Просмотр содержимого документа
«Қарапайым мәтіндік редактор»
Пәні, сыныбы: Информатика, 5 сынып
Күні:
Сабақ
Сабақтың тақырыбы
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.
Жалпы мақсаты
Мәтіндік редакторды іске қоса алады; мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады; құжаттарды құра және сақтай алады.
Оқу нәтижелері
Мәтіндік редакторды іске қоса алады (барлығы);
Мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады; (барлығы);
Құжаттарды құра және сақтай алады (кейбіреуі).
Сабақ түрі:
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:
ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме
СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары
АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау
ОҮБ: (формативті, сумативті)
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік
тапсырмалар
Көрнекілігі
ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.
Түйінді идеялар
Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин
„Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!“
Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады.Содан кейін қатысушылар, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.
Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылардың қолдарына стикер тарату. Сол стикерлер арқылы топқа бірігу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ қою арқылы
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылармен “Ғажайып алаңы” ойыны арқылы білімімізді тексерейік .
ІІІ. Электронды оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырып
IV. Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырма
Сабақты қорытындылау
Кластер құру
Бағалау
Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ қою арқылы
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылармен “Ғажайып алаңы” ойыны арқылы білімімізді тексерейік .
Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады ?
Растрлық кескіндер неден тұрады?
Paint-ты қалай іске қосамыз?
Палитраның неше түсі бар?
Өшіргіштің қандай режимдері болады?
Жай- күй жолында не беріледі?
Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
Суретті қалай басып шығарамыз?
2. Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар
1
Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы
К
Ақпарат
2
Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ
Д
Жұмыс аймағы
3
Бұл – объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы
Е
Терезе
4
Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан
Р
Интерфейс
5
Адам мен компьютер арасындағы байланыс
А
Сканер
6
Компьютердің миы
О
Пернетақта
7
Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы
Р
PAINT
8
Сурет салуға арналған графикалық редактор
Т
Процессор
Ж/бы
1
2
3
4
5
6
7
8
ІІІ. Электронды оқулықпен жұмыс. Электрондық оқулықтан тақырыпты оқып, түсінгендерін Paint графикалық редакторында суретін салу. 1. Топтық жұмыс
1-топ: Мәтіндік редакторды іске қосу.
2-топ: Мәтіндік редактордың қосымша мүмкіндіктері.
IV. 1. Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырма
1. 1 топ “Менің арманым” тақырыбына шығарма жазу
ІІ топ
“Менің сыныбым” тақырыбына эссе жазу
Сергіту сәті «Көз жаттығулары»
Жаңа сабақты қорытындылау:
Сабақты қорытындылай келе, “Білмегенін сұрап, үйренген ғалым, арланып сұрамаған -өзіне залым” демекші кімде қандай сұрақтар бар?
Бүгін біз не білдік, не үйрендік?
Жаңа сабақты бекіту: Лото ойыны арқылы сабақты бекітемін.
Мәтін элементтері?
Мәтіндік редактор деген не?
Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз?
Мәтіндік редактордың ең кішкентай бірлігі?
Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз?
Бағалау: Қойылған сұрақтарға алынған жауаптар бойынша және тапсырмалардың нәтижелеріне қарай бағалау.
р/с
Оқушының аты-жөні
Үй тапсырмасы
(Ғажайып алаңы ойыны)
Жаңа тақырыпты меңгеру.
Электронды оқулықпен жұмыс
Компьютермен жұмыс
(практикғлық бөлім)
1 тапсырма
Бекіту сұрақтары (Лото ойыны)
Қорытынды баға
Кері байланыс. Стикерлерді толтырып, тақтада ілініп тұрған ватманға жапсырады.
Сабақта ұнағаны
Сабақта ұнамағаны
Сабақта нені өзгерткің келеді
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу және интернеттен қосымша мәліметтер алу.
5-сыныптың информатика оқулығынан WordPad мәтіндік редакторының батырмаларымен танысу және атқаратын міндеттерін жаттау