Веб-портал (ағылш. Web portal немесе ағылш. Portal, «басты кiру») – бұл тікелей өзара байланыстырылған және «Интернеттік» желі арқылы орындалатын аппараттық орта жиынтығы.
Internet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Бұндай жағдайда миллиардтаған веб-беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық-іздеу порталдары көмекке келеді. Ақпараттық-іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфигурациялар кездесетін қор көздерінің мекен жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпаратты: ауа райы мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, валюта бағамдарын, сілтемелерді және т.б. таба аласыз.
Internet-те алуан түрлі ақпараттық-іздеу порталдары бар. Недәуір кең тарағандары: Google (www.google.com және www.google.kz), Yandex (www.yandex.ru), Rambler (www.rambler.ru). Іздеу порталдарының бәрінде Іздеу батырмасы бар Кілттік сөздерді енгізуге арналған өріс, жаңалықтар таспасы, тақырыптар бойынша сайттар каталогы, іздеу қызметі болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
бағалау парақшасы,жетон (теңге арқылы), флипчарт, маркер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (3 мин)
Көңіл-күй симфониясы
Студенттер шаттық шеңберін жасап, бір – бірінің қолдарынан ұстап ауа райына байланысты көңіл күйлерін білдіреді.
Топқа бөлу
Санау жүйесіне сәйкес студенттер алдыңғы сабақта топқа бөлінді. Әр топтан топ басшы топ мүшелерінің келісімімен тағайындалады. Топ басшы қарсы топтың мүшелерін (I топ II топ, II топ III топ, III топ I топ ) жетон (теңге арқылы бағалау) арқылы бағалап, бағалау қағазын толтырып отырады.
Бағалау критерийлері:
«3» - 200 теңге
«4» - 500 теңге
«5» - 1000 теңге
(500 – 900 теңге жинағандар «3», 1000-1200 теңге жинағандар – «4», 1300-2000 теңге жинағандар –«5» бағаларымен бағаланады)
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту
Шығармашылық жұмыс
Мағынаны ажырату
- «Жигсо» әдісі
Ой толғаныс
«9 ромб» әдісі
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
«Фишбоун» әдісі
Мұндағы
1 - бөлім бойынша студенттердің өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау;
2 - бөлім бойынша жаңа ақпаратпен танысу;
3 - бөлім бойынша жаңа өтілген тақырып бойынша студенттердің жаңа үйренген білімді меңгергенін анықтау.
II. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
Шығармашылық жұмыс
Әр топтың үйден дайындап келген тапсырмаларын қалған топтар орындайды.
Өтілген сабаққа қорытынды: Компьютерлік желі, Интернет туралы ұғымдармен таныстық. Енді Интернет желісінде ақпаратты іздеу серверлері мен сайттармен танысатын боламыз.
III. Жаңа сабақ (15 мин)
«Жигсо» әдісі («Үйрете отырып, үйренемін» қағидасымен өзі оқи отырып, өзгені оқытады)
Веб-портал (ағылш. Web portal немесе ағылш. Portal, «басты кiру») – бұл тікелей өзара байланыстырылған және «Интернеттік» желі арқылы орындалатын аппараттық орта жиынтығы.
Internet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Бұндай жағдайда миллиардтаған веб-беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық-іздеу порталдары көмекке келеді. Ақпараттық-іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфигурациялар кездесетін қор көздерінің мекен жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпаратты: ауа райы мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, валюта бағамдарын, сілтемелерді және т.б. таба аласыз.
Internet-те алуан түрлі ақпараттық-іздеу порталдары бар. Недәуір кең тарағандары: Google (www.google.com және www.google.kz), Yandex (www.yandex.ru), Rambler (www.rambler.ru). Іздеу порталдарының бәрінде Іздеу батырмасы бар Кілттік сөздерді енгізуге арналған өріс, жаңалықтар таспасы, тақырыптар бойынша сайттар каталогы, іздеу қызметі болады.
http:\\www.google.com – GOOGL ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
http:\\www.yahoo.com – Yahoo – тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
http:\\www.aport.ru – Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
http:\\www.yandex.ru – Яндекс – ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
http:\\www.rambler.ru – Rambler – іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
Сайт (ағыл. website: web - "шырмауық, желі" және site - "орын", шын мәнінде "желідегі бір орын") - белгілі бір адамның немесе компанияның электронды құжаттарының белгілі бір адрес (домен) бойынша жиналған орны. Барлық сайттар қосыла келе дүниежүзілік шырмауықты біріктіреді. Сол дүние жүзілік шырмауық (World Wide Web немесе жәй ғана www) дүниежүзіндегі барлық ақпараттарды бір орынға, базаға жинайды және сол база бүкіл планетааралық түрде қолдануға беріледі.
Сайттың түрлері:
1. Сайт-визитка; 4-5 парақтан тұратын қарапайым сайт. Компания туралы, көрсететін қызметі, өнімдер каталогы, прайс, контакт ақпараты туралы парақтары бар. Тексттік, графикалық, видео мәліметтерден құрылуы мүмкін. Әдетте, дерек базасымен байланыспайды. Мысалы, uart.kz полиграфияның визиткалық сайты. 2. Корпоративтік-ақпараттық сайт; Бұл сайт интранет түрінде кездеседі. Интранет — мекеме ішіндегі желілік байланыс арқылы ғана ашылатын сайт. Мәселен, компания ішінде, оқу орындарында студенттер тапсырма алу үшін, құжат алмасу, есеп, аналитика жүргізу, бағалау, өзара байланысу, тест тапсыру үшін, тапсырмаларын электронды түрде орындау және басқа да операцияларды орындау мақсатында қолданылатын сайт. 3. Корпоративтік-имидждік сайт; Бұл визиттік сайтқа ұқсас. Тек, үнемі жаңарып отыратын компанияның жаңалықтар тізімі жарияланып отырады, қолданушылар тіркеліп, жазыла алады. 4. Интернет-дүкен; Бұл Сізге атауынан түсінікті деген ойдамын. Қызмет, тауар түрлерінің жарнамасы, сипаттамасы, суреттік, видеолық демонстрациясы қолданушыға таныстырылып, арнайы электронды ақша, төлем карточкалары арқылы сатып алу жүйесімен жабдықталған сайт. 5. Ақпараттық сайт; Елімізде танымал жаңалық тарату сайттары мен телеарналардың ресми сайттарын жатқыза аламыз. 6. Ойын порталы; Түрлі компьютерлік ойындар. Интернет арқылы Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, ойын ойнауға болатын ареналар. Ол сайттарында түрлік топтарға қосылып, ойын барысында өз ақшаңызға виртуалды қару жарақ-сатып алуға болатын мүмкіндіктер де кездеседі. 7. Жеке жоба; Қандай-да бір жобаны таныстыратын немесе, қандай-да бір жобаға қатысты түрлі тақырыптағы сайт. 8. Контент-жоба; Бұл сайт ақпараттық сайттарға ұқсайды, тек бұл сайттың жеке журналисттері, сайтқа қызмет ететін арнайы адамдары болмағандықтан, түрлі сайттардан ақпарат көшіріп алып өздеріне орналастырып жариялайтын сайт. Көбіне, сайт оқырманын көбейту үшін, осы жол арқылы жарнама агенттерінің көзіне түсу үшін немесе басқа да себептермен жұмыс жасайтын сайттар. 9. Промо-сайт; Қандай-да бір өнім, қызмет, акцияларды жылдам халыққа жеткізетін жарнамалық сайт. Оған лендинг парақты да жатқыза аламыз. Тағы мысалы, жақында Қазнет Дода 2013 сайысына қатысқан «Шал» фильмінің промо сайты: 10. Форум, сұрақ-жауап, чат; Бұл типтегі сайттар, жылдам ақпарат алмасу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Орта есеппен, жалпы форумда сағатына бірнеше жауап, сұрақ-жауап сайтында минутына бірнеше жауап, чатта секундына бірнеше жауаптар кетіп жатуы мүмкін. 11. Блог, блогплатформа; Блог сайттар, көбінесе еркін тақырыптағы әуесқой журналисттер, арнайы мамандар мен қарапайым қолданушылар өз мақалалаларын жариялайтын сайт түрі. Бұлар жекелеген авторлардың блогы және бірнеше блогтың қосылуынан туындайтын блогплатформалардан тұрады.
Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері
http:\\www.site.kz - "Весь WWW-Казахстан" – Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://tabu.nursat.kz – TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://akolya.hypermart.net - қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://akorda.kz - елбасымыздың ресми сайты.
Мұғалімдерге арналған сайттар:
Sabaq.kz
Infourok.ru
Kopilka,ru
Tarbie.org
Ustazim.kz
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
Интернет-қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ)
қосымша://қосымша.мекеме.домен
Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары
gov - үкіметтік
org- үкіметтен ,коммерциядан тыс
edu - білім
com -коммерциялық
mil - әскери
net - желілік
Мысалдар:
http://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы)
http://www.cnn.com (CNN Компаниясы)
Ұйымдықтиiстiлiгi бойыншадомендератаулары
Қосымша ( 2000 ж. қараша айынан, International Corporation for Assigned Names and Numbers)
museum - музейлер
name - жекеесімдер
aero - авиакомпании
coop - бірлескен, коммерциялық
biz - бизнес
info - ақпараттық
pro - кәсіпқой
Аймактық белгiсi бойынша домендер атауы
uk - Великобритания
us - США
ru - Россия
se - Швейцария
kz - Казахстан
de - Германия
ua - Украина
fr - Франция
Мысалдар:
http://www.lme.uk (Лондонның металдар биржасы)
http://www.ukg.kz (Рейтинг, Усть- Каменогорск)
Internet Explorer (Microsoft фирмасы жасаған) және Netscape Netscape (Netscape Communications Corp. фирмасының) браузері ең танымал. Web- браузерлер WWW – дан басқа Интернеттің басқа ресурстарында да (USENET телеконференциялары, FTR файлдық архивтері және т.б. ) қатынасуға мүмкіндік береді.
IV Жаңа сабақты бекіту (13 мин)
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында студенттер келесі тапсырмаларды орындайды:
«9 ромб» әдісі (постермен жұмыс және қорғау)
Әр топ мүшелері постер жасап қорғайды (Постер жасау кезінде тақырыпқа қатысты түйінді сөздер беріледі. Сөздерді үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей.)
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Тәжірибелік жұмысты жасау үшін топ мүшелері жұптасады. Ол үшін топ басшысы мақал – мәтелді бастайды, жалғасын тапқан тобындағы мүшемен жұптасады.
Тапсырмалар:
Елбасының ресми сайтына (akorda.kz) кіріп, мемлекеттік гимнді жүктеп алыңыз және Power Point бағдарламасына орналастырыңыз
Sabaq.kz сайтынан информатика пәнінен сабақ жоспарын іздеп, Power Point бағдарламасына алған сабақтан панорамалық сабақ дайындаңыз
Download master утилитті бағдарлама көмегімен сергіту сәтіне бейне баян іздеп, жүктеп алыңыз
Интернеттен сурет арқылы ақпарат іздеу әдісін бейне баян көмегімен орындаңыз
«Фишбоун» әдісі
П
Қорытынды
роблема
Рефлексия (Кері байланыс).
Студенттер бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтада ілініп тұрған тиісті суреттерге жапсырады.
Қоржын (білімімді толықтырдым)
Ет тартқыш (әлі де үйрену керекпін)
Себет (түсінбедім)
V.Бағалау (2 мин)
Топ басшылары бағалау парағы бойынша студенттердің жинаған ұпайларын қосып, бағалау критерийіне сәйкес студенттердің бағасын және қай топтың жеңіске жеткенін анықтайды.
VI.Үй тапсырмасы (2 мин)
Тапсырма студенттердің деңгейіне қарай беріледі:
1 – деңгей. Өтілген тақырыптардан Power Point бағдарламасында тест құрастырып келу.
Оқып келу;
2 - деңгей. Бүгінгі тақырыпқа сәйкес Prezi бағдарламасында дидактикалық материал
дайындау;
3 – деңгей. Сабақ жоспарын тегін сайттарға жүктеу
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Н.Т.Ермеков «Информатика элементтері», Астана, 2007 ж.
Н.Т.Ермеков «Ақпараттық технологиялар», Астана, 2007 ж.
Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік құрал», Алматы, 2006 ж.