Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Құдыретіңе бас ием!
Құдіретті дана Абай сөз бастаған,
Ойланарлық әр санаға ой тастаған
Қазақ жұртын биіктерге көтеріп,
Елбасым да халық үшін көш бастаған.
Есімі аталған, ақын Абай
Қазақ іші өзіңдей данаға бай
Бес жақсыны үйреттің мына маған
Сол үшін де қарыздармын мәңгі саған
Абай ақын жырлаған талайларды
Бар өмірін жырларымен жағалайды
Бір туса, қайта тумас асыл тұлға
Қазақ халқы асылдарды бағалайды
Жауһазынын махаббатпен баулыған,
Жүректерді өлең-жырмен жаулаған
Өлеңдерін оқысаң мағыналы,
Бар өмірін өлең-жырға арнаған.
Кей әндерің әуен болып қалқыған
Әуеніңе ілесе алмай талпынам
Жүрегіме жақын еді жырларың
Көкірегімде сенің жырың шалқыған.
Өлеңдері өрнек болып тараған
Абай ақын ұмытылмас санадан
Әр өсиет сөздеріңді мен сүйем
Ғажабыңа, құдретіңе Бас ием!
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт