Пән:Информатика,сынып: 8«А» сынып.
Мұғалімі:Суимбекова Зибагул Абикеновна.
| Сабақтың тақырыбы: | Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. |
| Сілтеме | Оқулық Информатика 8-сынып,интернеттен алынған қосымша м материал. |
| Мақсаты: | А)оқушыларға қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі жайлы және компьютердің қосымша құрылғыларының міндеттерімен таныстыру. Б)қазігі компьютерлік техниканың даму үрдісінде компьютерді қолдану дағдысын дамыту. В)Топпен бірлесе отырып жұмысістеуге тәрбиелеу. |
| Сабақтың түрі: | Аралас сабақ |
| Әдіс-тәсілдер: | Диалог,топтық жұмыс,сын тұрғысынан ойлау, әдісі,түртіп алу стратегиясы,Блум таксономиясы,талдау,қорыту,критерийлер бойынша бағалау. |
| Сабақтың барысы: |
| Ι.Ұйымдастыру | -Оқушылармен сәлемдесу;-Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру; -Жағымды психологиялық ахуал туғызу;(Бір-біріне жақсы тілек айту) - Оқушыларды топқа бөлу(компьютер құрылғысының суреттері бойынша),топ ережесін құру; |
| ΙΙ.Үй тапсырмасын тексеру. | 1.Логика дегеніміз не? 2.Пікір дегеіміз не? 3.Қандай пікірлер жалпы деп аталады? |
| ΙΙΙ.Ой қозғау. СТО стратегиясы. | Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару, Ы.Алтынсариннің«Өнер-білім бар жұрттар»өлеңін бір оқушыға оқытып өздеріне талдау жасату және сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа тақырыппен байланыстыру. |
| Топтық жұмыс Постер қорғау. | Топтар салыстыру жасайды 19 ғасырдағы кезең мен қазіргі ақпараттану,яғни компьютерлік сауаттылық. Т.с.с |
| Сергіту сәті. 1мин. | |
| Білу теориясы «INSERT»түртіп алу стратегиясы | Оқушылар күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып, керек-ті деген мағұлматты дәптерлеріне түртіп алады. |
| Білу теориясы | Қызығушылықты ояту.Осы тақырыпты білуіміз үшін нені меңгеруіміз керек? |
| Жеке жұмыс: «Блум таксоно-миясы» | 1.Білу:Компьютер,ДК сөзінің мағынасы нені білдіреді? 2.Қазіргі заманғы ДК түрлері және қолданылуы. 3.Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары 4.Қорытынды жасауға үйренеді. |
| Тренинг«Арқаға сурет салу.» | Топ ішінде ынтымақтастық орнату.бір-бірін түсіну қанша-лықты маңызды екенін түсіндіру. |
| Қорытынды. | Бес қадам басу арқылы сабақтан алған білімдерін жинақтау. |
| Бағалау. | Критерийлер бойынша бағалау. | Оқушының аты-жөні: ________________________ | Мүмкін ұпайлар саны | | Топта өзіме жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындадым | 7 ұпай | | Топта тапсырманы бар ынтаммен жасадым | 6 ұпай | | Топ мүшелерін ұйымдастырдым және оларға тапсырманы орындауда көмек көрсеттім | 5 ұпай | | Өзгелерді мұқият тыңдадым | 4 ұпай | | Дәлелді ойлар ұсындым | 3 ұпай | | Талқылауға қатыстым | 3 ұпай | | Топтың өзге оқушыларының ойын толықтырып отырдым | 2 ұпай | | Барлығы: | 30 ұпай | |
| Үйге тапсырма | §5.1,51-59 беттер.Болашақтағы компьютерлер эссе жазып келу. |
| Рефлексия. | Кері байланыс.Стикерлер арқылы өз ойларын,көңіл күйлерін білдіу. |