Елбасы Н?рс?лтан Назарбаев: «Болаша?та е?бек етіп, ?мір с?ретіндер - б?гінгі мектеп о?ушылары, м??алім оларды ?алай т?рбиелесе ?аза?стан сол де?гейде болады. Сонды?тан ?стаз?а ж?ктелетін міндет ауыр» деген болатын. ?азіргі заман м??алімінен тек ?з п?ніні? тере? білгірі болу емес, тарихи танымды?, педагогикалы?-психологиялы? сауаттылы?, саяси-экономикалы? білімділік ж?не а?паратты? сауаттылы? талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жа?алы??а жаны ??мар, шы?армашылы?пен ж?мыс істеп, о?у мен т?рбие ісіне еніп, о?ыт?ды? жа?а технологиясын шебер ме?герген жан бол?анда ?ана білігі мен білімі жо?ары жетекші т?л?а ретінде ?ла?атты саналады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?азіргі ?о?амда?ы а?паратты?-коммуникативтік технологияларды? р?лі.»
Қазіргі қоғамдағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытүдың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Ақпараттандырудың өсіп - өркендеуінің нәтижесінде біз оны басқа ғылым салаларымен де біртұтас байланыстыра алатын болдық. Атап айтқанда экология және информатика, физика, математика т. б. Дамуға сәйкес келетін компьютерлік моделді жасап, сандық параметрлерді өзгерту арқылы даму болашағын анықтауға болады. Алайда ол болашақтың ісі. Қазіргі кездегі негізгі міндет - ақпараттық қоғамда өмір сүретін қоғам мүшелерін даярлау. Осыған байланысты информатиканы оқытудың мақсаты олардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты технологияларды оқыту мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді қалыптастыру, ақпараттық қоғамда өмір сүру мен еңбек етуге дайындау болып табылады. Оқушының информатика мен есептеуіш техника әлеміне енуінің үш деңгейін атауға болады: ЭЕМ - мен бастапқы танысу, компьютерлік сауаттылық және ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет – ең алдымен ақпаратты өңдеу процестерінің мәнін түсіну, сауатты адам еркін жазып және оны оқи алатындығы сияқты әрқандай есептерді дербес компьютерде жеңіл әрі жылдам шеше алатын деңгейде түсіну. Ақпаратты өңдеу процесінің мәнін түсіну үшін әрқандай ақпаратты дұрыс қабылдау біліктілігі, ақпаратты формалдаудың әрқандай түрлерін пайдалану, түрлі обьектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін математикалық және ақпаратты моделдеуді кеңінен пайдалану, тиімді алгоритмдерді жасау, оларды дербес компьютерде орындау, алынған нәтижелерді талдау, құрастырылған моделдің дұрыстығын тексеру үшін есептеу тәжірибелерін жүргізу қажет. Ақпараттық мәдениет мазмұнының маңызды бір бөлігі электронды техника мен телекоммуникация жүйелеріне негізделген автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалану біліктілігі. Олардың дамуы мен жетілдіруі өндірістің, ғылыми зерттеулердің, білім берудің сипатына қатты әсер етеді. Ақпараттық мәдениеттің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі алгоритмдеу негіздерін меңгеру болып табылады. Атап айтқанда алгоритмді құрастыру принциптері, негізгі алгоритмдік құрылымдар. Болашақ кәсіби қызметте қажет болатын бағдарламалау деңгейі де осы қатардағы мәселе. Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагокикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары оқу орындарында қолданылады. Электрондық оқулық, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі электронды оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесінде қолдану сапалы білім берудің бірден бір құралы болып табылады. Себебі тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Осыған байланысты, оқытудың бұрынғы жүйесін сүйемелдеу бағытында ең тиімді технологияларға мыналарды жатқызуға болады. Презентациялар технологиясы. Бұл технология, жаңа материалды жаңа түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан мұғалімдерге осы матералды дайындауды және қолдануды жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамассыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы- мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Осыларға қоса оқу мекемесінің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдер жұмысын біріктіре отырып, сабақ бере отырып, жаңа технологияларын игеру ісін оқытушыардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады. Үлгерімді тексеру және оқушылар білімін жетілдіру компьютерлік технологияларды осы мақсатта пайдалану біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады, үшіншіден бақылау технологиясына ғылыми технологияларды енгізіп, оны кейіннен де пайдалануға болатындай етіп білім мекемелерінен алынатын білімді стандарттау технологиялары жайлы айтуға негіз бола алады. Бұл процестің негізі мынада – мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Оларды орындау нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы бір айта кететін жайт, сонғы бақылау баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты қалай менгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу мақсатында жүргізіледі. Осындай технология өзінің тиімділігін әрі қызықтылығын көрсетті. Мұндағы негізгі мәселе объективтілік, сенімділік және дұрыстылық талаптарына сай келетін, ғылыми тұрғыдан негізделген компьютерлік тесттер жасау керек екендігі белгілі. Компьютерлік моделдермен жұмыс істеу. Модельдермен жұмыс істеу бір жағынан балаларға таңдау еркіндігін беріп, өз жаңалығын ашу жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін оқу ісінің зерттеу компоненті болады. Екінші жағынан оқушыларға өз теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Модельді пайдаланудағы орындауға тиіс ең басты шарт - ол құралдың оқыту есептеріне сәйкес келуі. Қашықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған, ол сырттай оқу жүйесіне балама, нақтырақ айтқанда, қосымша роль атқарып келеді. Қашықтан оқыту жүйесіндегі негізгі формаларға мыналар енеді: - бекітілген дәрістер, консультациялар; - телеконференциялар; - түрлі деректер қорындағы білім деректерімен тыңдаушылардың жұмыс жасайтын ақпараттық сеанстары; - имитациялық модельдер формасындағы практикалық сабақтар, іскерлік ойындар, жобалар мен рефераттарды қорғау нақтылықтың виртуалдық моделімен білімдер деректерін жасақтау, пікірталастар. Аталған формалар жеке тұлғаның өзіндік білім алуын жүзеге асырады. Жоғарыдағы аталған ұйымдастыру формалары мамандардың өзiндiк бiлiм алуын қамтамасыз ететін даралық, оқыту принципiнiң жоғарғы деңгейiн ұсынады. Қашықтан оқытудың артықшылықтары: - компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді; - телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұқбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальды класс жасау мүмкіндігі туды; - ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Технологияны жүзеге асырушылар білім сапасына байланысты оның көптеген проблемалары бар екендігін айтуда. Компьютерлік класты басқа пәндерді оқытуға пайдаланатын кездер де болып жатады. Ондайда сол пәнді оқытуға компьютерді қалай пайдалануға болатынын және соған керекті технологияны іздейтін сәттер туындайды. Көбінесе мұндай мәселе былай шешіледі: осы пәнге лайық программалар ізделеді де, оның бірен-сараны оқушыларға ұсынылады. Қазіргі кезде негізгі міндет – ақпараттың және экологиялық қоғамда өмір сүретін қоғам мүшелерін даярлау.
Қорыта айтқанда, жоғары да айтылған ойлар информатика ғылымының ілгері ұғымдарымен экологиялық информатикадағы оларға сәйкес ұғымдар өзара сабақтастықта болатындығын дәлелдейді.