kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Калькулятор ба?дарламасы та?ырыбы бойынша саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л са ба? жспарында  калькулятор ба?дарламасы   туралы   жазыл?ан.   Калькуляторды? екі т?рі  ?арапайым ж?не   инжинерлік т?рлері бо латыны,  олармен  ?алай   ж?мыс   істеу  керектігі  жазыл?ан.  саба? жос пары  бесінші клас?а  арнал?анды?тан  б?л  жоспарда  ?арапайым  калькулятор   туралы  айтыл?ан.  сондай-а?  калькуляторды? к?мегімен  арифметикалы? есептерге мысалдар келтіріліп, ол  есептерді калькулятормен ?алай  шы?ару керектігі к?рсетілген. б?л саба?ты? презентациясын презентация б?лімінен таба аласыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Калькулятор1»

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор программасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасымен таныстыру.

Білімділік: Калькулятор программасының міндеттерімен

таныстыру көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс: математика

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үйге тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.


І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Блокнот бағдарламасы қандай бағдарламаға жатады?

  2. Блокнот бағдарламасын не үшін қолданамыз?

  3. Блокнот бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  4. Бұл бағдарламада мәтін жазғанда сөздерді астыға тасымалдау үшін не істейміз?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін Windows-тің «Калькулятор» қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі электрондық калькулятордың жұмысын модельдейбі. Калькуляторды пайдалана отырып есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін Windows-тің басқа программаларына беруге болады. Сонымен қатар Калькулятор қолданбасы комьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: Қарапайым және Инженерлік.




Калькуляторды іске қосу

Калькуляторды іске қосу үшін мына тізбектер орындалады: (Электронды оқулық).

Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор.

Бұл командаларды орындағаннан кейін, экранда қарапайым калькулятордың терезесі пайда болады.













Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.

Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Вид менюінен оның сәйкес типін таңдау арқылы орындалады.

Калькулятормен жұмыс жасау

Бұл калькулятормен жұмыс жасаудың принципі кәдімгі қалта калькуляторымен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту немесе пернетақтадағы сәйкес цифрлы батырмалары басу арқылы орындалады. Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін NumLock пернесін басыңдар. Енгізілген цифрлар индикация өрісінде пайда болады.


Калькулятордың қызметтік (функционалдық) батырмалары.


  • соңғы ендірілген цифрды өшіреді.


  • индикация өрісінде жарықтанған санды өшіреді.


  • Барлық өндірілген ақпараттарды өшіреді.



  • бөлу, көбейту, азайту, қосу амалдары




  • орындалған амалдардың нәтижесін шығарады.


  • квадрат түбірді есептейді.


  • санның процентін табады.


  • Экрандағы санның кері мәнін есептейді .


Қалькуляторды пайдаланып, арифметикалық амалдар орындау мысалдарын қарастырайық:

1. 756 және 849 сандарын қосу.

Ол үшін калькулятордың сәйкес батырмаларында тышқанмен шертіп 756 санын теріңдер. Бұл санды тергеннен кейін «+» батырмасына шертіңдер. Енді екінші 849 санын теріп, «=» батырмасын шертіңдер, сонда индикация өрісінде қосу нәтижесі 1605 санын аламыз.

2. 963 санынан 356 санын алу.

3. 112 санын 67 санына көбейту.

4. 456 санын 3 санына бөлу.

Калькулятордың кейбір нәтижелерін сақтауға арналған ішкі жады бар.



  • жадтағы мәндерді өшіреді.


  • жадтағы мәнді индикаторға көшіреді.


  • Индикатордағы мәнді жадқа жазады.


  • Индикатордағы сандарды жадтағы мәндерге қосады.


Калькулятордың жадын пайдаланып арифметикалық амалдар орындау мысалын қарастырайық.

  1. 8 санын теріп «-» батырмасын шертіңдер, одан кейін 3 санын теріп, «=» батырмасын шертсеңдер индикация өрісінде 5 санын көресіңдер. Енді МС батырмасын шертсеңдер 5 саны жадқа жазылады.

  2. С батырмасын шертіп индикация өрісін тазалаңдар.

  3. 10 санын теріп, «+» батырмасында шертіңдер, содан кейін 5 санын теріп, «+» батырмасын, содан кейін MR батырмасын шеріңдер.

  4. «=» батырмасын шертсеңдер, қосу нәтижесі – 20 шығады.

  5. Егер бұдан соң М+ батырмасын шертсеңдер, онда индикация өрісіндегі сан жадтағы санға қосылады, «=» батырмасын шертіп, 25 санын аласыңдар.




Тапсырмалар:

  1. 37 санының қызықты қасиеті:

37*3=

37*6=

37*9=

37*12=

37*27=


2.

123456789 1=

12345678 21=

1234567 321=

123456 4321=

12345 54321=

1234 654321=

123 7654321=

12 87654321=

1 987654321=













3. Электронды оқулықтағы 6 және 4 тапсырмалар.

4. Жалғыз көзді Дәу жын шайтандар әлемінің өкілдерін туған күнін тойлауға шақырды. Мыстан кемпір Дәудің көңілін өзіне аударғысы келді. Ол сервис орталығына өзіне сәнді киімдер мен Дәуге сыйлыққа тапсырыс берді. Тапсырысы бойынша төлем ведомості келді. Фирма қызметінің ақысын есептегенде қанша болды?


Тауар аты

Бағасы

1

«City man» ер костюмі

150 тг

2

«Былғары империясы» күртешесі

450 тг

3

«Lumix» көйлегі

210 тг

4

«Kimex» аяқ киімі

120 тг

5

«Сәт» қолғабы

40 тг

6

«Акцент фирмасының түлкі терісінен жасалған тоны.

800 тг


Барлығы:

?


Сабақты бекіту:

  1. Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  2. Калькулятордың қандай түрлері бар?

  3. Калькулятордың түрлерін қалай ауыстырып қосады.?

Үйге тапсырма: Оқулықтан § 27, 192-бет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Калькулятор ба?дарламасы та?ырыбы бойынша саба? жоспары

Автор: Калиева Асем Смакановна

Дата: 14.03.2015

Номер свидетельства: 186161


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства