kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?азіргі заман?ы дербес компьютерлер мен оны? ??рамдас б?ліктері. 8-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока для 8 класса. Тема урока ?азіргі заман?ы дербес компьютерлер мен оны? ??рамдас б?ліктері. В плане урока указаны все виды нынешней информационной технологии, предназначенные для исключительно любых работ. Три вида принтеров, виды внешних носителей и так далее. указаны уровневые практические работы, тестовое задание и контрольные вопросы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?азіргі заман?ы дербес компьютерлер мен оны? ??рамдас б?ліктері. 8-сынып »

Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөліктері


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: дербес компьютердің ерекшеліктерімен, қасиеттерімен, түрлерімен таныстыру. Компьютердің құрылғыларын толық меңгеру, түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген ынта-жігерін, қызығушылығын тудырып, логикалық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың өмірге, білімге деген құштарлықтарын оятып, шыншылдыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, ноуьбук, нетбук, компьютердің құрылғылары, практикалық тапсырмалар, интербелсенді тақта, электрондық оқулық

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:

Практикум жұмыстарын талқылау. Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Формальды және табиғи тілдерде берілетін пікірлерге мысал келтір.

  2. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді?

  3. Санау жүйесі дегеніміз не?

  4. Позициялық санау жүйелерінің негізі неде?

  5. Санау жүйесінің неше позициясы бар?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Біз 7-сыныпта дербес компьютерлердің құрылымдары және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді дербес компьютердің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.

Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.

ДК-дің тізіміне мыналар жатады:

  1. Жүйелік блок

  2. Монитор

  3. Пернетақта

Компьютердің маңызды элементтерінің бірі – монитор (дисплей).

Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.

Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш, лазерлік. Олардың ішіндегі ең қарапайымы және сапалысы – лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.

Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды дербес компьютерлер. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен, оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы – оның микропроцесоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.

Қалта компьютерлер, оны жиі сандық көмекші деп атайды. Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлері дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін, мекен-жайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады. Қалта компьютерде пернетақтаның орнына сенсорлық экран жабдықталған, оны саусақпен немесе арнайы қарандашымен басқаруға болады.

Планшеттік дербес компьютерлер – тасымал және қалта компьютерлерінің қасиеттерін жинақтаған.

Компьютердің процессоры. Компьютердің басты элементі оның «миы» немесе процессор болып табылады. Процессор дегеніміз – корпусқа орнатылған, өлшемі бірнеше квадрат миллиметр болатын электрондық схема.

Процессор құрамына мыналар кіреді:

  • Басқару құрылғысы – компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады;

  • Арифметикалық-логикалық құрылғы – мәліметтерді өңдеуге арналған.

Процессор жадысының регистрлері – бұл процессордың ішіндегі жады ұяшығы.

Компьютердің жадысы. Жедел жады – бұл өзгеретін ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. Бұл компьютердің жұмыс жадысының көлемін бір мезгілде орындалатын программалардың саны мен өлшемін анықтайды.

Қатқыл дискілер – бұл ЭЕМ-ында ақпараттарды, программаны және мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы.

Жұмсақ магнитті дискілердегі ақпарат тасымалдаушылар. Компьютерде жұмыс істеу барысында сыртқы жады ретінде иілгіш дискі немесе дискета кеңінен қолданылады.

Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады. Кеңінен қолданылып жүрген дискеталарда жады көлемі 1,4 Мб-ты құрайды.

Компакт дискі. CD-R/RW, DVD-R/RW – алтын түсті, (R – жазатын, RW – қайта жазу) болып келеді. CD-R, DVD-R-ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады.

Флэш – жады – бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. Ол қазіргі заманғы компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB порты арқылы қосылады. Флэш жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленеді, яғни, энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады.

IV. Жаңа сабақты бекітуге арналған практикалық тапсырмалар:

1 – тапсырма: Дербес компьютердің негізгі құрылғылар тізімін ретімен жазып шығыңдар.

2 – тапсырма: Компьютердің құраушы бөліктерін (компоненттерден) қызметіне қарай бөліп көрсетіңдер:

Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғысы

Сыртқы жинақтаушылар













3 - тапсырма: Кестедегі термин мен пікірдің сәйкестігін тауып, кестені толтырыңдар.

Термин

Жауап нұсқасы

Мағынасы

1

Оперативті жад

А

Компьютерлер жұмысын басқару және ақпаратты өңдеуге арналған құрал

2

Шина

Б

Ақпаратты қағаз бетіне бейнелеу құралы

3

Принтер

В

Ақпаратты уақытша сақтау құралы

4

Процессор

Г

ДК-дегі құралдан екіншіге мәліметтер мен сигналдарды жіберуді қамтамасыз ететін электрлік біріктіру желісі

Жауабы

1

2

3

4







4-тапсырма: Төмендегі сұрақтауға жауап беріңдер:

  1. ДК-дің пернетақтасы не үшін қолданылады?

  2. ДК-дің мониторы не үшін қолданылады?

  3. ДК-дің жүйелік блогы не үшін қолданылады?

  4. ДК-дің жедел жадысы не үшін қолданылады?

  5. ДК-дің енгізу-шығару құрылғыларын атап шығыңдар.

V. Сабақты қорытындылау сұрақтары:

1. Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?

2. Процессор дегеніміз не?

3. Процессордың негізгі құрылғыларын атаңыз.

4. Қазіргі компьютерлердің жұмыс сітеу жылдамдығы қандай?

5. Монитордың қандай типтері бар?

6. Принтерлердің негізгі түрлері қандай? Олардың негізгі ерекшеліктері қандай?

VI. Үйге тапсырма беру. Өтілген тақырыпқа байланысты реферат жазып келу.

VII. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты тиісті бағаларын қою.

  • Осымен сабақ аяқталды, Сау болыңдар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?азіргі заман?ы дербес компьютерлер мен оны? ??рамдас б?ліктері. 8-сынып

Автор: Каримова Самал Елмуратовна

Дата: 20.11.2014

Номер свидетельства: 133194


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства