзгешеленеді. Қазіргі уақытта оның мынандай түрлері қолданылады:
электрондық сәулелік түтікше негізінде;
сұйық-кристалды дисплей;
плазмалық тақта негізінде.
Қазіргі заманғы компьютерлердің маңызды элементтерінің бірі – принтер.
Принтер – ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы. Компьютердеге қосылған басып шығару қызметін атқарады. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүрккіш және лазерлік. Олардың ішінде ең қарапайымы және арзаны – матрицалық принтер, ең жылдамы және сапалысы – лазерлік принтерлер, ал бүрккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.
Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады. Кеңінен қолданылып жүрген дискеталарда жады көлемі 1,44 Мб, ал диаметрі 3,5 дюймді құрайды.
Мәліметтер алмасу жылдамдығы және сыйымдылығы аз болғандықтан, дискеталар көнерген мәлімет тасымалдаушылар болып табылады. Дискетаны мәліметтерді тасымалдау үшін ғана қолданған жөн.
Компак-дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW – алтын түсті (R-recordable - жазылатын, RW-ReWritable – қайта жазу) болып келеді. CD-R, DVD-R-ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп рет жазуға болады.
Дискіге жазу үшін және қайта жазу үшін жазу процесі кезінде жазылу аймағының шағылу қабілетін өзгертуге мүмкіндік беретін қуатты лазерлік CD-RW және DVD-RW диск жетектер қолданылады. Мұндай дискжетектер дискідегі әр түрлі жылдамдықтағы ақпаратты жазуға және оқуға мүмкіндік береді.
Кейінгі кезде ақпараттарды көшіру үшін Flash-жады кеңінен қолданылады.
Флэш-жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB-порт арқылы қосылады.
Флэш-жады жылдам жадыдан энергия тәуелсіздігімен ерекшеленеді., яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады.
Қозғалмалы бөлшектердің болмауы флэш-жадының қатқыл дискілерден, CD және DVD дискілерінен артықшылығы болып табылады. Сондықтан флэш-жады ықшам және тез жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Флэш-жады өзінің ықшамдығы мен энергияны қажет етпейтінінің арқасында батарея және аккумулятормен жұмыс жасайтын шағын компьютерлерде – сандық фотокамералар және видеокамералар, сандық диктафондар, МР3-плеерлерде кеңінен пайдаланылып, шағын ақпарат тасымалдаушы ретінде диск пен дискеталарды табыспен ығыстыруда.
ІV. Практикум
4.1-тапсырма. Компьютерді тестілеу.
Windows жүйесі туралы мәлімдеме қызметші программасының көмегімен компьютер туралы мәліметтер алыңыз.
1. Жібер (Пуск) батырмасын басыңыз және негізгі менюден Программалар → Стандартты → Қызметтік → Жүйе туралы мәлімет (Стандартные → Служебные → Сведения о системе) пунктін таңдаңыз.
2. қосымша терезесінің сол жақ бөлігінен құрылғы типін таңдасаңыз, терезенің оң жағында осы құрылғы туралы ақпарат шығады.
3. Осы ақпаратпен танысыңыз. Аппаратура қоры (Ресурсы аппаратуры), Компоненттер (Компоненты), Программалық орта (Программная среда) көрсетілуінде қандай ақпараттар берілгенін көріңіз.
V. Сабақты бекіту:
Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?
Процессор дегеніміз не, оның қызметі қандай?
Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз.
Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?
Мониторлардың қандай типтері бар?
Принтерлердің негізгі түрлері қандай? Олардың негізгі ерекшеліктері қандай?
Сыртқы диск жадыларының көлемі қандай?
Қандай ақпаратты тасымалдаушыларды білесіңдер?
Оперативті жад дегеніміз не? Қызметі қандай?
Қазіргі кездегі дербес компьютерлер мен тасымал компьютерлерінің айырмашылықтары қандай?
№1 тапсырма:
Ақпарат тасымалдаушыларды оларды пайдаланатын құрылғымармен сәйкестендіріңіз.
Дискета – /дискжетекке/;
Компак-диск – /CD немесе DVD диск жетектер/;
Флэшка – /USB портқа жалғанады/.
№2 тапсырма:
Ақпаратты флэшкаға көшіріңіз.
Мәтіндік редакторда шағын мәтін теріңіз;
Құжатты сақтаңыз;
Сақталған құжатты флэшкаға көшіріңіз.
№3 тапсырма:
Құжатты қағаз бетіне басып шығарыңыз.
WORD мәтіндік редакторда шағын мәтін теріңіз;
Құжатты меню командалары арқылы баспаға беріңіз;
Құжатты құралдар тақтасы арқылы баспаға беріңіз.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: § 4.1 оқу, компьютерге байланысты сөзжұмбақ құру